Бұл оқушыларға тақырыпты тереңірек түсінуіне және өздік жұмысын жазуға көмек береді.
1 мысал: Сыныпта 12 қыз бала және 15 ер бала бар. Сыныпта қанша оқушы бар?
Шешуі: Х-сыныптағы қыз балалар жиыны. Х жиынында 12 элемент бар.
Ү – сыныптағы ер балалар жиыны. Ү жиынында 15 элемент бар. Қосындысының ережесі бойынша Х және Ү жиындарының бірігуі 12+15 яғни 27 элементтен тұрады.
Бағалау: Оқушылар өз тобына берілген есептерді шығарады.( 2-критерийі)
Мұғалім есептін дұрыс не бұрысына оқушыларға кері байланыс береді.
Жұптық жұмыс.
Өздік жұмыстар. Әр тақырыптарға бірнеше тапсырмалар қарастырылған.
Оқушылар жұптасып сәйкес тақырыптар бойынша білімдерін шыңдайды.
Жеке жұмыстар.
Аралас есептер. Оқушылар жеке-жеке тақырыптары арласқан есептерді шығарып білімдерін шыңдайды.
Мысалы: Қорапта бірдей 12-уі жасыл түсті, 14-і қызыл түсті шар бар.
Кездейсоқ алынған жеті шардың жасыл түсті болуының ықтималдығын табыңыз.
Кездейсоқ алынған жеті шардың біреуі жасыл түсті болуының ықтималдығын табыңыз.
Кездейсоқ алынған жеті шардың кем дегенде бесеуі жасыл түсті болуының ықтималдығын табыңыз.