Сабақ тақырыбы: Жануарлардағы қанайналым мүшелері: буылтық құрттар, ұлулар,буынаяқтылар және омыртқалылар



бет2/2
Дата10.06.2017
өлшемі330,78 Kb.
#18498
түріСабақ
1   2


.
2)Топтық жұмыс: «Үйренгеніңді үйрете біл» әдісі

бойынша әр топ басқа топтарға өз игерген білімдерін түсіндіру тапсырылады Оқушылардың топтық алмасу арқылы әр жануарлардың қанайналымымен танысады.
Дескриптор:

*Омыртқасыз және омыртқалы жануарларда заттар тасымалына қатысатын мүшелерді анықтайды.

*Ағзалардың қанайналым мүшелерінің айырмашылығын айыра біледі.

*Әр түрлі жануарлар мысалында қанайналым жүйесіне қатысатын мүшелердің өзгерістерін тұжырымдайды.



3)«Түртіп алу» әдісімен дәптермен жұмыс жасайды.



Дескриптор:

*Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың зат тасымалына қатысатын мүшелердің ерекшелігін тұжырымдайды.

*Қанайналымның үлкен және кіші шеңберлерін анықтайды.


10 мин.


Сабақтың аяғы

10 мин

1) Сергіту сәті

«Жүректен-жүрекке» әдісі бойынша бір-біріне тілек айтады.

(Ішіне бүгінгі өтілген сөздерді қосу -міндетті. Жүрек, қантамырлар, қан, капилляр, қоректік заттар)



3 мин


2) «Ой түю» 5-5-1 әдісі:

Оқушылар сабақ кезінде нені меңгергені жайлы 5 сөйлем жазады.Одан кейін сол 5 сөйлемді 5 сөзге дейін қысқартады.Соңында 5 сөзді 1сөзге қысқартады. Сабақтағы –өзі үшін маңызды болған сөзді қалдырады. Оқушылар өздерінің түйінді сөзін бүкіл сыныппен бөліседі.



5 мин

Рефлексия

Сабақтан алған білімдерін ай белгілермен бағалайды.



Толық ай – сабақты толық түсіндім;\

Жарты ай - мен жартылай түсіндім;

Жаңа ай – менің түсінбегенім басымдау болды.


2 мин



Саралау

Оқушылардың көбі мынаны орындай алады: Оқушылар заттар тасымалына қатысатын мүшелердің құрылысы мен қызметін айтады.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады.

Оқушылар заттар тасымалына қатысатын мүшелердің құрылысы мен қызметін жәндіктер мен жануарларды мысалға ала отырып салыстырмалы түрде айтады.


Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады.

Әр түрлі жануарлар мысалында қанайналым жүйесіне қатысатын мүшелердің ерекшеліктерін тұжырымдайды.Қанайналымның ашық және тұйық жүйелерін салыстырады.


Саралау барысында мен «Диалог және қолдау көрсету» тәсілін қолданамын.

*Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты және нақты көмек қажет болады.

*Оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдынала дайындалған сұрақтарда қоямын. Бұл әдісті қолдану барысында сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру маңызды роль атқарады.





Бүгінгі сабақта қолданған әдіс-тәсілдерім

*« Сәйкестендіру кестесі » әдісі,

*«Қазына іздеу жолында» әдісі ,

*«Үйренгеніңді үйрете біл» әдісі,,

*«Түртіп алу» әдісі,

*«Жүректен-жүрекке» әдісі ,

*«Ой түю», « 5-5-1 » әдісі,

* «Ай белгілері » әдісі.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет