Сабақ тақырыбы Кеңістіктегі перпендикуляр, көлбеу және көлбеудің проекциясы



бет2/4
Дата13.12.2021
өлшемі0,52 Mb.
#125288
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Математика 10 кл перпендикуляр,көлбеу,проекция Сабақ жоспары 1
Англ 17 фев, 9 кл химия 4 тоқсанн (1)
Жаңа білімді меңгеру

(15-минут)

Білім жаңарту (5 мин)

Ауызша сұрақ-жауап: (слайд 2-3)

Кеңістікте түзулер өзара қалай орналасады?

Қандай түзулер кеңістікте параллель деп аталады?

Кеңістіктегі айқас түзулерге анықтама беріңіз?

Нүктенің түзуден қашықтығы дегеніміз не?

Жазықтыққа перпендикуляр түзу дегеніміз не?

Жазықтыққа перпендикуляр түзулердің қасиеттері қандай?.


Жаңа білімді меңгеру (10-минут)

Геометрияның «Планиметрия» және «Стереометрия» бөлімдеріндегі перпендикуляр, көлбеу, көлбеудің проекциясын презентация арқылы салыстыра отырып, оқушылармен кеңістіктегі перпендикуляр, көлбеу және көлбеу проекциясына анықтама беріледі. (слайд 4-5)



Анықтама:
Берілген нүктеден жазықтыққа түсірілген перпендикуляр деп осы нүктеден жазықтыққа жүргізілген перпендикулярдың осы нүкте мен жазықтық арасындағы кесіндісін айтады
Перпендикулярдың жазықтықтағы ұшы перпендикулярдың табаны деп аталады.

Нүктеден жазықтыққа жүргізілген көлбеу деп бір ұшы жазықтықта жатқан, жазықтыққа перпендикуляр емес түзу кесіндісін айтады.

Көлбеудің жазықтықтағы ұшы көлбеудің табаны деп аталады.

Перпендикуляр мен көлбеудің табандарын қосатын кесінді көлбеудің осы жазықтықтағы проекциясы деп аталады.


Оқушылармен бірге бір нүктеден түсірілген көлбеулер қасиеттері анықталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет