Сабақ тақырыбы: Жәңгір хан өз заманының білікті тұлғасы. Сабақ мақсаты



бет6/17
Дата05.02.2022
өлшемі35,52 Kb.
#18062
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Махамбет Өтемісұлы.
  • Махамбет - ақын, күйші, батыр. 1804 жылы Ішкі Ордада Бекетай аймағында дүниеге келіп, 1846 жылы қазіргі Атырау облысы Махамбет ауданына қарасты Қараой деген жерде қаза болған. 1836 -1838 жылдары болған көтерілістің көсемі әрі жалынды жыршысы. Бала кезінен мұсылманша, орысша оқыған. Әкесі Өтеміс елге ықпалды би болған. 1824 - 1828 жылдары Орынбор қаласында Жәңгір ханның ұлы Зұлқарнайын қасында болды. 1834 жылы Исатай батырмен тізе қосады. Алайда көтеріліс жеңіліс табады. 1838 жылы Исатай қаза болған шайқастан Махамбет аз ғана серіктерімен қашып құтылады. Ол Хиуа хандығына барып тағыда жасақ жинауға күш салады. Бұдан нәтиже шықпаған соң Бөкей ордасына жасырын өтіп ел ішін паналайды. Мұны естіген Жәңгір 40 адамнан қаралған жасақ жібереді. Махамбетті ұстап екі апта түрмеде ұстап Орынборға айдатады. Тұтқыннан босаған соң өмірін Жайықтың бергі бетінде ел ішінде өткізеді. Жәңгір хан қайтыс болған соң елге сұлтан болған Баймағамбет Айшуақов Махамбетті қудалауын қоймады. Ол ақынның басы үшін 1000 сом сыйақы тікті. Махамбет хорунжий Ықылас Төлеевтің қолынан қаза тапты. Махамбет " Ереуіл атқа ер салмай ", " Ұлы арман ", " Жайықтың бойы көк шалғын", " Атадан туған ардақты ер ", тағы басқа жырларында болашаққа зор сеніммен қарайды, жақсылыққа, бақытты, бостандықты күреспен ғана жеңіп алуға болады дейді.
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет