Сабақ тақырыбы Жылуөткізгіштік. Конвекция. Сәуле шығару



бет4/7
Дата08.02.2022
өлшемі35,73 Kb.
#117459
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Физика 8 Жылу құбылыстары. Жылу берілудің түрлері. Сабақ жоспары

1-топ. Жылу өткізгіштік .
1-эксперимент
Оқушыларға штатив, спиртовка, сіріңке, темір және алюминнен жасалған шыбықтар, кеңсе кнопкасы, пластилин берілген. Осы құралдарды пайдаланып металл шыбықтарға жылудың берілуін бақылап, тәжірибені сипаттайды және нәтижесін талдайды.
Топ жұмыс жасап жатқанда жетелеуші сұрақтар қою арқылы қолдау көрсетуге болады. Мысалы:

  • Металл шыбықтар заттың қандай күйі?

  • Эксперимент барысында неліктен түйрегіштер кезектесіп түсті?

  • Шыбықтың қай бөлігінде орналасқан түйрегіштер түсе бастады?

  • Қатты заттардың молекуларының орналасуы қандай?

  • Шыбықтың шетінде тұрған кнопкалар неге түсу уақыты кеш?

  • Алюминий және темір шыбықтардағы түйреушітің түсу уақыты бірдей ме?

  • Оларға бірдей мөлшерде жылу беріліп жатыр ма?

  • Қандай нәтижеге сүйеніп олардың жылу өткізгіштігі әртүрлі деп болжау жасаймыз?

  • Денелердің жылу өткізгіштің қасиетіне қарай олардың қолдану аясы қандай?

Оқушылар жылу өткізгіштің заттың тегіне байланысты болатынын түсіндіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет