Негізгі бөлім
|
1-топ. «Иса» тобы.
Де Боненің «Ойлаудың алты қалпағы» әдісі бойынша топ мүшелері өздері қалаған қалпақты таңдап алады. Қалпақтардың түсіне сәйкес «Құралай сұлу» поэмасын талқылайды.
Ақ – фактілер, орташа объективті ақпарат әңгіме бойынша. Оқушының поэма бойынша позитивті көзқарасы.
Қара – сыни аналитик, логикалық негатив. Оқушының поэма бойынша өзінің сыни пікірін тыңдау.
Қызыл – эмоциялар мен болжамдар. Поэма мазмұнын оқып отырғандағы оқушының алған әсері мен болжамы тыңдалады.
Сары – шуақты оптимизм, логикалық позитив. Поэма мазмұны бойынша оқушының оптимистік пікірі.
Жасыл - шығармашылық өсу. Поэма мазмұнын өзінше өзгертіп аяқтап жазу.
Көк – керемет. Ұйымдастырушылық шолу. Шешім. Топ мүшелерін бағалайды.
Бағалау өлшемдері.
Ақ қалпақ Поэмадағы нақты деректер толық айтылды – 5 балл. Поэмадағы нақты деректер толық айтылған жоқ – 3 балл. Поэмадағы нақты деректер жартылай ішінара айтылды – 2 балл. Қара қалпақ Поэмадағы жағымсыз оқиғаларды толық өз ойымен жеткізді – 5 балл. Поэмадағы жағымсыз оқиғаларды толық өз ойымен жеткізуде қиналды – 3 балл. Поэмадағы жағымсыз оқиғаларды толық жеткізе алмады – 2 балл. Поэманың жазу тілінде көне сөздердің бар екенін айтты – 1 балл. Сары қалпақ Поэмадағы қызықты оқиғаларды толық өз ойымен жеткізді – 5 балл. Поэмадағы қызықты оқиғаларды өз ойымен жеткізуде қиналды – 3 балл. Поэмадағы қызықты оқиғаларды толық жеткізе аламды – 2 балл. Қызыл қалпақ Поэманы оқығанда эмоциясы мен өзіндік болжамын еркін жеткізді – 5 балл. Поэманы оқығанда эмоциясы мен өзіндік болжамын толық жеткізе алмады – 3 балл.
Поэманы оқығанда эмоциясын жеткізе алдыі, болжамын айта алмады – 2 балл. Жасыл қалпақ Поэма мазмұнын толық көркем стилімен жаңаша аяқтап жаза алды – 5 балл. Поэманы жаңаша аяқтап жеткізе алмады – 3 балл. Поэманы көркем сөз оралымдарымен жеткізе алмады – 2 балл. Көк қалпақ
Ұйымдастырушылық шолу жасай білді, нақты бағасын берді – 5 балл.
Ұйымдастырушылық шолу жасай білді, нақты бағасын бере алмады - 3 балл.
Ұйымдастырушылық шолу жасай алмады, нақты бағасын берді – 2 балл.
2-топ. «Монтай би» тобы
Талдау – табыс кілті. Поэманың сюжеттік-композициялық құрылымына сатылай кешенді талдау технологиясы бойынша поэмаға әдеби-теориялық талдау жасау.
1. Авторы – Иса Байзақов.
2. Тақырыбы – елін, туған жерін қорғау жолындағы патриотизм.
3. Идеясы – «Ақтабан шұбырынды» заманындағы қазақ халқының тұрмысы шынайы суреттелген, ел бірлігі, патриотизм идеясы көтерілген. Ананың балаға деген махаббаты және екі жас арасындағы сүйіспеншілік сезімі жырланады.
4. Эпикалық жанр түрі – поэма.
5. Шығарманың композициялық құрылысы.
5.1. Оқиғаның басталуы – Елге сыйлы Ойбас Қыпшақ Монтай би.
5.2. Оқиғаның байланысуы – Ас беру, Монтай бидің қайғыдан серпіліп өнегелі сөз айтуы.
5.3. Оқиғаның дамуы – Монтайдың Келден баймен кездесуі.
5.4. Оқиғаның шиеленісуі – Келден байдың жан баласына ашпаған сырын ашуы.
5.5 Оқиғаның шарықтау шегі – Қалмақтың Сейқын ханының қызы Құралаймен кездесуі.
5.6. Шешімі – Келден батырдың Құралайдан айрылуы.
6. Әдеби-теориялық ұғымдар: Троп пен фигура.
Теңеулер – құлыншақтай, қардай, күмістей, хандай, сеңдей соғылысты, құстай ұшып, баладай, өліктей, түйген жібек секілді түйме басы, аузындай, жамбыдай, қырандай, қойдай, қоян алған бүркіттей, құйындай.
Эпитет – көк найза, құндыз шаш, бота көзді, алтын анам.
Портрет. Монтай бидің портреті
Қабақты қараторы, ұзын бойлы,
Кірпікті, бурыл сақал, терең ойлы...
Бұрылып үлкен мұрын, ойлы түспен,
Халқына бір жағалап, қарап қойды.
Келден бай портреті
Күмістей ақ сақалды, қартқа басқан,
Жас мөлшері сексеннен еркін асқан,
Жамылған торы тоны сүйретіліп,
Келден тұр үй сыртында қозғалмастан.
Сүйеніп таяғын шырқ айналып,
Алысқа жағалатып көзін салып.
Құралайдың портреті.
Кәмшат бөрік шашақты және үкілі,
Төгілген қара мақпал, құндыз шашы
Кең маңдайлы, қыр мұрын, бота көзді
Екі бет уылжып тұр қаны тамып,
Ақ жүзінде өмірдің шамы жанып.
Білегі аппақ арай, ақ жамбыдай.
Үстінде қызыл торғын, жеңді шапан,
Шырмауыт жиегіне кесте салған.
Көк көйлек, омырауында алтын алқа.
Кейіптеу – 1. От шашып қызыл жібек маңдайына,
Нұр төгіп көкжиектің маңдайына,
Түсіріп шымылдығын бір заманда,
Күн сұлу кіріп кетті сарайына.
Фигуралар
Көркем сөздердегі дыбыс таңдау. Дыбыс қайталаушылық.
Аллитерация –
Қуантып етек тартар жоқ баласы.
Қайғысыз күн өткізер жоқ шарасы.
Түрленіп (инверсия) өң мен түстің арасындай,
Таң туып келе жатыр сан құбылып.
Ассонанс
Ер туса, елден тумақ, елді тіле,
Елсізден ер тумақ па, білмеймісің?
Ер туып, жоқ елді бар қыла алмайды,
Ел болса, ер туғызбай тұра алмайды.
Тәрбиелік мәні - ...
Бағалау өлшемдері...
Поэманың қомпозициялық құрылымына сатылай кешенді талдау.
Поэманың композициялық құрылымын толық талдады – 5 балл. Поэманың композициялық құрылымын шатыстырды – 3 балл. Поэмадан теңеу мен эпитетті, кейіптеуді толық тапты – 5 балл. Поэмадан теңеу мен эпитетті толық таба алмады, кейіптеуді тапты – 4 балл. Поэмадан аллитерация мен ассонансты, портретті толық тапты – 5 балл. Поэманың тәрбиелік мәнін толық ашып айтты – 5 балл. Поэманың тәрбиелік мәнін толық ашып айта алмады – 3 балл.
3-топ. «Әдеби үйірме» стратегиясы.
Баяндап беруші – оқушы өз көзқарасы тұрғысынан оқиға мазмұнын дайындайды, баяндайды.
Зерттеуші – Келден мен Құралай сұлудың, Монтай бидің мінезін немесе басты оқиғаны сипаттайды. Жаңа сөздердің мәнін ашады. Келден – Шу бойын мекендеген, он сегіз ұлы бар бай. Жас кезінде Құралай сұлуға ғашық болған. 13 жасында қалмақтың жортушысын аңдимын деп атқа қонған. Отбасында 3 ұл, 1 қыз болған. Келден - ең кенжесі. Қалмақтарға қарсы шайқаста атына оқ тиіп, тұтқынға түседі. 5 жыл тұтқында болып, қорлық көреді. Қалмақтың құл-құтаны бетіне күйе жағып мазақ етеді. Көшкенде нарға теңдеп, салбыратып тірі өліктей қор қылып сүйретеді. Қалмақ ханы Сейқынға «Қалмаққа жау болмаймын» деп ант бермегені үшін қараңғы үңгірге қамалады. Тұтқыннан Құралай сұлу босатып алады. Осы оқиғалардан Келденнің елі үшін жанын қиятын ержүрек, Отанын сатпайтын батыр деп айтуға болады.
Құралай сұлу – намысшыл, ана аманатын орындауда басын қатерге тіккен, әкесі қалмақ болса да, анасы айтқан қазақтың дәстүрін берік ұстаған, басын қатерге тіккен қайсар қыз. Сүйген жарына адал, мөлдір махаббаттың иесі, анасының аманатын орындаған батыл қыз.
Поэмадағы көнерген сөздер.
Зырылдауық – малшылар мен бақташылар мал қайыру үшін ағаштан жасалған құрал.
Бақан – киіз үй тіккенде шаңырақ көтеруге, үзіктер мен түндікті көтеріп жабуға пайдаланылатын ұзын сырық.
Қотан - мал түнейтін орын, қора.
Көген – қой, қозы-лақтарды мойындарынан тізбектеп, желі арқанға қатарлап байлайтын бір ұшы ілмекті, бір ұшы түйілген жіптер тізбегі.
Керме – үй жанындағы мама ағаштардың арасына керіп байланған арқан.
Туырлық – киіз үй іргесінен уықтың орта беліне дейінгі жерді жауып тұратын киіз.
Бедеудің сағағынан оқ сарт етті – жылқының сағалдырық тұратын тамағының астыңғы жағы.
Тұлып – мал мен аң терісінен тігілген сырт киім.
Күйе жағу – босқа күйдірді, қорлады.
Кебіс – мәсінің сыртынан киетін былғарыдан тігілген аяқкиім.
Сұрақтар құрастырушы – поэма мазмұны бойынша сұрақтар дайындайды.
Сілтемелер табушы – поэма тақырыбын, руханилығын ашатын тұсын немесе белгілі афоризмдер мен мақал-мәтелдер табады. Қасқырға сыртын тосқан болды қойдай. Жауыңа пенде болма. Жұртыма көзің көрсе сәлем айт. Өмір сүріп, өркендеп, ұрпақ өсір.
Бейнелеуші-суретші – поэмадағы кейіпкерді немесе оқиғаны ауызша суреттейді.
Монтай би – қалың қабақты, қараторы, ұзын бойлы, кірпігі ұзын, бурыл сақалы бар, жасы 74 келген Қыпшақ руының Ойбасынан шыққан, Оңтүстік Қамсақтының жағасын мекендеген Есім ханның билік еткен тұсында өмір сүрген би шешен.
Келден бай – Шудың бойында мекендеген, 18 ұлы бар, жасы сексенге келген күмістей ақ сақалды, үстіне торғын тон киген, қолында таяғы бар қария. Жас кезінде қалмаққа қарсы соғыста елін қорғаған.
Құралай сұлу – кең маңдайлы, қыр мұрынды, бота көзді, мақпалдай құндыз шашты, ақ жүзді, білегі аппақ ақ жамбыдай үстіне қызыл торғын жеңі бар шапан мен көк көйлек киген. Мойнына алтын алқа таққан, аяғына қима тақалы қызыл кебіс киген қыз.
Дәнекер – негізгі идеялар мен оқиғаларды бүгінгі өмірмен байланыстырады.
Құралай сұлудың қалмақтың адамына пенде болмаймын деп Келденге сезім білдіруін, анасының жатқа пенде болма деген сөзін санасына нық ұстауына қарап, бүгінгі таңда қазақ қыздарының шетел азаматтарына тұрмысқа шықпауға кеңес берер едім.
Бағалау өлшемдері.
Баяндап беруші мазмұнын өз көзқарасымен толық айтты – 5 балл.
Баяндаушы поэманың композициялық құрылымын шатыстырды – 3 балл.
Зерттеуші көне сөздің мәнін ашып, кейіпкердің мінезін ашты – 5 балл.
Зерттеуші көне сөздің мәнін аша алмады, кейіпкердің мінезін ашты – 4 балл.
Сұрақ құрастырушы жоғары деңгейлі сұрақ құрастырды – 5 балл.
Сұрақ құрастырушы мәртебесі төмен сұрақ қойды – 4 балл.
Сілтеме табушы поэма тақырыбын ашатын рухани афоризмдер мен мақалдарды толық тапты – 5 балл.
Сілтеме табушы поэма тақырыбын ашатын рухани афоризмді толық таба алмады – 4 балл.
Бейнелуші суретші кейіпкер бейнесін ауызша толық сипаттады – 5 балл.
Бейнелеуші суретші кейіпкер бейнесін толық сипаттай алмады – 4 балл.
Дәнекер бүгінгі күнмен байланыстыра білді білді – 5 балл.
Дәнекер бүгінгі күнмен толық байланыстыра алмады – 4 балл.
4-топ.
Рөлге енейік...
Оқушылар поэманың басты кейіпкерлері Монтай би, Келден бай, Құралай сұлу рөліне еніп рөлдік ойын ойнайды.
Интервью-тестті орындайды. (Қосымша 1)
Бағалау өлшемдері.
«Рөлге енейік » стратегиясы
Монтай би рөлінде еркін ойнады, өз ойын жүйелі түрде жеткізді – 5 балл.
Монтай рөлінде еркін ойнады, өз ойын еркін жеткізе алмады – 4 балл.
Құралай сұлу рөлінде еркін ойнап, сұрақтарға толық жауап берді – 5 балл.
Құралай сұлу рөлін еркін ойнай алмады, сұрақтарға толық жауап бере алмады – 4 балл.
«Интервью-тест»
Интервью-тестті толық, қазіргі өмірмен байланыстырып орындады – 5 балл.
Интервью-тестті толық орындай алмады, қазіргі өмірмен байланыстыра алмады – 3 балл.
|
Оқушылар берілген тапсырмалар бойынша топта жұмыстанады.
«Иса» тобы Де Боненің «Ойлаудың алты қалпағы» әдісі бойынша жұмыс істейді.
«Монтай би» тобы поэмаға әдеби-теориялық талдау жасайды.
«Құралай тобы» «Әдеби үйірме» стратегиясы бойынша топ мүшелері өз рөлдерін бөліп алып, тақырыпты ашады.
«Келден» тобы поэма кейіпкерлерінің рөлінде ойнайды. Рөлдік ойынға қатыспаған оқушы интервью-тестті орындайды.
|