Батыс Қазақстан облысы
Зеленов ауданы
Махамбент жалпы орта білім беретін мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Жумашева Нургуль Муратовна
Сабақтың тақырыбы:
Жамбыл Жабаевтың шығармашылығы.
«Жамбыл деген жай атым, халық менің шын атым!
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру, «Ленинградтық өренім» өлеңінің шығу тарихымен таныстыру;
2.Дамытушылық: Өткен ғасырға үңілдіру. Оқушылардың Жамбыл өмірі мен поэзиясы туралы ұғымын кеңейту. Өлеңдерді тыңдау, оқу, өлеңдерді мәнерлеп айтқыза отырып, олардың тіл мәдениетін, сөз байлығын, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік:Оқушыларға Ұлы Отан соғысы кезіндегі қиыншылықтарды, халық көтерген қасіреттерді еске ала отырып, оқушыларға Отанға деген сүйіспеншілікті ұғындыру. Оқушыларды ерлікке, батырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдістері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, көрнекілікпен
жұмыс, түсіндіру, топтастыру, талдау.
Сабақтың типі: ұжымдық.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, Жамбылдың портреті, өмірі мен шығармашылығына байланысты кезеңдерге арналған көркем суреттер, «Жамбыл» тірек- сызбасы ,атақты адамдардың Жамбыл туралы қанатты сөздері,дидактикалық материалдар.
Пәнаралық байланыс: тарих, орыс әдебиеті.
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру.а)оқушылармен сәлемдесу,оқушыларды түгелдеу;
а) оқушылардың назарын сабаққа аударту.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Жамбыл Жабаевтың өмірі.
Мұғалім:
-Балалар, қазір сендерге тақтадан бірнеше эпитеттерді оқып шығайын, ал сендер кім туралы екенін айтыңдар:
«Өлең –сөздің пірі», « Поэзия алыбы», «Қайта туып, қайта жасарған ақын», «Тамыры терең кәрі емен», « Жүз жасаған бәйтерек», «Қазақтың Гомері», « Феномен-Феникс», «Жыр алыбы», «Суырып салма ақын» , «Айтыс ақыны».
- Бұл эпитеттер кімге айтылған?
-ЖамбылЖабаевқа айтылған.
-Ол кім?
-Ол біздің тарихымызда өшпес із қалдырған жыршымыз .
-Ол ұлы Абайдың құрдасы,көзі тірісінде Гомер атанған алып атамыз.
Мұғалім:
-Олай болса, бүгінгі сабағымыз өмірімен де, шығармашылығымен де екі ғасырды молынан тұтастырып жатқан жырау, ерлікті, елдікті дәріптеген , халықтың жоғын жоқтап, әлсіздерді күштілердің зорлығынан арашалаған, әділдікті , бостандықты жыр еткен Жамбыл Жабаевқа арналады.
- Сабағымыздың тақырыбы: Жамбыл Жабаевтың шығармашылығы.
« Жамбыл деген жай атым, халық менің шын атым!»
«Ленинградтық өренім» өлеңі.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- Халық поэзиясының алыбы атанған Жамбыл:
« Менің тамырларым- туған халқым, бұтақтарым- жырларым, менің жапырақтарым ұлдарым мен қыздарым.Мен – бар болғаны жүз жылдық терекпін, қартайғанда тапқан жарық күнімді, халқымның бақытын, ұлдарым мен қыздарымның бақытын жырлаймын. Қазақ жерінің ұлдары мен қыздары нағыз керемет істер істейді»,- деп өзінің бүкіл ғұмырын халқының бақытын жырлауға арнаған.
Өткен сабағымызда Жамбыл Жабаевтың өмірімен таныстық.
Үй тапсырмасын мына жоспар арқылы мазмұндайсыңдар.
Мазмұндау жоспары:
I .Балалық шағы. ( Жамбылдың жастық шағы туралы мағлұматтар )
А).Шыққан тегі.
Ә)Бозбала.
Б) Сүйінбайдан алған батасы.
В) «Жасшылық ұрындырды талай жарға...»
II.Дүлділ.( Жамбылдың ақындық өнері туралы мағлұматтар)
А) Жамбыл- айтыскер ақын.
Ә) Жамбыл- өлең сөздің даңғылы.
Б) Жамбыл- дастан.
III. Өнер. ( Жамбылдың кеңес мәдениетіне қосқан үлесі)
IV. Жеңіс. » ( Жамбыл өмірінің соңғы жылдары туралы)
( Оқушылар өз жұмыстарымен таныстырады).
I .Балалық шағы
а) Шыққан тегі.
Жамбыл Жабаев 1846 жылы 28 ақпанда қазіргі Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданындағы Жамбыл тауының баурайында, Ұлы жүздің ішіндегі шапыраштының екей руынан шыққан Жапа Ыстыбайұлының отбасында дүниеге келген. Деректерге сүйінсек, Шапырашты тайпасынан атақты тұлғалар көп шыққан.Олар: Қарасай батыр, Наурызбай батыр, Қайназар ата, Сарыбай би ,Сүйінбай Аронұлы.
Қақаған қар аралас соғып боран,
Ел үрей, көк найзалы жау торыған.
Байғара,Жамбыл, Ханда мен туыппын,
Жамбыл деп қойылыпты атым содан,- деп өзі айтқандай, ақын жаугершілік заманда туған.Деректерге жүгінсек, ол кезде Қазақстанның оңтүстігі, оның ішінде ақынның туған өлкесі- Жетісу өңірі Қоқан хандығына бағынған. Қоқан ханы Құдияр қазақ ауылына көп салық салып, адамдарға төзгісіз зорлықтар жасаған. Қалың бұқараны қайыршылыққа ұшыратқан. Ел қоқандықтарға қарсы майдан ашқан Жамбылдың атасы Ыстыбай да Қазыбай, Жапа , Жадыра, Мәйке деген төрт ұлын бастап, көтерілісшілер сапына қосылған.Әкесінің аты Жапа болғанымен, ел Жабай деп атап кеткен. Мұның себебін ертеректе Жабай деген ержүрек батыр болған. Жапаның қоқандықтармен соғыстағы ерлігіне тәнті болған ел-жұрт «Тура Жабай сияқты соғысады екен» деп, содан Жабай атанып кеткен деп түсіндіреді.
ә) Бозбала.
А) Жауды өкшелей қуып соғысып, аттың жалы, түйенің қомында күн кешіп жүрген сәттердің бірінде Жапаның әйелі- Ұлдан ана Жамбылды дүниеге әкелген. Жамбылдың әкесі Жапа көшпелі кедей болған.Жамбыл бала кезінде тентектеу болған. Қарттарды да, әкесінде тыңдамаған.Қой баққысы келмеген, отын теруге барғысы келмеген. Оны домбыра тартып, ән салу қызықтыратын болған.Тумысынан өнерге жақын Жамбыл тіпті молдадан дәріс алуды да қаламаған.Талантты жас Жамбыл оқу оқып, білім алмаса да, қаршадайынан өлең-жырға, шешендік сөзге әуестеніп, өзінің суырып-салма ақындық өнерге икемділігін таныта бастайды.
Ә) Он үш жасында байдың қойын бағып жүрген кезінде ұйықтап қалып, түсінен ақын болып оянған Сүйінбай ұстазы сияқты Жамбылға да ақындық түсінде аян беріп қонса керек. Ол туралы ақын:
«Бір күні Жетісай жайлауында жылқы бағып жүріп, түс көріппін .Түсімде ақсақалды қария келіп: «Өлең аласың ба, көген аласың ба?»- деген . Мен : «Өлең!»- деппін. Оянып кетсем, түсім екен, көкірегімді бір толқын кернеп, алқымыма тығылғандай, дереу үйге жетіп, домбыраны ала салдым да , оңды- солды төгіп- төгіп жіберіп едім, кеудем ашылып, ортаға түскендей болды»- деп еске алған.
Жамбылдың алғаш ақындық атын шығарған өлеңі-«Шағым». Бұл кезде ол небәрі он бес жаста екен.
Мәнерлеп оқу: «Шағым» өлеңі.
Оқымаймын молдадан,
Не оқытпақшы ол маған?
Бала келсе сабаққа
Жем дәметкен дорбадан.
Ақ сәлдесін төңкеріп
Көзін жұмып теңселіп,
Күн ұзынға боздаған.
Оқығанша мен одан,
Домбыраны қолға алам,
Өлең кірген түсіне
Жөргегінде мен болам,
Қинама, әке, қинама,
Болмас енді зорлаған.
Б) Сүйінбайдан алған батасы.
Жүрегіне өлең ұялаған дарынды жас он төрт –он бес жасынан бастап біржолата ақындық жолына түседі.Он беске толғанда Жамбыл атақты ақын Сүйінбай тұратын ауылға келіп, домбырасын ұстап оның үйіне таяп келді де, әндете бастады.
Жас ақынның талантын байқап қалған Сүйінбай, оны үйіне шақырып алып, оған мынадай кеңес береді. « Балам өлеңін жүректің терең түкпірінен жарып шығатын болсын. Жырларың жекелеген адамдарға ғана емес, бүкіл халыққа жағатын болсын. Сенің өлеңдерің адамдарға ақиқат пен әділдікті айтатын болсын. Жырларың ел ішіне кең жайылып, ауыздан- ауызға таралып жүрсін»,- дейді.
Кейін қарт Сүйінбай жас Жамбылдың ақын ретінде қалыптасуына көп ықпал еткен. Ақын ол жөнінде:
Менің пірім-Сүйінбай,
Сөз сөйлемен сиынбай-
Сырлы, сұлу сөздері-
Маған тартқан сыйындай!
Сүйінбай деп сөйлесем,
Сөз келеді бұрқырап.
Қара дауыл құйындай!
Екпініме кезіккен.
Кетер ме екен жығылмай!- деп Сүйінбайдан бата алғанын айтады.
В) «Жасшылық ұрындырды талай жарға....»
Жас кезінде Жамбыл ақын, әнші қыздарды жоғары бағалап, кейбіріне тіпті ғашық болған. Жамбылдың алғашқы сүйгені Бұрым атты қыз болатын. Бұрымға деген сүйіспеншілігі онымен айтысқаннан кейін басталады.Бесіктегі кезінде-ақ басқаға айттырылып қойылғанына қарамастан, Жамбыл Бұрымды алып қашқан да, бірақ руаралық тыныштықты ойлаған,Жамбыл қызды қайтарып берген.
Екінші ғашық болған аруы –Сара Нұрбекқызы.Ол- әнші- ақын қыз. Жамбыл Сара Нұрбекқызын арнайы іздеп барып айтысады. Екі жас той тамашаларда кездесіп жүреді. Бірақ көп ұзамай Сараның да қалың малын берген бай ұлына кетуіне тура келеді. Әйтсе де бұрынғысынша әнін айтып, топқа түсуден тартынбаған Сараны қызғаншақ күйеуі балтамен шауып өлтіреді.
Өзі ұнатқан аруларына қолы жетпеген Жамбыл алғашқыда қажылықта жүріп қайтыс болған ағасы Тәйтінің жесіріне әмеңгерлікке үйленеді..Одан бала болмағаннан кейін туыстары қырғыздың Момын деген қызына үйлендіреді.Момыннан Қожақ, Қожаш, Қожамберді, сосын Күнтәй деген қыз туады. Көп ұзамай Момын дүние салады да, Жамбыл қайтыс болған інісі Қоманның әйелін алады. Одан Тоққұлы,Аққұлы деген қос ұл мен Ақбала деген қызды болады. Кейіннен бұл әйелі де өмірден озады. Соңғы үйленген әйелі – Қанымжан. Қанымжаннан ақын Алғадай ,Шыныбай, Ізтілеу, Тезекбай атты төрт ұл сүйеді.
Жалпы, Жамбыл үш әйелден он ұл, екі қыз көрген.
II. Дүлділ.
А) Жамбыл- айтыскер ақын.
Жамбыл алғыр , тапқыр, өжет мінезді, тілге шебер,сондай-ақ бір естіген дастандар мен ұзақ толғауларды есіңде сақтағыш болған. Өлең шығарып, күй тартады, айтысқа да түседі.Шығармаларында ел өмірінің шындығын арқау етіп, ел басшыларының әділсіздігін көп жырлайды, елдің мұң-мұқтажын ескермейтін қатыгез би, болыстарды сынға алады.Жамбыл сол кездің атақты ақыны Жаныс, Бақтыбай, Бұрым, Айкүміс ,Сара Нұрбекқызымен сөз сайысында шабытты жыршысы ретінде көрінеді. Жамбыл айтыс кезінде көптеген ақындарды жеңіп отырған.Айтыстарда қарапайым халық атынын сөйлейді. Халықтың ой-пікірлері мен арман – тілектерін білдіреді.
Жамбылдың ақындық атын аспандатқан ұзақ айтыстың бірі - Құлманбетпен айтысы деп аталады. Өйткені Құлманбеттің атағы күллі Жетісу, Сарыарқа еліне кең тараған, айтысқан ақынды беттетпеген аса адуынды ақын атаған.
Жамбылдың Құлманбетпен айтысқан кездегі айтылған сөздері:
Жақсылық жамандықты тексереді,
Кім жүйрік, кім шабаны екшеледі.
Елімнің ерлігімен мақтанамын,
Сырт дұшпан бізді көрген сескенеді.
Жалғыз-ақ сен болмасаң таз Құлманбет,
Қай ақынға бұл Жамбыл дес береді.
Батыр Саурық, Сұраншы жаудан өлген,
Халық үшін мәйіт болып,жанын берген.
Елді қорғап өлгеннің арманы не?
Қалың қазақ құрметтеп соңына ерген.
Мақтанған байларыңның оңғаны жоқ,
Төңіректің төрт бұрышын жалмап өлген.
"Жамбыл- Сарыбас», «Жамбыл- Құлманбет», « Жамбыл- Шашубай», « Жамбыл-Бақтыбай»,
« Жамбыл-Досмағанбет» , « Жамбыл-Ақкүміс», « Жамбыл- Бұрым», «Жмбыл- Сара сынды ақындармен айтысқан.
|
ә) Жамбыл- өлең сөздің даңғылы.
Тақырыптары
|
Шығармалары
|
1.Халықтың ауыр тіршілігі шындықпен суретейді
|
«Сараң бай мен жомарт кедей», « Жылқышы», « Кедей күйі». « Біреулер жүр», «». «»
|
2.Байлардың, болыстардың халыққа жасаған қиянатын, парақорлығын әшкерлейді.
|
«Мәңке туралы», « Қалиға», « Шалшыбайға», « Сәт сайланарда», « Есенәлі мешкейге», « Кәдірбайдың төбесі », «», «»
|
3. Халық Ресей отаршылдық саясатына қарсы көтеріліс жасаған кезде, патша саясатын әшкерелейді.
|
«Зілді бұйрық», « Патша әмірі тарылды»,
« Халық кегі », « Халықтің еркі кетті басынан», «», «»
|
4.Кеңестік дәуір кезеңіндегі шығармаларында Отан ұғымын аса қастерлеп ,оны ұлықтап жеткізеді.
|
«Отаным», « Туған елім»,
« Күләшқа»,«Бақыт ордасында», « Махаббаты өлшеусіз ана», « Ұлы көш», « Ленинградтық өренім», « Төлеген ер»,
« Алатауды айналсам», « Москваға»
|
Б) Жамбыл - дастан.
Жамбыл әлемінің бір беті, оның жыршылық мектебі
. Сүйінбайдың арғы атасы Күсеп ақын, жыршы, күйші болған.Жамбыл сол ақынның «Көрұғлы» жырын он бес күн жырлаған, «Мың бір түн» жырын он үш күн, үш түн жырлаған,
« Шахнама» жырларын жатқа айтып жырлаған. . Сонымен бірге қырғыздың « Манас», жырын,
« Қыз Жібек» жырын жатқа жырлаған.
Сонымен қатар ол «Өтеген батыр» ,«Сұраншы батыр», «Саурық батыр», « Жапар туралы» дастандарын тудырған ұлы ақын. Дастандарды қағазға түсіріп , жазып алған әдеби хатшысы –Тайыр Жароков.
|
III. Өнер.
1913жылы Алматы қаласының уездік әкімдері Жетісу жеріндегі халық ақындарын жинап алып, Жамбылға Ресей патшасы-Романов тұқымының таққа отырғанына 300 толуына құттықтап,өлең айтуға жарлық береді. Жамбыл патшаны мақтаудан бас тартып, «Өстепкеде» деген өлеңін шығарады.
1919 жылы Алматы қаласында Жетісу ақындарының тұңғыш слеті өтеді. Слетке Жамбыл қатысып барлық ақындарды жеңгені үшін бірінші бәйге, бағалы сыйлық алады.
Жамбыл 1936 жылы Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен көркемөнерінің бірінші онкүндігіне қатысып, «Құрмет белгісі» орденімен марапатталады.Мәскеуді, Ленин мавзолейін аралайды. Онкүндікте « Туған елім» толғауын толғайды.
Жамбыл 1937 жылы 92 жасында алғашқы рет Кавказға сапар шекті. Кавказда Шота Руставелидің «Жолбарыс терісін жамылған батыр» атты поэмасының 750 жылдық тойына барды.
IV. Жеңіс
1938 жылы 19 мамыр күні Ленин орденімен марапатталады .Жамбыл Жабаевтың ақындық қызметінің 75 жылдық салтанатты мерей тойы Бүкілодақтық көлемде аталып өтеді.
Қоғам өміріне белсене араласқаны үшін Жамбыл 1938 жылдан бастап Республика Жоғарғы Кенесінің депутаты болды.
1941 жылы Жамбыл Жабаевке Көркем әдебиет саласындағы аса үздік еңбегі үшін ҚСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты деген жоғары дәрежелі атақ беріледі.
1943 жылы - Жамбыл Жабаев атындағы Халық ақындарының Республикалық айтысы өтіп, оны Жамбыл Жабаев ашады. Байқау жеңімпаздарына Жамбыл атындағы халықаралық диплом мен медаль сыйлыққа берілді. Бұл байқаудың жеңімпазы болған Дина Нүрпейісова.
1945 жылы 22 маусымда жыр алыбы жүз жасқа қадам басқан шағында, жергілікті уақыт бойынша 7 сағат 55 минутта жүрегі соғуын тоқтатты.
1947жылы 8 шілдеде Алматы облысы,Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылында Жамбыл Жабаевтың әдеби мұрасын таныстыру мақсатында ақынның өмір сүрген үйінен ашылды.
Ж.Жабаевқа арналған ескерткіштер Тараз қаласында, Жамбыл ауданында, Санкт-Петербургте қойылған.
III. Өткен тақырыпты бекіту.
Сонымен , алдарыңыздағы хронологиялық кестеге назар аударайық .
Хронологиялық кесте.
1846 ж. 28 ақпанда- Жамбыл алғашқы дүниеге келді.
1860-1861 ж.- Жамбыл алғашқы өлендерін шығарып, Сүйінбай ақыннан бата алған.
1891 ж.- Атақты әнші-ақын Әсет сияқты серілермен, шешендермен кездеседі. Қырғыз еліне ақындығымен танылады.
1916 ж.- Патшаға қарсы ұлт-азаттық қозғалысы кезінде Жамбыл елді азаттық күреске шақырған «Патша әмірі таралды» және «Зілді бұйрық» деген өлеңдерін шығарды.
1919 ж. мамыр айында- Верный қаласында Жетісу ақындарының тұңғыш слеті өтеді. Слетке Жамбыл қатысып , ақындар айтысында бағалы сыйлық алды.
1936 ж. Мамырда- КСРО Орталық Атқару Комитеті Қазақстанның халқы ақыны Ж.Жабаевқа «Еңбек Қызыл Ту» орденін беру туралы қаулы шығарады.
1938 ж. 19 Мамырда -КСРО жоғары Кеңесі Президиумының қаулысымен Жамбыл Ленин орденімен неградталды.
1939 ж.- «Құрмет белгісі» орденімен марапатталады.
1941 ж. 15 наурызда - Көркем әдебиет саласындағы аса үздік еңбек үшін Қазақстанның халық ақыны Ж.Жабаевқа КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты деген жоғары дәрежелі атақ берілді.
1941 ж. Қыркүйекте -Жамбыл атақты «Ленинградтық өнерім» деген өленің шығарды.
1945 ж. 22 маусымда- Жергілікті уақыт бойынша 7 сағат 55 минутта Жамбыл дүниеден өтті.
1946 ж. 8 шілде.- Жамбылдың мұражайы мен кесенесі ашылды.
Слайдтармен жұмыс:
(Жамбыл өмірі туралы суреттермен таныстыру)
IV. Жаңа сабақ:
Мұғалім:Жамбыл Жабаевтың шығармашылығы.
Тақырыптары
|
Шығармалары
|
1.Халықтың ауыр тіршілігі шындықпен суреттейді.
|
«Сараң бай мен жомарт кедей»,
« Жылқышы», « Кедей күйі».
« Біреулер жүр».
|
2.Байлардың, болыстардың халыққа жасаған қиянатын, парақорлығын әшкерлейді.
|
«Мәңке туралы», « Қалиға»,
« Шалшыбайға», « Сәт сайланарда»,
« Есенәлі мешкейге», « Кәдірбайдың төбесі ».
|
3. Халық Ресей отаршылдық саясатына қарсы көтеріліс жасаған кезде, патша саясатын әшкерелейді.
|
«Зілді бұйрық», « Патша әмірі тарылды», « Халық кегі », « Халықтің еркі кетті басынан».
|
4.Кеңестік дәуір кезеңіндегі шығармаларында Отан ұғымын аса қастерлеп ,оны ұлықтап жеткізеді.
|
«Отаным», « Туған елім»,
« Күләшқа»,«Бақыт ордасында»,
« Махаббаты өлшеусіз ана», « Ұлы көш», « Ленинградтық өренім»,
« Төлеген ер», « Москваға».
|
Сабақтың эпиграфы:
«Жүзге кеп бақыт тапқан-Жамбыл,
Дүниеге түгел кеткен атың Жамбыл» дей отырып,жүз жасқа таяу кезде жазған және бұл өлеңімен бүкіл дүниеге аты таратылған өлеңі-
«Ленинградтық өренім» өлеңімен танысамыз.
1941жыл 22-ші маусым күні таңғы сағат 4-те фашистік Германия тұтқиялдан Кеңес Одағына соғыс ашты. Соғыстың алғашғы күндерінен – ақ бүкіл халық жан-тәнімен өз Отанын қорғауға аттанды.
1941 жылы Ленинград жау қоршауында қалған кезде шығарылған, ақынның ерлікті жырлайтын өлеңдерінің бірі- «Ленинградтық өренім»
Бұл өлең – ел тағдыры сынға түскен ең ауыр сәтте жауынгерлерге күш, рух берген маңызды өлең. Жамбыл бұл өлеңінде ленинградтықтардың қаһармандығын көрсетіп, ауыр қиындықтарды бастан өткізген өрендерді жыр етеді.
Қала халқының әрі жау шабуылына , әрі азық – түлік тапшылығына ұшырап тұрған кезінде, Жамбылдың бұл өлеңі Ленинградты қорғаушыларға зор қуат берді. Ол Кеңес халқының жауға деген өшпенділігін айтады, қаһарман қаланың ерлік, революциялық дәстүрін, мызғымас беріктігін жырлайды. Соғыстың қиын кезеңінде Отанға деген ыстық сезімнен туған бұл өлеңнің идеялық маңызы өте зор болды.
1- тапсырма. Оқулықпен жұмыс.
( «Ленингрдтық өренім» өлеңін мәнерлеп оқу, тыңдау, жоспар құру.)
Оқушылар өздеріне берілген шумақты талдайды.
Оқушылардың алдарына өлеңнің мәтіні таратылады.
Өлең жоспары:
а ) «Бағынбаған Ленинград».
ә ) « Жүз жасаған жүректен».
«Ленинградтық өренім»
Ленинградтық өренім,
Мақтанышым сен едің!
Нева өзенін сүйкімді-
Бұлағымдай көремін.
Көпіріне қарасам,
Көмкерген су көлемін.
Өркеш-өркеш жарасқан,
Шоқылардай дер едім.
Сапырылған көк теңіз
Шомылдырып кемерін!
Шамы күндей жайнаған
Аспанға үйлер бойлаған..
Арқа тұтып алыста,
Айбыным деп ойлағам!
Жасағам жоқ өмірді-
Жау сойқанын көргелі.
Төккенім жоқ терімді-
Шер қылғалы кеудені.
Жасалған жоқ салтанат-
Жаудың болуға ермегі.
Жауда қалып Ленинград-
Жаралған жоқ көнгелі!
Жасағамын өмірді-
Жау біткен жеңгелі.
Саудыратын сүйегін,
Топыраққа көмгелі.
Қазақстан жерінен
Тұтағандай ел кегі.
Сендерге дем бергелі,
Жолды кернеп қол кетті.
Нева алабын қорыңдар,
Ленинградтың ерлері!
Ұрпаққа үлгі болыңдар,
Заманымның өрнегі!
Ленинградтың ұл, қызы,
Қайыспаңдар өренім!
«Бағынбаған Ленинград»- деп бірінші бөлімді атадық.Бұл бөлімінде Жамбыл Ленинград қаласын жақсы көретінін және сол кездегі ленинградтықтардың ержүректігін бейнелеген.
Ленинград халқын неге « мақтанышым»дейді?
Ленинградтықтардың ержүректілігі мен жанқиярлығының мәні зор болған. Қоршау күндері Ленинградтық әйелдері мен қыздары үлкен ерлік көрсетті. Олар барлық жерде қорғаныс шебінде фабрикалар, заводтар, ауруханаларда болды. Аш-жалаңаш, шаршап-шалдыққан қыздар Нева өзенінен су тасыды, отын жарды, жүруге шамасы келмейтін адамдарға асханадан ас тасыды.
Жамбыл бұл өлеңін бірінші шумағында Ленинград қаласын ,оның қасында ағып жатқан Нева өзенін, Нева өзенінің көпірін, Нева өзенінің жағалауын, Ленинград қаласының архитектурасын мақтанышпен жырлайды.
«Жүз жасаған жүректен».
Екінші бөлімінде өзін олармен бірге санайтынын, бүкіл халық оларға қамқорлық жасайтынын білдіреді.Олар бұл жаудың ермегі үшін өмір сүрмей жүргенін айтады. Әдемі Ленинград қаласы жауға оңайлықпен берілмеуін сұрайды. Оның халқы тек жеңіс қуанышын көру керектігін айтады.Ленинградты, Нева өзенін қорғап, ұрпаққа үлгі болуларын сұрайды.Ең алдымен, Ленинградты қорғаушыларға зор қуат бере отырып,
Оларды ынтымыққа, бірлікке шақырады.
«Ленинградтық өренім» өлеңі туралы естіліктер:
Жамбылдың өлең - жырлары орталық газеттерде және майдан газеттерінде басылды. Ленинградтық ақын Александр Прокофьевтің естелігінен :
«Бұл шақта немістің қоршауында қалған Ленинград халінің аса бір ауыр шағы еді.Үйлеріне кіретін су тоқтатылды, канализация істемейді, отын атымен болмады.Жау атқан снаряд пен бомбалардың салдарынан терезе әйнектері қирап, терезе е аңырайып ашық тұрды, электр жарығы да нашар жанды. Осындай халде «Ленинградтық өренім» деген жыры газеттерден жарияланды..Халықтың рухын көтеруде ерекше күшті қызмет атқарған бұл жырды Ленинградтың радиосы күніне әлденеше рет оқыды. Жыр үлкен әріппен басылып, көшелерде плакат болып ілінді.Сол плакатты үймелесіп оқысып, көздерінен жастары соғалаған талай адамдарды кездестірдім.Немістердің самолеттері төбеде ұшып ,бомба тастап жүргенде тығылудың орнына Жамбылдың жыры басылған газетті алуға көшеде кезекте тұрған адамдарды талай көрдім»-деп жазады.
Ленинград қаласын қорғаушыларға осындай рухани күш берген Жамбыл жырын зор бағалай келіп, Николай Тихонов: « Жамбыл Ленинградқа келіп, оны қорғаушылардың қатарында тұрды»,- деп жазады.
IV.Жаңа сабақты бекіту.
1 - тапсырма.
Жамбыл туралы білімізді пысықтау үшін « Сандар сөйлейді» ойынын өткіземіз.
Тақтада 1 мен 7 аралығында сандар жазып тұрады.Ол сандардың артында сұрақтар бар.
1) Жамбыл кім? Жамбыл қай жылдары өмір сүрген.
Жамбыл- ақын жыршы, сурып салма ақын, айтыс ақын.(1846-1945)
2) ) Ол қай таудың етегінде туды?
Ол Жамбыл тауының етегінде, Көктерек атты жерде туған.
3) Әкесінің, анасының аттары кім? 4)Балалық шағы қалай өтті?
Балалық шағы жоқшылықта өтті. Әкесінің аты- Жапа, анасының аты – Ұлдан.
4) ) Жамбылдың ұстазы кім?
Жамбылдың ұстазы-Сүйінбай.
5 ) «Ленинградтық өренім» өлеңі кімге арналған? Қай жылы жазған?
1941 жылы Ленинград жау қоршауында қалған кезде шығарылған өлең.
6) Бұл өлең жауынгерлерге не берді?
Бұл өлең жауынгерлерге күш,рух берді.
7) Жамбыл өлеңінде Ленинградты неге теңейді?
Ленинградты өжет, ержүрек, ешкімнен қорықпайтын батыр адамға
теңейді.
VI. Шығармашылық жұмыс.
Сөзжұмбақ шешу.
|
|
|
|
Ж
|
|
|
|
|
|
|
|
|
А
|
2
|
А
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
М
|
|
3
|
|
Б
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Б
|
|
4
|
|
А
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ы
|
|
5
|
|
Е
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Л
|
|
6
|
|
В
|
|
|
|
|
|
Сол жақ:
1)Жамбылдың әкесінің есімі?
2)Дүниеге келген айы?
3)Ж.Жабаев қырғыздың қандай жырын жатқа жырлаған?
4)Біреу сапар шегер алдында, үлкен іс бастарда оң тілек айту не деп айтылады?
5)Жамбыл жас ұрпақты неге шақырады?
6)Жамбыл қандай орденмен марапатталады?
Оң жақ:
1)Жамбыл қанша жасаған?
2)Жамбылдың ұлының есімі?
3)Жамбылдың алғашқы сүйіктісінің аты кім?
4)Жамбыл кім?
5)Жамбыл Ленинград қорғаушыларының несін жырлады?
6)Алматы қаласының патшалық кезеңдегі аты?
V. Қорытынды.
Мұғалім:
Сабағымыздың эпиграфында айтылғандай:
«Жүзге кеп бақыт тапқан-Жамбыл,
Дүниеге түгел кеткен атың Жамбыл» -деп ,
Жамбыл өз заманының тұтас келбетін жасады.Ақындықтың сарқылмас қазынасына, жырдың алтын деңгейіне , тозбайтын асылына , өшпейтін өнегесіне , ұлы мектебіне айналды. Нені жырламасын, нені толғамасын, ол шыншылдықпен , ұлылықпен жырлады, сөйтіп өзі өмір сүрген дәуірдің тұтас келбетін жасады. Ақынның ұлылығы да, оның аты бүкіл дүниеге тарағаны да- міне, осында.
Сабақты Жамалбек Ақылбайқлының «Жамбылым» өлеңімен аяқтағым келеді.
Жамбылым.
Жыры да дария- Жамбылым
Сыры да дария- Жамбылым
Қаратау сынды қазынаң
Шежіре қария - Жамбылым
Сөзі де батыр- Жамбылым
Өзі де батыр- Жамбылым
Алатау сынды айбарым
Арқалы ақын- Жамбылым
Өлеңге ұста -Жамбылым
Айтқаны нұсқа- Жамбылым
Айналған соғыс жылдары
Қырандай құсқа- Жамбылым
Қылышы елдің- Жамбылым
Ырысы елдің- Жамбылым
Ақындар ардақ шақырған
Тынысы жердің- Жамбылым
Қорытынды сұрақтар:
Жамбыл кім?
Ол туралы не білесің?
Жауаптар:
Жамбыл тауының етегінде 1846 жылы туған.
1945 жылы қайтыс болған.
Айтыскер ақын.
Жыр алыбы.
Сүйінбайдың шәкірті.
Жүз жасаған ақын.
Ақын , жыршы.
Ауыз әдебиетінің көрнекті өкілі.
1916 жылғы халық батырларын жырға қосты.
VII . Бағалау.
VIII. Үйге тапсырма:1) Өлеңді жаттап келу; 2)ерлік, батырлық туралы мақал-мәтелдерді жазу. «Жамбыл әлемі» тақырыбына эссе жазып келу.
Достарыңызбен бөлісу: |