Тапсырма№1.Мәтінмен жұмыс.
Тақырыбы
бет 169/220 Дата 11.05.2022 өлшемі 6,23 Mb. #142695 түрі Сабақ
Байланысты:
10 сынып Құқық негіздері ҚМЖ 10 сынып ҚГБ Тапсырма №1. Мәтінмен жұмыс.
Тақырыбы: Қазақстан Республикасында тұтынушылар құқықтарының заңды түрде бекітілуі
Мақсаты: ҚР тұтынушылар құқығы туралы заңына сәйкес құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайды
Заң терминдерін пайдалана отырып , тұтынушылардың құқықтарын қорғау жолдарын нақты жағдаяттық мысалдармен (казустармен) түсіндіру
Мұғалім әрекеті:
Оқушыларды топқа бөледі ;
2 топқа бөлек-бөлек мәтіндерден үзінді үлестіріледі.
Топтық жұмысқа тапсырма беріледі: «Тұтынушы нарықтың патшасы ма, әлде құрбаны ма?»
І-топ. «Нарық патшасы»
ІІ- топ. «Нарық құрбаны»
Оқушы әрекеті:
Мәтінмен танысады ;
Аргументтер жинақтап , ойларын дәлелдейді , интеллект карта көмегімен сынып алдында өз позицияларын қорғайды.
М Сауда орнының басшысына тұтынушы құқықтарының бұзылуына байланысты наразылық хаттамасының үлгісімен таныстырыңыз.
Ж (ф) Оқушылар тұтынушы құқықтарының бұзылуына байланысты наразылық хаттамасын жазады (мысалы):
1. Жаңа ғана сатып алынған аяқ киімнің жыртылып қалуы.
2. Шашты құрғататын құралдың жөнді жұмыс істемеуі.
3. 10000 км шақырым жүріп өткен көлік ретінде сатылған көлік сынғаннан кейін іс жүзінде 50000 км шақырым жүріп өткені анықталғандығы.
Оқушылар негізгі төрт мәселені қарастырулары тиіс:
1. Тұтынушылардың наразылықтары қандай?
2. Тұтынушылар құқығы оларды қалайша қолдамақшы?
3. Қандай шара қолданылуы мүмкін?
4. Тұтынушы құқығын қорғау жолдарын ұсыныңыз.
Мәтін ішіндегі негізгі тірек сөздерді сызып көрсетеді ;
Достарыңызбен бөлісу: