Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қылмыстық құқық жүйесі
Мектеп: Орал қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні: Кдиршаев О.А.
Сынып: 10
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы
Қылмыстық кодекс қылмыстық құқықтың негізгі қайнар көзі ретінде
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
10.2.4.1 қылмыстық кодекстің мазмұны мен құрылымын анықтау
10.2.4.2 нақты өмірлік жағдаяттарды қылмыстық құқық нормаларына сәйкестендіру
Сабақ мақсаты
Қылмыстық кодекстің негізгі мәні мен мағынасын ашу
Бағалау критерийлері
Білу және түсіну Қылмысқа тән белгілерді анықтайды
Қылмыстық құқыққа тән белгілерді анықтайды
Тілдік мақсаттар
Пәнге қатысты терминология
Қоғамдық тәртіпке қарсы;
отбасы мен кәмелеттік жасқа толмағандарға қарсы;
жеке тұлғаға қарсы;
бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар
қылмыс
қылмыстық теріс қылық
жаза
Қылмыстық кодекс баптарына сәйкес, жағдаят (...)
Қылмыстық заңның маңызы (…)
Құқықтық жағдаяттың шешілу жолы (...)
Мен...деп ойлаймын
Қылмыстық теріс қылық дегеніміз (....)
Қылмыстық жазалаудың әлеуметтік маңызы ...
Құндылықтарды дарыту
Құрмет (бір-бірін тыңдауы және уақыт ережелерін сақтау, заңға құрмет)
Азаматтық жауапкершілік (заңды сақтау, міндеттерді орындау арқылы)
Қазақстандық патриотизм (ҚР Конституциясы мен негізгі заңнамаларын оқып, үйрену арқылы)