Сабақ тақырыбы Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлендіру Сабақтың түрі



бет1/2
Дата03.04.2023
өлшемі334,17 Kb.
#173643
түріСабақ
  1   2

Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
7.3В бөлім: Қысқаша көбейту формулалары

Мектеп: КММ Лобанов орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Искахов П.С

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлендіру

Сабақтың түрі

Бекіту сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.2.14 тиімді есептеу үшін қысқаша көбейту формулаларын қолдану;
7.2.1.14 алгебралық өрнектерді қысқаша көбейту формулалары арқылы көбейткіштерге жіктеу
7.2.1.15 қысқаша көбейту формулалары арқылы алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендірулерді орындау;

Сабақ мақсаттары

өрнектерді түрлендіргенде қысқаша көбейту формулаларын пайдаланып, мәндерін табуда тиімді тәсілді қолдана алу

Бағалау критерийлері

Оқушылар мақсатқа жетті, егер
- қысқаша көбейту формулаларын есептеуде қолдана алады;
- қысқаша көбейту формулаларын алгебралық өрнектерді ықшамдауда қолданады;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:
- қысқаша көбейту формулаларын ауызша тұжырымдай біледі;
- ауызша тұжырымдалған қысқаша көбейту формулаларын жаза біледі;
Пәнге тән лексика мен терминология:
- қысқаша көбейту формулары;
- екі өрнектің квадраттарының айырмасы;
- екі өрнектің қосындысының квадраты;
- екі өрнектің айырмасының квадраты;
- екі өрнектің қосындысының кубы;
- екі өрнектің айырмасының кубы;
- екі өрнектің кубтарының қосындысы;
- екі өрнектің кубтарының айырмасы;


Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
- екі өрнектің квадраттарының айырмасы .... тең;
- екі өрнектің қосындысының (айырмасының) квадраты .... тең;
- екі өрнектің қосындысының (айырмасының) кубы ... тең;
- екі өрнектің кубтарының қосындысы ( айырмасы) ...... ;
- берілген өрнекті .... түрінде жазуға болады;



Құндылықтарды дарыту



Құрмет, ынтымақтастық, оймен ашық бөлісу.
Құндылықтарды дарыту жеке жұмыс арқылы жүзеге асады

Пәнаралық байланыстар




АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтамен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру

Бастапқы білім



Қысқаша көбейту формулаларын білу және есеп шығару барысында қолдану





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет