Сабақ тақырыбы: Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы Сілтеме Жоспар



Дата08.07.2017
өлшемі55,13 Kb.
#20751
түріСабақ
Ежелгі Қазақстан тарихыхынан 2-ші тізбектелген сабақ жоспары . 6- сынып

Тарих пәнінің мұғалімі: Зейдалиева А.Е
Сабақ тақырыбы
: Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы
Сілтеме Жоспар

Жалпы мақсаты


Үйсіндердің мал шаруашылығы, егіншілік пен отырықшылық, түрлі кәсіпшілік туралы ақпарат беруді үйрену.

Күтілетін нәтиже


 Үйсіндердің мал шаруашылығы, егіншілік пен отырықшылық, түрлі кәсіпшіліктің даму ерекшеліктерін оқып үйренеді.
 Суреттерді пайдалана отырып үйсіндердің қоныс салу үшін қандай жерлерді таңдағанын,күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдарды қалай жасағанын және шаруашылықты жүргізу ерекшеліктерін топпен талқылап, шығармашылық ізденістерін арттырады.
 Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп,топпен бірлесіп проблема шешуге, ынтымақтаса жұмыс жасайды.
Негізгі идеялар
Үйсіндердің тұрмысында мал шаруашылығының маңызы зор болды. Үйсіндердің шаруашылығы туралы қытай жазбалары.Дәнді дақылдардан арпа, тары өсірген.Археологиялық деректерге қарағанда үйсіндерде егіншілік,кен өндіру,зергерлік өнер,тері өңдеу,тоқыма, жіп иіру жақсы дамыған. Қазба жұмысы кезінде егіншілікте пайдаланылатын түрлі құрал-саймандар: тас кетпен, қола орақтар, тастан жасалған дән үккіштер табылды.Үйсіндер егіс алқабын өзен бойларына салған.Тау бөктерлерінде үйсіндер тұрақты үйлерде тұрған.Қолөнершілер былғарыны пайдаланып,одан сұйық тағамға арналған ыдыстар жасады.Қолөнер мен үй кәсіпшілігі мал өнімдерін өңдеумен байланысты болды. 
                                                              Сабақ барысы:

 


Сабақ кезеңдері

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Ұйымдастыру:

Сәлемдесу. Оқушыны түгелдеу.

Сәлемдеседі. Кезекші тақтаны дайындап. Сыныпты түгелдейді

Психологиялық қолдау:

Оқушылардың  сабаққа деген ынтасы мен қызыгушылығын арттыру мақсатында сергіту сәтін жасату.

Топқа бөлу. -Біздің оқушыларымыз осы заманға сай алғыр, тапқыр, ойшыл, білгір балалар. ХХІ ғасырға лайықты деп ойлаймын. Сондықтан қазір кімнің қай топқа жататындығын анықтап алайық.

 


Мұғалімнің айтқаны бойынша сергіту жұмысын жасайды.

Оқушылар топтың аты жазылған қиындыларды таңдау арқылы топқа бөлінеді.



Үй тапсырмасын сұрау:

 


Сұрақтар:

1-топ

1)Үйсін тайпалары қай жерлерді мекендеген?

2)Үйсін атауы Қытай жазбаларында б.з.б. қай ғасырдан бастап кездеседі?

2-топ

1) Үйсіндер туралы кімнің еңбегінде кездеседі?

2) . Үйсіндер басшысының атағы:

3-топ

1.Үйсіндердің астанасы қалай аталады:

2.Үйсіндердің өмір сүрген уақыты:
4-топ

1 Үйсіндер туралы кімнің еңбегінде кездеседі?

2.Үйсін қоғамын кімдер құрады?


Сөздерден сөйлем құрастыру

Дұрыс емес сөйлемдер.

І топ

1.Үйсіндер, аймағын, Жетісу,мекендеген, кейін сақтардан.



ІІ топ

1.Шығу тегі, Сыма  Цянь,Қытай тарихшысы, үйсіндер,жазып,қалдырды,мәлімет. 



ІІІ топ

1.Ордасы,Чигу(ҚызылАңғар),қаласы, орналасты,Үйсіндердің,аралығында Іле,Ыстықкөл өзендері.

 ІҮ топ

1.Әскербасыларда, алтын, билеушілер, мен, мыс, мөрлер, адамдарда, және, болған, ауқатты




Жауаптар:

1) 1-топ

Жетісу жерлерін.

 

 2) Б.з.б. 2 мыңжылдықтан.



 2-топ
1. Қытай тарихшысы Сыма Цянь

2. Гуньмо

 3-топ

1. Қызыл Аңғар(Чигучен не Чигу) 


2. б.з.б.3-ғ.-б.з.-5ғ.

4-топ

1. Қытай тарихшысы Сыма Цянь


2.Тайпа мен рубасшылары, ауқатты адамдар, жасауылдар, абыздар мен қатардағы бұқара халық 
І топ
1.Жетісу аймағын сақтардан кейін үйсіндер мекендеген

ІІ топ

1.Қытай  тарихшысы  Сыма Цянь үйсіндердің  шығу  тегі жайлы  мәлімет  қалдырды.



ІІІ топ

1. Үйсіндердің  ордасы Чигу(Қызыл  Аңғар)  қаласы Іле,  Ыстықкөл өзендері  аралығында  орналасты

 

ІҮ топ

Билеушілер мен әскербасыларда, ауқатты адамдарда алтын және мыс мөрлер болған.



Жаңа білімді қалыптастыру:

 

 



1)Үйсіндердің  мал шаруашылығы.

2)Егіншілік пен отырықшылық.

3)Түрлі кәсіпшілік.

4)Үйсіндердің салт-дәстүрлері мен діни-нанымдары

Әр топқа мәтінмен танысып постер жасауға 7 минут уақыт беріледі.

Постерді бағдаршаммен бағалау Жасыл түс – 3 ұпай, сары түс-2 ұпай, қызыл түс – 1 ұпай.



Оқушылар әр топ өз тақырыбы бойынша мәтінмен танысып постер жасайды

Постерді әр топтың баяндаушысы мен қорғаушылары «галерия әдісі» арқылы қорғайды.

Оқушылар топпен бірін-бірі бағалайды


 А,В,С деңгейіндегі оқушылармен жеке жұмыс

 

 



 

 

 Жуан сұрақтар



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


А деңгейіндегі оқушы үшін тапсырма. Үйсіндер қоныс салу үшін қандай жерлерді таңдаған?(Картаны пайдалану)
Б деңгейіндегі оқушы үшін тапсырма. Үйсіндер күнделікті тұрмысқа қажетті қандай бұйымдар жасады?
С деңгейіндегі оқушы үшін тапсырма. Үйсіндердің қолөнер бұйымдарына сипаттама беру.

1) Тақтаға дәнді дақылдардың суреттері ілінеді. Соның ішінен оқушыларға үйсіндер еккен дәнді дақылдарды анықтау

2) Қазіргі таңда үйсіндер айналысқан қандай шаруашылық-

тың түрлерімен біздер айналыса-

мыз




Рефлексия:

 

 



 

 


 

 Не ұнады?..................................

Не қиын болды?..........................

Келесі сабаққа ұсыныс.............




Сабақтың соңында оқушылар не ұнады, қиын болды, Келесі сабаққа ұсыныс рефлексия жазады

Үйге тапсырма:

§ 22 (100-104 б.оқу) Жұмыс дәптерімен жұмыс жасау 25-бет

 

 



Күнделіктеріне  жазады

Бағалау:

Бағалау парағы арқылы суммативті бағалау жүреді

Бағаны   қойдырады


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет