қысқаша көбейту формулаларын біледі және қолданады;
алгебралық өрнектерді
ықшамдауда қысқаша көбейту формулаларын қолданады;
көпмүшені көбейткіштерге жіктеуде қысқаша көбейту формулаларын қолданады.
Тілдік мақсаттар
Пәндік мақсат: қысқаша көбейту формулаларын ауызша тұжырымдай біледі; ауызша тұжырымдалған қысқаша көбейту формулаларын жаза біледі;
Тілдік мақсат:көпмүшені көбейткіштерге жіктеу тәсілінің таңдалуын дәйектейді;
көпмүшені көбейткіштерге жіктеудің орындалуын түсіндіреді.
Пәнге тән лексика мен терминология: қысқаша көбейту формулары; екі өрнектің квадраттарының айырмасы; екі өрнектің қосындысының квадраты; екі өрнектің айырмасының квадраты; екі еселенген көбейтінді;