САБАҚ ЖОСПАРЫ
Пән
|
Қазақ тілі
|
|
Мұғалім
|
Абдрахманова Бактыгул Амангелдиевна
|
Мектеп, сынып
|
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы.
А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы, 3-сынып
|
Сабақ тақырыбы
|
Жалаң және жайылма сөйлем
|
Мақсаты:
|
Жалаң және жайылма сөйлем туралы түсінік беру, оқылым, жазылым дағдыларын дамытуға, ойлау, есте сақтау, байланыстырып жазу қабілеттерін дамытуға ықпал ету.
|
Міндеті:
|
– интерактивті жаттығулар мен ойындар арқылы меңгерту,
– оқулықтағы жаттығулар арқылы машықтандыру,
– жалаң және жайылма сөйлемді бір-бірінен ажырата білуге үйрету.
|
Күтілетін нәтиже:
|
Жалаң және жайылма сөйлем туралы біледі; жалаң және жайылма сөйлемді бір-бірінен ажырата алады; оқылым, жазылым дағдылары мен тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер туралы түсініктері жетіледі.
|
Керекті жабдықтар:
|
Ж.Қ. Балтабаева, М.Қ. Солтанғазина, Ф.С. Лекерова қазақ тілі 3-сынып, 2014, «Алматыкітап», интерактивті тақта, компьютер, планшет, дидактикалық материалдар, қима қағаздар, маркер.
|
Оқытуға қажетті сілтемелер мен сайттар:
|
http://www.bilimland.kz
http://itest.kz.
|
7 модульдің қолданылуы
|
"Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер", "Талантты және дарынды балаларды оқыту", "Сыни ойлауға үйрету", "Оқушылардың жас ерекшеліктері",
"ОүБ және ОБ", "АКТ ", "Оқытудағы басқару және көшбасшылық"
|
Сабақтың формасы:
|
Топтық, ұжымдық, жеке
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдер:
|
Болжау әдісі, сұрақ-жауап, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары, «Сұрыптау», «Дұрыс, бұрыс» ойыны, интерактивті жаттығулар, жеке, жұптық, топтық жұмыс.
|
Тапсырмалар
|
Кеңейтілген: А, Б, С деңгейлік тапсырмалары.
|
Бағалау
|
Жұптық, өзін-өзі бағалау, бағдаршам, сумативті бағалау. Кері байланыс, «Мадақтау сэндвичі».
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңдері
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Кіріспе
Психологиялық дайындық
«Сөздік материалды сипаттау» жаттығуы
Топқа бөліну
|
Қазір мен сіздерге сөздер оқимын. Әр сөзді естіген соң, сол заттың сыртқы бейнесін, оның иісін, дәмін, шығаратын дыбысын көз алдарыңа елестетіп, сипаттап айтып береміз.
Сөздер: қағаз, доп, мысық, машина дөңгелегі, шар, көгершін және т.б.
Оқушыларды 4 топқа бөлу: Тұрлаулы мүше, Тұрлаусыз мүше, Бастауыш, Баяндауыш
|
Мысалы: «Доп: домалақ, белгілі бір түсі болады, пішіні жұмыр, көлемі әртүрлі, серпіледі»
Оқушылар 4 топқа бөлініп отырады.
|
Тұсаукесер
Білу
Бағалау
«Жұптық бағалау»
«Бағдаршам»
Сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтау
|
Өткенді қайталау. Оқушыға өткен материалдар бойынша тапсырмалар беріледі. Әр топқа тапсырма түрі түрлендіріліп беріледі (Жеке орындайды).
1-топ. Семантикалық карта
2-топ. Сөйлем мүшелерінің байланысын табу
3-топ. Сөз таптарына талдайды.
4-топ. Ережелерін айтады.
Тексеру/Бағалау. 1, 2, 3-топ мүшелері
2-слайдтағы дұрыс жауап бойынша оқушылар бірін-бірі тексеріп, бағалайды.
4-топ мүшелерін барлық топ мүшелері бағдаршам арқылы бағалайды.
«Болжау» әдісі
– Сөйлемнің құрамындағы сөздер саны бірдей бола ма? – Неліктен?
– 2 сөзден тұратын сөйлемдерге мысал келтіре аласың ба?
– Көп сөзден тұратын сөйлем айта аласыңдар ма?
– Бұл сөйлемдер туралы не айтуға болады?
– Ендеше бүгінгі сабағымызда сөйлемдердің құрамындағы сөздердің әртүрлі болу себебін білетін боламыз.
|
Сөйлем мүшелері
|
Бастауыш
|
Баяндауыш
|
Тұрлаусыз мүше
|
Алмабек
|
|
|
|
жазба
|
|
|
|
жұмыстарын
|
|
|
|
мұқият
|
|
|
|
орындайды
|
|
|
|
1-топ Семантикалық карта
2-топ cөйлем мүшелерінің байланысын табу.
Алмабек жазба жұмыстарын мұхият орындайды.
3-топ сөз таптарына талдайды.
Алмабек жазба жұмыстарын мұхият орындайды.
4-топ ережелерін айтады:
– сөйлем дегеніміз не?
– сөйлем мүшелері ...
– тұрлаулы мүше...
– тұрлаусыз мүше...
– бастауыш...
– баяндауыш...
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |