Сабақ тақырыбы: Жәңгір хан өз заманының білікті тұлғасы. Сабақ мақсаты



бет14/17
Дата05.02.2022
өлшемі35,52 Kb.
#18062
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
7. тапсырма. Жәңгір мен Исатай қарым - қатынасы.
  • Кейбір деректерге қарасақ: " Жәңгір 400 мың десятина жер иеленді",-деген сөз В.А.Перовскийден тараған жалған сөз болуы ғажап емес. Бұл әлі де зерттеуді қажет ететін мәселе. Ал Исатаймен қарым - қатынасына келсек, Жәңгір Исатайды қатты құрметтеген, ерлігін бағалаған. Петербургке императорға кетіп бара жатқан Хиуа елшісін Сарайшық бекінісінде күтіп алу жауапкершілігін Исатайға тапсыруы осының бірден - бір дәлелі. Ал көтерілістің тууына халықтан алынатын салықтың көп болуының ықпалы болғандығы шындық.
  • Бірақ сол алым - салықтың бәрі дерлік халықтың экономикасы мен мәдениетін, білімін, дінін, тілін көтеру үшін жұмсағанын ешкім жоққа шығармайды. Оны тарих та өшіре алмайды. Оның үстіне Бөкей Ордасындағы қызмет еткен Сыртқы істер министрінің өкілін, әртүрлі лауазымды шенеуніктер, саяхатшылар, хан кеңесіне жиналатын ел басшыларын күту, хан ордасында мектеп, дәріхана, аурухана, тұрғын үй құрылысы тағы басқа шығындардың халықтың мойнына түскені шындық. Мұндай шығынға арнайы қаржы бөлінбеген. Сондықтан халықтан жиналатын алым - салықпен толықтырылып отырған. Жәңгірдің түпкі мақсатын көтерілісшілер де, оның басшылары да кезінде түсінбеген, түсінгісі келмеген де болу керек.
  • 1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет