Сабақ тақырыбы Жылуөткізгіштік. Конвекция. Сәуле шығару



бет5/7
Дата08.02.2022
өлшемі35,73 Kb.
#117459
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Физика 8 Жылу құбылыстары. Жылу берілудің түрлері. Сабақ жоспары

2- эксперимент
Штатив, пробирка, су, мұз, жанарғы
Оқушылар жылу өткізгіштік заттың күйіне байланысты екенін дәлелдейді.Тәжірибе нәтижесін топта талқылайды.
Ерекше қабілетті оқушылар оқулықтағы 2-жаттығу бойынша 1,2,5,6 сұрақтарға дайындалып, басқа топ мүшелеріне сұрақтар қояды.
2-топ Конвекция
1-эксперимент
Оқушылар сынауыққа су құйып жоғарғы жағынан қыздырады, оның төменгі және жоғарғы жағындағы температураны салыстырады. Оқушылар судың жылу өткізгіштігіне байланысты тиісті қорытынды жасайды.
2-Эксперимент
Оқушылар сынауыққа су құйып төменгі жағынан қыздырады, оның төменгі және жоғарғы жағындағы температураны салыстырады. Оқушылар бірінші эәне екінші эксперимент арасындағы айырмашылықты түсіндіреді.
Сұйықтарда жылу қалай берілетінін топта талқылайды.
3 – эксперимент Конвекция құбылысын сипаттау үшін қыздырғыш плита, колба, перманганат калий түйіршіктері берілген.Осы құралдарды пайдаланып сұйықтарда жылу төменнен жоғарыға қарай берілетінін дәлелдеп, тәжірибеге қорытынды жасайды. Топ мүшелеріне жетелеуші сұрақтар қоюға болады. Мысалы:
1.Судың төменгі қабаты қызғанда , оның көлемі қалай өзгеретін сипаттаңдар.
2. Судың төменгі жағындағы қызған қабаты мен жоғарғы жағындағы салқын қабаты неліктен орын ауыстырады
3.Неліктен конвекция газдар мен сұйықтарда жүретінін болжаңдар
4.Заттың қандай күйінде конвекция жүру мүмкін емес? Жауаптарыңды негіздеңдер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет