Сабақ тақырыбы Жарық. Жарық жылдамдығы. Жарық көзі. Күн жұлдыз. Жарықтың таралуы. Күн мен Айдың тұтылуы



бет3/3
Дата08.09.2017
өлшемі0,6 Mb.
#30535
түріСабақ
1   2   3

Күннің тұтылуы. Егер Ай өзінің Жер айналасындағы қозғалысында Жер мен Күннің арасына келіп қалса , онда ол Күнді жауып қалса, онда Күн тұтылады. Ай Жерге көлеңке мен ала көлеңке түсіреді. Жерге Ай көлеңкесі түскен нүктелерінде Күн толық тұтылады, Жер бетінің алакөлеңке аймағындағы нүктелерінде ол тұтылу жартылай болады. Күннің тұтылуы таңғаларлық көрініс болып табылады. Аспанда қара дөңгелекті және оның айналасындағы тамаша шұғыла-Күн тәжін көреміз. Ол күннің қатты қызған атмосферасының жарқыраған сыртқы бөліктері. Күннің толық тұтылуы кезінде тез қараңғы түседі. Ауа температурасы төмендейді, тіпті шық пайда болады. Толық тұтылу көбіне 2-3 мин-қа созылады және ұзақтығы 8 мин-та (7 мин 40 с) аспайды. Ол Жерде бір жарым жылда бір рет болады, бірақ Жердің бір орында қайтадан болуы өте сирек: шамамен 200-300 жылда 1 рет болатын құбылыс.

Күн тәжі

Айдың тұтылуы. Ай Жердің көлеңке аймағына енгенде, Ай тұтылуы басталады. Ай тұтылу тек Айдың толған кезінде, яғни Ай аспанның Күнге қарсы нүктесі маңайында болған кезінде байқалады. Бұл уақытта Ай Жерге өзінің барлық жарықталған жарты шарымен қарайды. Егер толық Ай өзінің Жер айналасындағы қозғалысында толығымен Жердің көлеңкесіне енсе, онда Айдың толық тұтылуы болады. Егер ол көлеңке шетін жанап өтсе, онда тұтылу жартылай болады. Айдың толық тұтылуы ұзаққа созылады, екі сағат дерлік болуы мүмкін.

Ортағасырлық Шығыс ғалымы, Хорезмде туылған Мұхаммед ибн Ахмед әл-Бируни (973-1048 жж) Ай тұтылу кезінде, Ай түсінің өзгеруін, Күннің толық тұтылуы кезіндегі Күн тәжі құбылысын бақылап, суреттеп жазған.



Флипчарт

Практикум

25 мин


1-тапсырма. Кестеге мына аталған денелердің қайсысы табиғи жарық көздеріне, қайсысы жасанды жарық көздеріне жататынын жазыңдар: Күн, шырақ, теледидар экраны, жұлдыздар, шіріген заттар, күндізгі жарық шамы, найзағай, газ плитасы жанарғысының жалыны, поляр шұғыласы, дисплей экраны.

Жарық көздері



Табиғи

Жасанды


2-тапсырма «Бос орынды толтыру»

3-тапсырма. Жерден қарағанда, Күннің толық және жартылай тұтылуының ауданын көрсетіңіз









Сабақтың соңы

5 мин


Үйге тапсырма

2 мин
Рефлексия

3 мин


Бүгінгі сабақтың қорытындылау мақсатында сұра-жауап әдісі арқылы оқушылардың алған білімдерін пысықтау

  1. Күн сәулелерінің қандай бөлігі жерге түседі?

  2. Жердегі тіршіліктің дамуында Күннің ролі қандай?

  3. Қандай денелер жарық көздері бола алады?

  4. Жарықтың түзу сызықты таралатынын қандай тәжірибе арқылы дәлелдеуге болады? ( шағын эксперимент жасау)

  5. Күннің немесе Айдың тұтылуын байқағандарын бар ма?

  6. Біздің облыста Күннің тұтылуы соңғы рет қашан байқалды, білесіздер ме?


§ 61. Жарық. Жарық жылдамдығы. Жарық көздері  § 62. Күн –жұлдыз. 
§ 63. Жарықтың таралуы. Күннің және айдың тұтылуы.
Сабақ соңында оқушылар рефлексия парағын толтырады

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмыстыжалғастыруқажет


Физика


8 сынып

Б.М.Дүйсембаева

Г.З.Байжасарова

А.А.Медетбекова




Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:

Жарық туралы біледі



Оқушылардың көпшілігі:

Жарық табиғатына сипаттама бере алады



Кейбір оқушылар:

Жарықтың түзу сызықты таралатыны нақты деректермен дәлелдей алады



Тексеру парақтары

Шапалақтау

Бағалау парақтары

Сабақ барысында қолдау, қолпаштау көрсету жетістік критерийлері арқылы



Интерактивті тақтаны сабақ барысында қолдану уақытын 10 минуттан асырмау

Көз жаттығуларын орындау

Кабинетті желдету

Кабинетте приборлармен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережесін сақтау (су қолмен жұмыс жасамау), серіппелерді ұқыпты қолдану



Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?



Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?




Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет