2. тапсырма. Бөкей халқына қандай қамқорлық жасады? Бөкей өмірден өткенше халқына қамқорлық жасаудан жаңылған жоқ. Оған дәлел Орал әскери кеңесінен бастап Орынбор генерал - губернаторына, патшаның тікелей өзіне 1803, 1806, 1807, 1808 жылдары Ішкі Орда қазақтарына тұрақты жер бөліп беру жөнінде бірнеше рет мәселе қойған. Нәтижесінде Ресей отрлаушыларымен алысып жүріп Кіші Ордадан " жүдеу, аздаған малмен көшіп барған қазақтарды " ақтылы қойы, мыңғырған түйесі, жылқысы бар ел қатарына жеткізген. Елінің еңсесін көтерген. Халқымен бірге көшпелі өмір сүрді. Ол Астрахань генерал - губернаторының қабылдауына барғанда үстіне киіп баратын киімі де болмағаны оның байлыққа қызықпағанын дәлелдесе керек. Ол ханмын деп халқынан ерекшеленбеді. Халқының мұңын мұңдап, жоғын жоқтады. Казактардың өрескел қиянаттарынан қорғады.(уақытша Кеңес мұрағаты №1 іс ) |