3-слайд Дуадақ
Дуадақ - биіктігі бір метрдей, сирағы ұзын, қанатын сирек сермеп, ауыр ұшатын, қазақ даласының көрікті құсы.
Дуадақ тез жүгіреді және құрғақ шөптің арасына шебер жасырына алады, өсімдіктер, олардың тұқымы және жәндіктермен қоректенеді.
Д уадақты бүркіт аулайды. Балапандары мен жұмыртқасын қасқыр, түлкі, қарсақтар тауып жейді.
Адамдардың аулауынан да бұл құс сирек кездесетін түрге айналды.
слайд Тянь-Шань шыршасы
Тянь-Шань шыршасы Іле Алатауында 1500-2000 м биіктікте өседі.
Шырша көптеген құстар мен аңдарға пана әрі азық береді. Берік әрі құнды ағашы құрылысқа пайдаланған. Қазір Тянь-Шань шыршасын заң бойынша қорғайды.
Достарыңызбен бөлісу: |