Сабақ тақырыбы Имандылыққа жат ұғым Сабақ барысы Сабақтың мақсаты



бет3/3
Дата03.11.2022
өлшемі121 Kb.
#156362
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Адам өмірі
11 сынып биология бжб, инфекционка асем шыгаруга
Сабақтың мақсаты

Аналар мерекесіне орай аналар, ұстаздар мен қыздарға құрмет көрсету,қазақ қыздарына тән адамгершілік пен эстетикалық рухта тәрбие бере отырып инабаттылыққа, парасаттылыққа баулу, мейірімділік пен қайырымдылықты саналарына сіңіруге жағадай жасау.

Сабақтың көрнекіліктері

Плакаттар, слайд

Тәрбие сағатының барысы



Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр. Алайда «Ананың көңілі-балада , баланың көңілі -далада» демекші , өзінің перзенттік борышын ұмытқан, сөйтіп ата-анасын сыйламайтын адамдарды да өмірден кездестіруге болады. Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Анасы жоқ балалар да аз емес. Олар ананың мейірімін, аялағанын ешқашан сезген емес. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші достар!
Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі бұл.
Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды
Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды
Қуандым ба, өзің бар деп қуандым,
Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды.
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым.
Қош келдіңіздер, құрметті аналар, біздің мектептің ұстаздар, қыздары!
8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
Ер жеткізіп елге берген баласын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың!
Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме, анашым,-дей отырып , 2 а сынып оқушыларының дайындаған «Ана – өмірдің ажары » атты тәрбие сағатымызды 8 –наурыз халықаралық әйелдер күніне орай аяулы аналарымыз бен ару қыздарымызға арналады.
Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Ән жолдайтын апалардың баласы бар.
Оқушылар тақпақтары мен әндерін айтады.
«Аналар адамды бесіктен бастап баулиды,өмірдің ірге тасы солардың қолымен қаланады» деген сөз бар.
Аналар қалқып балқып аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Бүгінгі кешіміз аяқталды,
Гүл бітсің бәріңіздің қадамыңа, - дей отырып бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет