Сабақ тақырыбы: Жәңгір хан өз заманының білікті тұлғасы. Сабақ мақсаты



бет8/17
Дата05.02.2022
өлшемі35,52 Kb.
#18062
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Зерттеу тобы:
  • 1. тапсырма. Ішкі орданыњ құрылу себебі.
  • Ел басына түскен ауыр қасіретке он ойланып, жүз толғанып жүрген Бөкейге Астрахань казактарының бастығы полковник П.С.Попов елеулі ықпал жасаған. Ол Ресей қамқорлығына өтуге кеңес берді. Көзі ашық, көкірегі ояу Бөкей П.С.Поповтың бұл кеңесін халқын ауыртпалықтан алып шығудың, Жайықтың Самар жақ бетін иемденудің бірден - бір жолы деп түсінді. Бұл жерде оның жүрегі халқым деп соққанына шүбә келтіруге болмайды. Өйткені бұл кезде Бөкейдің Кіші Орданың кең жазығына сыймайтындай мыңғырған малы да болмаған. Бұл жөнінде Орынбор шегаралық комиссия кеңесшісі
  • А.О. Кузнецовтің Орынбор әскери губернаторы П.К. Эссенге: " Бір отбасындағы Бөкей мен Шығай Нұралиевтердің 1801 жылы Жайықтың бергі бетіне өткенде 5 түйесі, 30 - дай қойы, 17-ге жетер - жетпес жылқысы болған,"-деп жазған.
  • Сөйтіп, Бөкей халқыныњ мүддесі үшін 1801 жылы ақпан айында Грузия және Астрахань губернияларының Бас бастығы генерал - лейтенант
  • К.Ф. Кноринге өтініш жазды.
  • Ал патша үкіметінің мақсаты бодандыққа өткендердің малы да, жаны да Ресей " қамқорлығында " болады деген ұғымды түсіндіру оңай деп санады. Оның үстіне Астрахань, Орал қалмақтары мен казактарына қазақтардың шабуылынан құтыламыз, әрі Кіші Орданы бөлшектеудің, ондағы билеуші сұлтандардың арасына іріткі салудың сәті түседі деп білді.(уақытша Кеңес мұрағаты №8 іс)
  • 1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет