8. тапсырма. Жәңгір ханның халқы үшін жасаған игі істері. Жәңгір хан өзіне дейінгі бірде - бір хан істемеген істерді халқы үшін істеген. Ең алдымен Ішкі Ордада халқы астық іздеп, малын айдап Ресей қалаларына шұбырмасын деп Антонов постында орыс көпестерінің астық қоймаларын ұйымдастырды. " Жас құста " жәрмеңке ашты 1832 жылы. Халықтың мұң - мұқтажын талқылап, шешіп отыратын хан ордасын, онда қызмет ететін қазақ, орыс, татарлар үшін 50 тұрғын үй салды. Хан ордасында өз қаржысына халқының мүддесі үшін мектеп ( 1841 ж), дәріхана, аурухана ашты және хандықтың картасы жасалған, хан қаржысымен Ресей оқу орындарына қазақ балаларын жіберіп оқытты. Қазақ тарихында тұңғыш қазақ қару - жарақ мұражайын ұйымдастырды. Әрбір 170 үйге бір молда есептеп, қазақ жастарынан 139 молда даярлап, Ішкі Ордада мұсылман дінінің терең тамыр жаюына ықпал жасады. Өз мойнындағы жауапкершіліктің күптігіне қарамастан мектеп оқушыларының, молдалардың білімін тексеруге уақыт бөліп отырды. Емтихандарға қатысып, олардың қабілеттерін анықтады. Жәңгір өзі бас болып мұсылман дінін насихаттады. Хан Жәңгірдің бұл әрекеті отарлаушыларға жақпады. |