6. тапсырма. Жәңгірдің көтеріліспен байланыстылығы. Коммунистік партияның ызғарлы желі Жәңгірдің халқына еткен еңбегі, саяси көзқарасы, отарлаушылыққа қарсы қалай күрескені, ақыл парасаты, халқы үшін еңбек сіңірген қайраткер екендігі жоққа шығарылды, халықтан бүркемеленді. Жәңгір хан елдің экономикасын, мәдениетін, білімін, дінін, тілін көтеруге зор еңбек етті. Жәңгір 22 жыл хандық құрған кезде басқа хандар істемеген істерді қазақ тарихында игі - мұраларды өмірге келтірді. Ал Исатай мен Махамбет бастаған көтерілістің шығуының түп тамыры отарлау саясатында жатыр. Оны Жәңгірдің туысқандары да көрді. Мысалы: Заңсыз жерге үй салды деген желеумен Шығайдың үйін бұздырғандығы, Жәңгір хан ордасына қолайлы жер таппай Нарын құмының ортасына салғандығы және 1841 жылы 1 желтоқсанда министр В.М.Корнеевке Жәңгір "Я сам не имею ни одной десятины земли,"-деген тарихи құжаттар мұрағатта сақталған. Өзінде жер болмаса да Исатайға 1825 жылы қолайлы қоныс " Күйген арал " мен " Қара қамысты " деген жерді иелігіне берген. ( ҚРОММ. 4 қор. 1 тізімдеме. 197 іс) |