Сабақ тақырыбы: Ж. Жабаев. «Алатау» Жалпы мақсат: Білімділік



Дата04.11.2016
өлшемі119,67 Kb.
#265
түріСабақ
Қостанай облысы Әулиекөл ауданы

Әулиекөл бастауыш мектебі

бастауыш сынып мұғалімі

Жаукина Айгүл Кәкімбекқызы



Әдебиеттік оқу сабағыЖ.Жабаев. «Алатау» тақырыбы бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары


24.04.2015 ж.

4 апта

5-күн

Сабақ тақырыбы:

Ж.Жабаев. «Алатау»



Жалпы мақсат:

Білімділік: оқушыларды Ж. Жабаевтың өмірімен, оның шығармасымен таныстыру, мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру.

Дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілетін, сөздік қорын молайтып дамыту.

Тәрбиелік: оқушылардың табиғатты қорғауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.


Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.


Оқу нәтижесі

Балалардың  табысты оқуы үшін  пәнге деген қызығушылығын оятады,  оқушылардың  сенімділігін аттырады. Сапалы білім алуына жетелейді. Жаңа әдісті тәжірибесінде пайдалануға қадам жасауы.

Түйінді идеялар:

Оқушыларды табысты жұмыс істеуге дайындау; оқу сапасын  арттыру.Оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру және алған білімдерін болашақта қолдана алуына бағыттау.

Сабақта қолданылатын материалдар:

флипчарт, маркер, түрлі-түсті стикерлер, суреттер, бояу құралдары.

Оқыту әдістері:

АКТ

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету



1. Диалог

2. Топтық жұмыс



Дерек көздері:

Әдеби материалдар, газет-журналдар, портал материалдары



Тапсырмалар:

ассоциация жасау, коллаж жасау.


Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:


Кезеңдері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

Мин

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.



ІІ.Үй тапсырма-сын тексеру.

ІІІ.Жаңа сабақ.

Оқулықпен жұмыс.

*Сандықшамен жұмыс.

Дәптермен жұмыс.



Сергіту сәті

ІV.Бекіту.

Өлеңнің құрылымына талдау:

Топпен жұмыс.

Әр топқа «Таулар» коллажын жасату.

V. Сабақты қорытындылау.

Сұрақ жауап.



VI. Бағалау.
VII. Үйге тапсырма.


Оқушылардың назарын сабаққа аудару.Сабаққа даярлықтарын тексеру.
Күн шуағы ашылды,

Көктен нұрын себелеп.

Осындай шаттық күндерде

Сәттілік тілеймін бәріне!

Интербелсенді тақта арқылы үй тапсырмасын тексеремін.

-Балалар біздің өткен тарауымыз қандай?

-Мұнда негізгі идея не туралы?

-Әдебиеттегі қандай жанр түрлерімен таныстық?

-Бұл тараудағы кейіпкерлерді атаңдар.


Модуль

Бабалар өмірі-ұрпаққа өнеге

Негізгі идея

Өнер,ерлік, батылдық, батырлық

Жанр түрі

Өлең,әңгіме

Кейіпкерлер

Өнер, спорт адамы, ерлік көрсеткен батырлар

Түйіндеу

Ел іші- өнер кеніші



Бейне көрініс арқылы оқушыларды жаңа сабақ тақырыбын ашуға бағыттаймын .

-Енді барлығымыз бір сәт тақтаға қарап, бейне көріністі тамашалайық.

Тақтада «Алатау» таулардың бейне көрінісі көрсетіледі

-Балалар мына бейне көріністе нені көрдіңдер?

- Қандай таулар бейнеленген?

-Ендеше біздің бүгінгі бастағалы отырған жаңа үлкен тарауымыз «Туған өлке табиғатын қастерлейік»- деп аталады.

-Бейне көріністе табиғаттағы жылдың қай мезгілін көрдіңдер?

Ж.Жабаевтың өмірбаяныменжәне шығармаларымен таныстырамын.

-Ендеше, балалар біз бүгін Ж.Жабаевтың «Алатау» өлеңімен танысамыз.


а) Автордың өмірбаянымен таныстыру:
Қазақтың көрнекті ақыны.
Слайдтан Ж.Жабаевтың суреті көрсетіледі.

Өлеңді мәнерлеп оқимын.

Автор өлеңді қандай көңіл күймен жазғанын дәлелде.

-Ақын бұл өлеңде табиғатты қалай суреттеген?

Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқытамын.
Өлеңді оқу барысында таныс емес мағынасын түсініксіз сөздерді тауып мағынасын ашқызамын.

Ну-қалың.

Мұнар-бұлыңғыр.

Кептес-тілдесу, сөйлесу.



Интербелсенді тақтаға оқушылар сөздік жұмысында құраған сөйлемдерін жазады.
Өлең 4 шумақты , 16 тармақтан құрылған.
Екі топқа сын тұрғысынан ойлау технологиясының «Екі жақты күнделік» және «Тұжырым кестесі» стратегиялары арқылы кестені толтыруға тапсырма беріледі.
1.Екі жақты күнделік

Өлеңнен үзінді

Үзінді жайлы өз пікірім

Түйіндеу

І топ

ІІ топ

ІІІ топ







2.Тұжырым кестесі



Кейіпкерлер

Іс әрекеттер

Пайдасы

І топ

Таулар


ІІ топ

Аңдар


ІІІ топ

Бұлттар








Кубизм әдісі бойынша сабақты бекіту.

Кубтың 6 бұрышында мынадай сұрақтар болады сол сұраққа оқушылар жауап береді.

1.Бүгінгі сабақта өткен шығарманың авторы кім?

2.Өлең неге арналған?

3. Оның қандай шығармалары бар?

4. Жамбыл Жабаев қай жерде болған?

5.Алатау туралы ойлағанда көзіңізге не елестетесіз?

6. Жамбыл Жабаевтың «Алатау» өлеңі мазмұнында не туралы айтылады?

Топ спикерлеріне бағалату.

Өлеңді мәнерлеп оқып,жаттап алу. Ж.Жабаев туралы мәлімет жинақтау.


Оқушылар сабаққа дайындықтарын көрсетті.

Қимыл қозғалыс арқылы көрсетіп бірге айтады.


«Бабалар өмірі-ұрпаққа өнеге» тақырыбына білгендерін айтады.

-Жанр түрлерін атайды.

(өлең,әңгіме)

Әбілмансұр, Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова,Тоқтар Әубәкіров, т.б.

Табиғат көрінісі бейнеленген. Алатаудың маңындағы бау-бақшалар, көк шалғындағы алқызыл гүлдер, сарқыраманың мөлдір суы, т.б.
Өмірбаяны.
Жамбыл Жабаев 1846 жылы ақпан айында казіргі Жамбыл  облысындағы Жамбыл тауының бөктерінде дүниеге келген. Әкесі Жапа кедей болғанмен, ат үстіне мығым, найзагер кісі екен. Шешесі Ұлдан орайы келгенде өз жанынан қиыстырып өлең шығара беретін, әдемі дауысты әнші екен. Жамбылдың ұстазы – әйгілі Сүйінбай ақын. 1945 жылы қайтыс болды.
Оқушылар қысқаша мәліметті дәптерлеріне жазып алады.
Слайдшоу:Алатау, Қаратау, Алтай таулары.
Оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды.
Дәптерге осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрастырып жазу.

«Орман патшалығы» ойыны арқылы оқушыларды екі топқа бөлемін.(«Өсімдіктер» мен «Жануарлар» тобы).


Оқушылар өлеңнің тармақтарын санап,әр тармақты буынға бөледі.
Оқушылар cергіту сәтін іс- қимылдармен жасайды.

Әр топ бірлесіп екі жақты

күнделікті толтырады.

Ж.Жабаев.

Алатау табиғатына арналған.
Алатауды бейнелеп түрлі түсті қағаздардан коллаж жасап соны қорғап береді.

Әр топ бойынша спикері бағалау парағына топтарындағы оқушыларды бағалайды.


Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

1


3

3

3



5

2


3

3


2
3

3

3


4

4

2




1



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет