Айырбас шарты – (ағылш. barter agreement;) Тараптардың әрқайсысының екінші тарапқа бір тауарды екінші тауарға айырбастауға міндеттенетін азаматтық-құқықтық шарт. Егер бұл тәртіптерге және айырбас мәніне қайшы келмесе, айырбас шартына сатып алу-сату тәртібі қолданылады.
Сатып алу-сату — азаматтық құқықта сатушы сатып алушының меншігіне мүлікті сатуға, ал сатып алушы — мүлікті қабылдауға және ол үшін белгілі бір соманы төлеуге міндеттенетін барынша кеңінен таралған шарттардың бірі.
Саралау тапсырмалары:
Оқушылар мәтінді және ғаламторды пайдаланып, мәмілелер үлгілерін негізге алады.
1 топ – Сенімхат
2 топ – Сату- сатып алу
3 топ – Мұрагерлік
4 топ – Айырбас
Критерий:
1. Мәміле жасау тәртібінің сақталуы.
2. Құжатты жасау сауаттылығы.
3. Нормативтік құқықтық актілерге сүйену
Топтар жұмыстарын қорғайды. Әр топқа 2 минут
Топтар критерийлер бойынша бірін- бірі бағалайды. Мұғалім оқушыларға кері байланыс береді.
Достарыңызбен бөлісу: |