Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
10.2С Ықтималдық
|
Мектеп: №6 С Киров атындағы жом
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні: Сурапов Суннатжан
|
Сынып:
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Ықтималдықтарды қосу ережелерін түсіну және қолдану
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
10.3.2.3 - ықтималдықтарды қосу ережелерін түсіну және қолдану
* P(A + B) = P(A) + P(B)
* P(A +B) = P(A) + P(B) – P(A ∙ B);
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар: Үйлесімсіз оқиғалардың қосындысының ықтималдығын есептей алады
Оқушылардың басым бөлігі: Қосынды ережесін қолданып комбинаторлық есептер шығара алады.
Кейбір оқушылар: Тәжірибе нәтижелерінің пайда болу мүмкіндіктерін зерттейді
|
Бағалау критерийлері
|
Ықтималдықтарды қосу ережелерін қолданады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар
- ықтималдықтарды қосу және көбейту ережелерін түсіндіреді;
- оқиғалар түрлерінің айырмашылықтарына түсінік береді.
Бөлім бойынша лексика
- ықтимал оқиғалар;
- оқиға нәтижесі;
- шартты ықтималдық;
- тәуелсіз оқиғалар;
- оқиғалар қосындысының ықтималдығы;
- оқиғалар көбейтіндінің ықтималдығы
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер.
-сынақ нәтижесінде … оқиға мүмкін емес деп аталады;
-егер …, онда кездейсоқ оқиға берілген сынақта үйлесімсіз деп аталады;
-екі үйлесімсіз оқиғаның қосындысы ... тең;
|
|