Сабақ тақырыбы Кеңістіктегі перпендикуляр, көлбеу және көлбеудің проекциясы



бет4/4
Дата13.12.2021
өлшемі0,52 Mb.
#125288
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Математика 10 кл перпендикуляр,көлбеу,проекция Сабақ жоспары 1

Сабақты бекіту

20 минут


Сабақты бекіту кезеңі

Өтілген тақырыпты есептер шығару арқылы бекіту.

Жұптық жұмыс: Оқушылар тапсырманы жанындағы оқушымен жұптасып орындайды. Өз жауаптарын сағат тілі бағытымен ауысып өзге жұппен салыстырады. Нақты жауабын мұғалім жариялайды, өзін өзі бағалайды. Оқушылар жауаптарында қателіктер бар болса, мұғаліммен бірге талданады.

1. А нүктесінен α жазықтығына АА1  перпендикуляр және АВ көлбеу жүргізілген. ВА1 – көлбеудің проекциясы. 1) АВ = 5 см, АА1 = 4 см болса, ВА1 –ді; 2) ВА1 = 6 дм, АА1 = 8 дм болса, АВ -ны; 3) АВ = 16 см, ВА1 = 4 см болса, АА1–ді табыңдар.

Жауабы: 1) ВА1 =3 см 2) АВ=10 дм 3) АА1= см
2. Берілгені:  AB  α жазықтығына жүргізілген перпендикулярAC және AD-көлбеулер, 

ACB= 30∘, ∠ ADB= 60∘, ∠B= 90∘, AB=1.

Табу керек:  P(CAD)

Жауабы:
3. Берілгені: Жазықтық және AA1 – перпендикуляр,
AB және AC – көлбеулер, ∠ACB=90°, ∠ACA1=30°,
AA1=2, BC=3, СМ⊥AB.
Табу керек: CM

Жауабы: CM=2.4

4. AA1 ­– α жазықтығына түсірілген перпендикуляр,  AB және  AC – көлбеулер. x пен  y-ті табыңыз.





Жауабы: x=6.5 y=0.5

Бекіту сұрақтары:

1. Жазықтықтағы кез - келген түзумен тік бұрыш жасай қиылысқан түзу

2. Жазықтыққа жүргізілген перпендикуляр емес түзу

4. Перпендикулярдың және көлбеудің жазықтықтағы табандарын қосатын кесінді.

5. Нүктеден жазықтыққа түсірілген перпендикулярдың ұзындығы

6. Перпендикуляр, көлбеу, проекция құрайтын үшбұрыш

7. Перпендикуляр, көлбеу, проекцияны байланыстыратын теорема








Оқушылар дескриптор бойынша өзін-өзі бағалайды.

Мысалы:


  • егер барлық жұмыс дұрыс орындалса, «өте жақсы»,

  • егер жауаптары дұрыс, кейбір түсіндірмелер қиындық тудырса «жақсы»,

  • егер барлық жұмыстың 70 -ы дұрыс болса, онда «тәжірибе қажет»

  • егер барлық жұмыстың 70 -нан азы дұрыс болса, онда «көмек қажет» деп бағалауға болады.






Сабақтың соңы

5-минут


Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

1. Нені үйрендім?

2. Нені білгім келеді?

3. Нені түсінбедім?



Үйге тапсырма:

№5. AA1 ­– α жазықтығына түсірілген перпендикуляр,  AB және  AC – көлбеулер. x-ті табыңыз.



Жауабы: х=45





Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Оқушылар сабақ бойы жеке және жұппен жұмыс жасайды.

Жұптық жұмыста өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, тапсырманы орындау жолдарын бақылап, үйренеді. Ашық сұрақтар беріледі, себебі білімі жоғары оқушылар оларды кең ауқымды мағынада түсінеді.



Оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалау.

Прогресс, жұппен жұмыс кезіндегі жауап реакциясы әр оқушының үлесін бағалау .

Жұптар бір-бірін бағалайды , яғни өзара бағалау болады және өзін-өзі бағалайды.


Сабақты бекіту кезеңінің алдында слайдқа қарағандықтан «көз жаттығуын» жасатамын.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.





Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?





Бағалау критерийі

Дескриптор

- Кеңістіктегі перпендикуляр, көлбеу және көлбеу проекциясының анықтамасын білу;

- Перпендикуляр, көлбеу, көлбеудің проекциясы арасындағы байланысты нақтылап, есеп шығару барысында қолдана алу.



Кеңістіктегі перпендикуляр, көлбеу және көлбеу проекциясының анықтамасын біледі;

Дұрыс бейнелей алады

есеп шығару барысында қолдана алады

Кеңістіктегі және жазықтықтағы перпендикуляр, көлбеу және көлбеу проекциясының ұқсастықтары мен айырмашылығын біледі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет