І.Ұйымдастыру бөлімі:
а) Сәлемдесу
ә)кезекші мәлімдемесі
б) топ ережесі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1-топ: Төрт түлік туралы мақал-мәтел жазу.
2-топ: Төрт түлік туралы жұмбақтар жазу.
3-топ: Төрт түлік туралы тыйым сөздер жазу.
4-топ: Төрт түлікке қатысты болжамдар жазу.
ІІІ. Жаңа сабақ: а) Топқа бөлу
Кәне шеңбер құрайық,
Дөңгелене тұрайық.
Жасырынған сөздерден
Тобымызды табайық.
1.Жыл мезгілдеріне байланысты сөз тіркестері жазылып тасталады.Оқушылар бір-бірден алады.(Ақ түтек, жаңа жыл, көк шалғын, төлдеген мал, ұйтқыған боран,сұр бұлт, сарғайған жапырақ, құстар дауысы,аналар мерекесі,күн мен түн теңеледі,аптап ыстық, мол жауын, оқушылар демалады, сабақ басталады,жасыл дала, шаңғы тебу)
2.Тақтаға жыл мезгілдерінің суреттері ілінеді. Оқушылар алған сөздерін тиісті сурет үстіне жапсырады. Топ аттары беріледі.
1-топ: Көктем
2-топ: Жаз
3-топ: Күз
4-топ: Қыс
3.Топтық қорғалым: Өз топтарын қорғау, баяндау (сурет бойынша)
б) Мағынаны тану
1.Оқулықпен жұмыс,тақырыппен танысу
2.Автор туралы мағлұмат
Ескен Елубаев - 1942 жылы 18 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Отар стансасында туған. 1958 жылы Отар стансасындағы №529 теміржол орта мектебін бітірген. ҚазМУ-дің филология факультетін 1966 жылы тамамдаған. 1966 жылдан бастап «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде, «Жалын», «Өнер», «Балауса» баспаларында, «Балдырған» журналының бас редакторының орынбасары болып қызмет істеген.
Ең алғашқы өлеңі 1958 жылы республикалық «Ара» журналында жариялайды.Қырықтан астам кітаптары қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген. «Балабек», «Асар» пьесалары республиканың көптеген театрларында қойылып келеді. Шығармалары қазақ және орыс мектептеріне арналған оқулықтарға енген.
Көк жейде. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1967;
Көкпар. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1970;
Баламысың деген. Өлеңдер. А., «Жалын», 1981;
Өжет. Пьесалар, тақпақтар. А., «Өнер», 1984;
3.Топтық тапсырмалар: Оқулықтан өлеңді оқу. Әр топ өз мезгілдері жөнінде кестеге жазады.
Жыл мезгілдер
|
Қайтеді?
|
Неліктен?
|
|
|
|
4.Диалогтық оқу
5. Сергіту сәті:«Ия» немесе «жоқ» ойыны
–Күзде балалар аққала жасайды. (жоқ)
–Көктемде мал төлдейді. (Иә)
6.Кім қай мезгілді ұнатады? Не үшін? Сурет тұсына стикер жапсыру
7.Абайдың табиғат туралы өлеңдерін және өзінің жаттаған өлеңдерін айту: Мирас (жатқа айту)
«Жазғытұрым», « Жаз», « Күз», « Қыс»
8.Суреттер ішінен керегін алу, дәптерге жазу
ІҮ.Қорытындылау:Сызбамен жұмыс. Ертегі оқу «Жыл мезгілдері»
-Ғасыр бабаның Жыл атты жалғыз ұлы болыпты. Жыл төрт перзент сүйіпті: екі ұл, екі қыз.Үлкені Қыс – шатақ мінезді, ә десе мә деп, жағадан ала кетер сотқарлау, басынан сөз асырмайтын қиқар болыпты. Содырлау болғанымен, әкесі оны бірбеткейлігі, шымырлығы үшін жақсы көріпті. Қыстың үш ұлы болыпты.
Екіншісі, Көктем – жұрттан асқан көрікті, жаны да, тәні де сұлу қыз болып өсіпті. Нені болса да жүрегіне жақын алатын сезімталдығы мен көркемдігі үшін оны бәрі де сүйеді екен. Көктемде бір қыз, екі ұл бар екен.
Үшіншісі, Жаз – әпкесіне қарағанда ашық – жарқын,жайдары мінезді, көңілді қыз болып қалыптасыпты. Ол аузын ашса көмейі көрінетін адалдығымен, таңғы шықтай мөлдір, пәктігімен көпке ұнапты.Оның да бір ұл, екі қызы бар еді.
Ал, ең кенжесі Күз – өте ерке болыпты.Ол сәл нәрсеге ренжіп, бұртиып, қабағын түйе қалады екен. Кейде болмашыға өкпелеп, әрең іркіп тұрған көз жасын төгіп-төгіп жібереді екен. Әйтсе де, Күзді жомарттығы мен ақкөңілдігі үшін бәрі де ұнатыпты. Күздің де үш баласы бар екен.
Балалары өсіп, ержеткен соң оларды жиып алып Жыл атасы былай депті:«Балаларым, сендер үлкен азамат болдыңдар, ақылдарың толды.Енді барып халыққа қызмет етіңдер, өз міндеттеріңді атқарыңдар.Әрқашан халық үшін, адам үшін жұмыс істейтіндеріңді ұмытпаңдар» депті .Осыдан бастап үш айдан тұратын төрт жыл мезгілі пайда болыпты. Жыл мезгілдерінің бір – бірінен ерекшеліктері әуел баста осылай қалыптасқан екен дейді.
12 айға тілек жазу
Тақтаға ай аттары жазылады. Әр топ өз айларына бата тілек жазады.
Наурыз назды болсын,
Сәуір сазды болсын,
Мамыр мейірімді болсын,
Маусым мағыналы болсын,
Шілденің шырайы кірсін,
Тамыз тамылжып тұрсын,
Қыркүйек қазына жисын,
Қазан қаспақты болсын,
Қарашада қар көп боп,
Желтоқсанда жел жоқ болсын,
Қаңтар қатулы болмасын,
Ақпан ашулы болмасын.
Мен қандай әсер алдым?. «Бағдаршам» әдісі арқылы анықтау
Ү.Бағалу: Өзін-зі бағалау, топтық бағалау, жиынтық бағалау.
Үйге тапсырма:Өлең мәтіні бойынша диалог құру, оқу.
|
Оқушылар сәлемдесіп, топқа бөлінеді.
Шаттық шеңбері құрылып, сыныптағы атмосфера қалыптасады.
Топ ережесімен танысады.
Үй тапсырмасы тексеріледі.
Сөз тіркестері бойынша топқа бөлінеді.
Сызбамен жұмыс жасай алады. Постер құрады.
Жаңа сабақты меңгерту жұмыстары, автормен танысады
Топтық тапсырмалар беріледі.
Абай өлеңдерін еске түсіреді. Табиғат туралы өлеңдер оқылады.
Сызбамен жұмыс жасайды. Ой қозғау.
Ертегі тыңдайды, тілек жазады.
Бағалау, үйге тапсырма
|