Сабақ тақырыбы Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлендіру Сабақтың түрі



бет1/2
Дата08.02.2022
өлшемі299,25 Kb.
#123764
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Сабақ жоспары 22,02,18

Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
7.3В бөлім: Қысқаша көбейту формулалары

Мектеп: №141

Күні:

Мұғалімніңаты-жөні: Исмагулова А.К.

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлендіру

Сабақтың түрі

Қайталау сабағы

Осы сабақтақолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасынасілтеме)

7.1.2.14 тиімді есептеу үшін қысқаша көбейту формулаларын қолдану;

Сабақ мақсаттары

қысқаша көбейту формулаларын қолданып, санды өрнектердің мәндерін табуда тиімді тәсілді қолдана алу

Бағалаукритерийлері

Оқушылар мақсатқа жетті, егер
- қысқаша көбейту формулаларын рационал есептеуде қолдана алады;
- алгебралық өрнектерді ықшамдауда қысқаша көбейту формулаларын қолданады;

Тілдікмақсаттар

Оқушылар:
- қысқаша көбейту формулаларын ауызша тұжырымдай біледі;
- ауызша тұжырымдалған қысқаша көбейту формулаларын жаза біледі;
Пәнге тән лексика мен терминология:
- қысқаша көбейту формулары;
- екі өрнектің квадраттарының айырмасы;
- екі өрнектің қосындысының квадраты;
- екі өрнектің айырмасының квадраты;
- екі еселенген көбейтінді;
- үш еселенген көбейтінді;
- екі өрнектің қосындысының кубы;
- екі өрнектің айырмасының кубы;
- екі өрнектің кубтарының қосындысы;
- екі өрнектің кубтарының айырмасы;


Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
- екі өрнектің квадраттарының айырмасы .... тең;
- екі өрнектің қосындысының (айырмасының) квадраты .... тең;
- екі өрнектің қосындысының (айырмасының) кубы ... тең;
- екі өрнектің кубтарының қосындысы ( айырмасы) ...... ;
- берілген өрнекті .... түрінде жазуға болады;





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет