I.Қызығушылықты ояту: Ұйымдастыру: амандасу-түгендеу
М/Б 1. Ерлі-зайыптылар құқығы»бейнесюжетін көрсету.
2. Оқушылар дәптерлеріне 1минут ойланып, отбасындағы ерлі –зайыптылардың құқықтары мен міндеттерін жазады
3.Оқушылардың ойларын білгеннен кейін, заңнаманың баптары арқылы толықтыру.
Ерлі-зайыптылардың құқықтары:
|
Ерлі-зайыптылардың міндеттері:
|
1.
2.
3.
4.
|
1.
2.
3.
4.
|
Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңның 29-бабы:
Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерінің туындауы
Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркелген күннен бастап туындайды.
1. Ерлі-зайыптылар тең құқықтар пайдаланады және тең міндеттер атқарады.
2. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы қызмет түрін, кәсібін және діни сенімін таңдауға ерікті.
3. Ерлі-зайыптылар ана болу, әке болу, балаларды тәрбиелеу, оларға білім беру, ерлі-зайыптылардың тұрғылықты, болатын жерлері мәселелерін және отбасы өмірінің басқа да мәселелерін бірлесіп шешеді.
4. Ерлі-зайыптылар отбасындағы өз қатынастарын өзара сыйластық пен өзара көмек негізінде құруға, отбасының игілігі мен нығаюына жәрдемдесуге, өз балаларының денсаулығына, өсіп-жетілуіне және олардың әл-ауқат жағдайына қамқорлық жасауға міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: |