Қорытынды. Мінеки, балалар, Жәңгір ханның еліне жасаған жақсылығы, қамқорлығы кез - келген ханның қолынан келмеген істер екен. Ресей губернаторының қысымына шыдап, хан ордасына шіркеу салуға христиан дінінің таралуына мүмкіндік бермеді. Суылдаған Нарын құмына су сеуіп, гүл бақшаға айналдыруға, халқын мәдениетті, білімді, таза дінді, ұлттық намысы бар қасиетті қазақты тәрбиелеуге бар ақылы мен күшін жұмсаған қайраткер екендігіне ден қоюға болады. Жәңгір хан кемеліне келген шағында жұмбақ өлімнен күз жұмды. Әйелі мен екі баласының өлімі де құпия болды. Әңгіменің қысқасы, отарлаушылар оның отбасын тоз - тозын шығарды. Қазақстанда хандық билік жою жөнідегі жоба жүзеге асты. Жәңгір хан халқы үшін қабырғасы қайысқан қайраткер екендігін тарихи деректер дәлелдейді. Жәңгір хан - өз заманының білікті тұлғасы болды десек қателеспейміз.
Достарыңызбен бөлісу: |