А) Эпилог бөлімі. Шарты қойылған сұрақтан қай ғалымның еңбегі екенін табу қажет.
1 сұрақ.Фагоцитоз процесін терең зерттеп,бұл терминді ғылымға енгізген кім?
2 сұрақ.Эндоплазмалық торды ең алғаш электрондық микроскоптың көмегімен тауық балапанының ұлпасынан тапқан кім?
3 сұрақ. Ауыр металдардың ерітіндісімен бояу арқылы жүйке жасушасынан тор тәрізді жиынтықты тапқан кім?
4 сұрақ. Лизасоманы ашқан ғалым.
5 сұрақ. Митохондрияны ең алғаш 1850 жылы жәндіктердің бұлшық етінен тапқан ғалым кім?
6 сұрақ.Митохондрияны “биобласт” деп атаған кім?
7 сұрақ.Митохондрия терминін енгізген кім?
Б) Коррекция бөлімі. Дидактикалық материалдармен жұмыс.Оқушылардың алдына органодтердің суреті беріледі, олар суретте қандай органод бейнеленгенін тауып, сол органодқа сипаттама беруі керек.
Жаңа сабақ. Жасуша ядросы.
Ядро- өсімдіктер мен жануар жасушасының тұрақты бөлігі. Ядросы толық жетілген организмдерді эукариоттар, ал ядросы жетілмеген организмдерді прокариоттар деп атайды.
Ядроның құрылысы – ядрошық, ДНҚ жіпшелері, саңылаулар, ішкі және сыртқы мембранадан тұрады.
Ядрошық- шар тәрізді тығыз денешік, оның мөлшері 1-2 мкм- ден 10 мкм-ге дейін өзгеріп отырады. Ядрошықтың құрамында 1,5 % ДНҚ және 8 % нәруыз болады.Жасуша бөлінген кезде ядрошық жойылып кетеді.
Ядрошық- шар тәрізді тығыз денешік, оның мөлшері 1-2 мкм- ден 10 мкм-ге дейін өзгеріп отырады. Ядрошықтың құрамында 1,5 % ДНҚ және 8 % нәруыз болады.Жасуша бөлінген кезде ядрошық жойылып кетеді.
Ядро шырыны- ядро қабықшасының ішіндегі қуыстарды толтырып тұратын қоймалжың зат. Оның құрамында нәруыздар, нуклейн қышқылдары мен көмірсулар болады.
Жасушалар ядросының санына қарай бір ядролы және көп ядролы болып бөлінеді. Омыртқалы жануарлардың бауыры, сүйек, бұлшық ет ұлпалары және қарапайымдар көп ядролы болады.
Ядроның құрамы. Ол тірі организмдердің тұқым қуалайтын белгілері мен қасиеттерін ДНҚ түрінде сақтайтын хромосомалар, ядро шырыны, ядрошық, РНҚ- дан тұрады.
Хромосомалар.
Хромосома дегеніміз – ДНҚ-ның жіпшелерінен тұратын созылыңқы тығыз денешік.Олар бірнеше бөліктерден тұрады: алғашқы бөлік және екінші реттік бөлік.Хромосоманың құрамында 40 % ДНҚ, 40% гистон, 20% қышқыл нәруыз және өте аз мөлшерде РНҚ болады.
Гистон дегеніміз- хромосомадағы құрылыс қызметін атқаратын нәруыз.Қышқыл нәруыз хромосоманың қозғалысына, ДНҚ мен РНҚ-ның синтезіне, организмдегі белгілерге жауап беретін нәруыздың қызметін атқарады. РНҚ ядро мен цитоплазманың арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.
Әр түрге тін хромосомалар пішіндері және сандары жөнінен бір-бірінен айырмашылықтары болады.Мысалы, адамда – 46, жылқыда – 66, бақада – 26, дрозофилада – 8, жүгеріде - 20, бұршақта - 14 хромосома бар.
Хромосомалардың типтері
Центромералар хромосоманы екі ашаға бөледі, центромералардың орналасуына байланысты хромосомалар пішіндері өзгеріп отырады.
1. Егер центромера хромосоманың дәл ортасында орналасса, онда ол тең екі ашаға бөлінеді.Хромосомалардың мұндай типін метаценртлі хромосомалар дейді.
2. Егер центромера хромосоманың ортасынан сәл оңға немесе солға қарай орналасса, онда хромосома тең емес екі ашаға бөлінеді. Хромосомалардың мұндай типін субметаценрлі хромосомалар дейді.
2. Егер центромера хромосоманың ортасынан сәл оңға немесе солға қарай орналасса, онда хромосома тең емес екі ашаға бөлінеді. Хромосомалардың мұндай типін субметаценрлі хромосомалар дейді.
3. Егер центромера хромосоманың бір ұшына жақын орналасса, онда хромосома тең емес екі ашаға бөлінеді.Бір ашасы ұзын, екіншісі қысқа болады. Хромосомалардың мұндай типін акроценрлі хромосомалар дап атайды.

4. Егер центромера хромосоманың ұшында орналасса, ондай типті телоценрлі хромосомалар деп атайды.
5. Кейбір хромосомаларда екінші буын өте ұзын болады да, хромосоманың аз бөлігін негізгі бөлігінен бөліп тұрады.Хромосомалардың мұндай типін спутникті хромосомалар деп атайды.
5. Кейбір хромосомаларда екінші буын өте ұзын болады да, хромосоманың аз бөлігін негізгі бөлігінен бөліп тұрады.Хромосомалардың мұндай типін спутникті хромосомалар деп атайды.
Қорытып, бекіту кезеңі.
Рефлексия бөлімі.
Я
Г
И
Х
Р
О
М
Д
Р
О
С
Т
О
О
К
А
Р
И
О
Н
С
М
Е
Т
А
Ц
Н
О
А
Р
Т
Н
Е
Қ
М
Я
Д
Р
О
Ш
Ы
А
Үйге тапсырма. § 18 түсініп оқу 78 беттегі кестені толтыру