№37 Жалпы орта білім беретін мектебі



бет1/13
Дата16.03.2023
өлшемі47,66 Kb.
#172677
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
1 grade Smiles 2018-2019


37 Жалпы орта білім беретін мектебі
(мектептің атауы)

«Бекітемін» «Келісілді» «Қаралды»


Мектеп директоры Директордың ОІЖ орынбасары ӘБ отырысы
__ _________ ____
_______________ ________________________ ___________________
«___» ____ 2016ж. «____»_________2016ж. Хаттама № ____
«___» ______ 2016ж.
«АҒЫЛШЫН ТІЛІ» ПӘНІНЕН КҮНТІЗБЕЛІК – ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР



Сынып 1 а, ә, б, в
Мұғалімі
Жылдық сағат саны - 66
Аптасына- 2 сағат.
Оқулық атауы: Smiles -1
Оқулық авторлары: Jenny Doodley-Virginia Evans
Қазақ тіліне аударма жасаған: Н. Мухамеджанова.
Орал қаласы 2016-2017 оқу жылдары


Түсінік хат
Ағылшын тілі
Бастауыш мектепте ағылшын тілін оқыту оқушылардың өзге тілге және қоршаған әлемге деген қызығушылығын оятады. Балалар тілді белсенді ойындар, әндер, өлеңдер, жобалық жұмыстар сияқты түрлі тәсілдер арқылы меңгереді.
Ағылшын тілі мұғалімі оқушылардың бастауыш сынып деңгейінде тілді түсіну дағдыларын дамытуға және оны оқуға деген қызығушылығын тудыруға көмектесе алады.
Бастауыш мектептегі ағылшын тілі бағдарламасы оқушыларға төмендегі тәсілдер арқылы тілді А1 деңгейінде меңгертуге бағытталған:
- талдау, бағалау және шығармашылық ойлау дағдыларының дамуына ықпал ететін әртүрлі тапсырмалар;
- ауқымды жазбаша және ауызша дереккөздермен жұмыс жасау.
1-сыныптар үшін ағылшын тілін меңгеру деңгейлері Шет тілін меңгерудегі жалпыеуропалық құзіреттілік деңгейлеріне (Common European Frameworkof Reference – CEFR) сәйкес болады.

59-кесте – Ағылшын тілін меңгеру деңгейі (1-сыныптар)



Сынып

Ағылшын тілін меңгеру деңгейі «кірерде»

Ағылшын тілін меңгеру деңгейі «шығарда»

1-сынып

starter

towards А1

Бастауыш мектепте оқу бағдарламасының мазмұны білім алушылардың ағылшын тілін күнделікті жағдаяттарда қолдана білуін дамытуға және одан әрі үйрену үшін берік негізін қалауға бағытталған.
Ағылшын тілін меңгеру арқылы білім алушылар:
- ағылшын тілін қолдана отырып, ойындар ойнауға мүмкіндік беретін нұсқауларды;
- қысқа диалогтерде күнделікті қолданылатын жалпы сөйлемдерді;
- ауызекі ағылшын тілін және аудиожазбаларды;
- әңгімелерді;
- ағылшынша мультфильмдерді, фильмдер мен бағдарламаларды түсіне алады.
Білім алушылар ағылшын тілінде:
- оқиғалар мен қысқа мәтіндерді әңгімелей алады;
- берілген үлгілер негізінде сөйлемдерді жаза алады;
- әңгімелерді, қысқа пьесаларды, әндерді, ұйқастырмаларды сахналай алады;
- қысқа диалогтердегі күнделікті қысқа сөйлемдерді қолдана алады.
Білім алушылар сандар, түстер, уақыт, ауа райы, тағам, киім, жануарлар, өсімдіктер, дене мүшелері, жеке ақпараттар, отбасы, достар, мектеп, ойындар, спорт, мерекелер, салт- дәстүрлер, ғимараттар, өнер, музыка, зерттеушілер мен өнертапқыштар, мифтер ұғымдарына байланысты тақырыптарға негізделген лексиканы меңгереді.
Бастауыш мектепте ағылшын тілі дағдыларының дамуы үш тілде ортақ тақырыптарды оқу арқылы іске асады.
Бастауыш мектептің оқу жоспарларындағы пәнаралақ байланыс (Cross Curricular Links) әр тақырыпта көрсетілген.
1-сыныптардың оқу бағдарламасындағы пәнаралық байланыс

Тақырыптар (Units)

Пәнаралық байланыс (Cross Curricular Links)

1-сынып

All about me

The cross curricular links in this unit are learning the colours of the rainbow and performing simple addition and subtraction operations

My school

The cross-curricular dimension in this unit relates to links with early literacy in other subjects focusing on recognizing letter shapes as sound pictures and forming letters of regular size and shape between lines

My family and friends

The cross-curricular element in this unit relates to understanding and talking about kinship

The world around us

The cross-curricular links here are to aspects of geography relating to weather, seasons and types of terrain and habitat and to themes of cultural identity and international words

Travel

The cross-curricular links relate to means of transport and staying safe

Tradition and folklore

The cross-curricular themes in this unit relate widely to the themes of seasonal changes, traditional masks and the fairy tale genre

Food and drink

The cross-curricular links in this unit relate to foods which go together and animal food chains

1-сыныптарға арналған оқу жоспары бойынша сабақтарды жоспарлауға ұсынымдар:
1) сабақта ұсақ моторикасын дамытуға байланысты ойындар, әндер, санамақтар, ұйқастырмаларды қолдану;
2) білім алушылардың оқу тапсырмаларын орындауда ынталандыру, білім алушыларды әртүрлі мадақтау түрлерін және қолдау тәсілдерін пайдалану арқылы қолайлы орта құру;
3) бастауыш сынып білім алушыларының психологиялық және жас ерекшеліктерін (жоғары эмоционалдылық, қозғалғыштық, сезімталдық, шаршағыштық) ескере отырып, оқытудың әдіс-тәсілдерін, формаларын ойластыру;
4) бастапқы кезеңде қателесу білім беру процесінің бір бөлігі болып табылатындықтан, білім алушылардың қателерін түзетпеу. Коммуникативті құзіреттілікті меңгерудің негізгі шартының бірі оқушының білім беру процесіне белсенді қатысуы болып табылады;
5) білім алушыларға сабақта таныс сөздерді, фразаларды және нұсқауларды ағылшын тілінде жиі қолдану қажет, бұл білім алушылардың үй тапсырмаларын орындаған кезінде сөздер мен фразаларды тиімді есте сақтауға және тануына мүмкіндік береді;
6) өз сөзін модельдеу, тиісті интонацияны, дауысты, айтылуы және ым-ишараларды пайдалана отырып, сөздер мен фразаларды баяу және анық айту;
7) мимиканы, эмоцияны, ым-ишараны, түрлі-түсті көрнекі құралдарды белсенді пайдалану (суреттер, ойыншықтар, постерлер), себебі олар білім алушылардың назарын жаңа сөздерді үйрену процесінде тиімді шоғырландырады;
8) білім алушылардың қызығушылығын арттыру және жұмыс нәтижелерін көрсету, өтілген материалды бекіту мақсатында сыныптағы арнайы бөлінген орынға («сөйлейтін қабырға», көрме және т.б.) білім алушылардың жұмыстарын орналастыру және жаңартып отыру.
«Ағылшын тілі» оқу пәні білім алушылардың өз халқының мәдениеті мен рухани құндылықтарын, ұлттық бірегейлігін, азаматтығын, адамгершілік нормаларын және сөйлеу мәдениеті туралы білімін қалыптастыруға көмектеседі.
Табиғи сөйлеу ортасы болмаған жағдайда ағылшын тілін үйрену процесін табиғи жағдайға жақын етіп құру үшін мына дидактикалық оқу принциптерін басшылыққа алу қажет: оқу материалын барынша азайту, коммуникативтілік және функционалдық, кешенділік, тәрбиелей отырып оқыту, белсенділік, көрнекілік, материалдың тақырыптық-жағдаяттық ұйымдастырылуы, жүйелілік және дәйектілік, меңгерудің беріктігі, қолжетімділік (шамасының жетуі), дараландыру және саралау.
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 66 сағатты;



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет