Жаңа сабақ: n-ші дәрежелі түбір және оның қасиеттері.
Квадрат түбір ұғымымен төменгі сыныптан таныспыз. Анықтама: а –санының n-ші дәрежелі түбірі деп n-ші дәрежесі а санына
тең болатын в санын айтамыз
Мұндағы а саны n-ші дәрежелі түбірі таңбасының ішіндегі сан, n –түбірдің
көрсеткіші және , в саны а санының n-ші дәрежелі түбірі
Мысалы: 64 санының үшінші дәрежелі түбірі 4 –ке тең.
n-ші дәрежелі түбір анықтамасындағы түбір көрсеткішінің жұп және тақ
болатын жағдайларын жеке қарастырамыз.
n жұп сан болса, онда, тек қана оң сан, себебі кез-келген санның
жұп дәрежесі оң сан немесе 0. Демек, жұп дәрежелі түбір таңбасының
ішіндегі а саны теріс сан болуы мүмкін емес.
Егер түбір көрсеткіші n тақ сан болса, онда кез-келген саннан n-ші дәрежелі
Түбірді есептеуге болады.Бұл жағдайда теңдігіндегі а және в
сандарының таңбалары бірдей, яғни оң саннан оң, теріс саннан теріс түбір
шығады.
|