Ашық сабақ тақырыбы: Иррационал теңдеулерді шешу
Сабақтың түрі: Қайталау сабақ
Оқыту әдістері: түсіндіру, тақтамен жұмыс, топтық жұмыс
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: жаңа тақырыпты толық меңгертіп, әр түрлі деңгейдегі иррационал теңдеулерді шешу арқылы білім, білік дағдыларын дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: топпен жұмыс істей білуге дағдылануы, жауапкершілік сезімін және өз-өзіне сенімін бекіте түсу, өзіндік ойлау белсенділігі мен танымдық қызығушылығын дамыту, білім дағдыларын жинақтау, деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту.
Тәрбиелік: өзара сыйластыққа, бірін бірі тыңдай білуге тәрбиелеу, орндалатын жұмыстар арқылы еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, ұжымдық қарым қатынасқа, сабақ үстіндегі белсенділіктерні арттыруға және өзіне-өзі сын көзбен қарай білуге дағдыландыру
Пәнаралық байланыс: экономика
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, слайдтар, үлестірме қағаздар
Сабақтың құрылымы:
І Ұйымдастыру
Оқушылармен сәлемдесіп, түгелдеп, кластын сабаққа дайындығын тексеру.Оқушыларға сабақтың тақырыбын айтып, мақсатын айқындап, айтып кету.
ІІ Тексеріс. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
№112, 113 есептер
№112
№113
1) .
2)
3)
4)
ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі
Анықтама. Иррационал теңдеу деп айнымалысы түбір таңбасының ішінде, сонымен қатар бөлшек көрсеткішті дәреженің негізі болатын теңдеуді айтамыз.
Иррационал теңдеулерге мысалдар:
Иррационал теңдеулерді шығару кезінде түбір таңбасының ішіндегі айнымалының мүмкін болатын мәндер жиынын анықтау керек.
Иррационал теңдеулерді шешудің жалпы әдісі:
Егер иррационал теңдеуде бір ғана түбір белгісі болса, онда түбір белгісін теңдеудің бір жақ бөлігіне қалдырып, екі жақ бөлігін де бірдей дәрежеге шығарамыз.
Егер иррационал теңдеуде екі немесе одан да көп тұбір белгісі болса, алдымен түбірдің біреуін теңдеудің бір жақ бөлігіне қалдырып, теңдеудің екі жақ бөлігін бірдей дәрежеге шығарамыз. Содан кейін рационал теңдеу алынғанша осы тәсілді қайталаймыз.
Иррационал теңдеудің екі жақ бөлігін бірдей дәрежеге шығарған кезде шыққан теңдеу, жалпы жағдайда, бастапқы теңдеуге мәндес болмайды. Сондықтан табылған түбірлерді міндетті түрде тексеру қажет.
Тексеру – иррационал теңдеуді шешудің құрамдас бөлігі.
Егер табылған түбір, берілген теңдеуді қанағаттандырмаса, ондай түбірді – бөгде түбірлер деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |