Сыныбы:
|
5 в
|
Пәні:
|
Қазақ тілі
|
Сабақ тақырыбы:
|
Киелі сандардың құпиясы
|
Сілтеме:
|
ҚР Білім беру стандарты, пән бағдарламасы, Қазақ тілі оқулығы -
5 сынып.Авторы: Артықова Т.М., Боранбай М. Б.
|
Жалпы мақсаты:
|
1. Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру. Киелі сандар сырын ашу, сатылай кешенді талдау технологиясын қолдана отырып оқушылардың білімдерін тиянақтау.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау және тілдік қабілеттерін, қарым - қатынастық біліктілігін дамыту, грамматикалық тапсырмаларды дұрыс орындау, негізгі ойды бөліп алу, өз пікірін қорғай алу, ой қорытындысын жасату.
3. Тәрбиелік: Оқушыларға өз елін қастерлеуге, халық дәстүрін , Отанын сүюге , қазақтың киелі, қасиетті сандарын есте сақтауға тәрбиелеу.
|
Әдіс - тәсілдер:
|
Блум таксономиясы бойынша сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдіс - тәсілдері
|
Күтілетін нәтиже
|
Халықтық ырымдарды, болжамдарды, тұжырымдарды қажеттілігіне қарай өз тәжірибесіне пайдалануға тырысады. Сандар сырын ашуға құштарлығы артады.
Тапсырманы орындағанда бастапқы біліміне сүйеніп, алға қарай да өмірде пайдалану;Өз бетімен білім алуға мүмкіндік туғызу;
Сыни тұрғыдан ойлануға мүмкіндік туғызу.
|
Негізгі идеялар
|
Оқушыларға қазақ халқының дәстүрлерін сандар арқылы үйрету. Сандар сырын білуге құштарлығын арттыру.
|
Дереккөздер
|
Интернет деректері, бейнефильм , сайттар, ресурстар
|
Сабақ кезеңдері
|
Мұғалімнің іс - әрекеті
|
Оқушының іс - әрекеті
|
І Ұйымдастыру
|
Ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін шеңберге тұрып, «Не құнды?» тренингін өткіземін
|
Оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасы орнайды. Не құнды ? екенін сыни ойлана отырып жауап береді (Мыс: отбасы құнды, білім құнды, уақыт құнды, салт - дәстүріміз құнды.)
|
Топқа бөлу
|
Сыныпты 2 топқа бөлу, сыныпта 8 оқушы , әр топ 4 оқушыдан болады.
|
Сынып оқушылары пазылдар арқылы топқа бөлінеді: «Жеті» және «үш» тобы болып бөлінеді.
|
|
Үй тапсырмасын сұрау. Жұптық тапсырма.
1. «Мозаика» әдісі бойынша кеспе қағаздардан сөйлемдер құрау.
2. «Сұрақ - бізден, жауап –сізден»:
1 Енші дегеніміз не?
2. Жасау дегеніміз не?
3. Жер ұшық қандай дәстүр?
|
1. Оқушылар кеспе қағаздардағы сөздерден сөйлем құрайды.
|
І. Білу,тану
|
1. Кіріспе.
7 және 3 сандарының сыры туралы ой бөлісу. Қазақ халқында жеті, үш сандары киелі деп есептелген.
|
ІІ. Түсіну
(топтық тапсырма)
|
І топ «Жеті» тобы:
Қазақ халқының ұғымында жеті санының қасиетті, киелі сан екендігін білесіңдер ме?
ІІ топ: «Үш» тобы:
Үш санына байланысты не айтар едіңдер?
|
І топ « Жеті» сөзімен байланысты халқымызда жеті қазына, жеті күн, жеті ата, жеті ұрпақ, жеті байлық сөздері пайда болған, 17- ғасырда Тәуке ханның
«Жеті жарғысы» да жеті санының қасиеттігіне байланысты болғанын айтады.
ІІ топ Үш санына байланысты әр түрлі мәліметтер айтады. Мысалы: Үш із, үш ғайып, үш алыс, үш арсыз, үш байлық, үш мақсат , үш би т.б.
|
ІІІ. Қолдану
|
«Ашық микрофон»
Диалог орнату мақсатында жеті қазына туралы оқушылармен сұхбат.
Жеті қазынаны білмейтін қазақ баласы жоқ деп ойлаймын. Соның негізінде ұлттық арнамыздан тілші келіп отыр. Бірнеше сұрақтар қояды.
|
Оқушылар төмендегі сұрақтарға жауап береді:
Жеті қазынаға нелер жатады?
Осы ұғымдарды жеті қазынаға жатқызу себебі неде деп ойласыңдар?
Тағы қандай басқа санға байланысты ырым, нанымдар білесіңдер?
|
Сергіту сәті
|
Бейнефильм көру. «Сандар сыры»
|
Әр оқушы өзіне ұнайтын сан ойлап, бейнефильмнен өзі туралы мінездеме тыңдай алады.
|
ІҮ.Талдау
|
Оқулықпен жұмыс.
1.1,2 тапсырмаларды орындау.
2. Сатылай кешенді талдау жасау.
|
I тапсырма:
«Үш» тобы :
М. Мақатаев туралы айтып беру.
«Үш бақытым» өлеңін оқу, үш бақытты атау.
«Жеті» тобы:
1.Жеті жетімді атау.
2. Мәтін бойынша тоғыз жетімді атап, жазбаша орындау.
ІІ тапсырма:
Сатылай кешенді талдау: Екі топ жеті, үш сөздеріне лексикалық - грамматикалық талдау жасайды.
|
Ү.Жинақтау
Топтық жұмыс
|
Жеті , үш сандары туралы мәліметтерді сәйкестендіру./ слайдта жазылып тұрады /.
Қасиетті сандар туралы мақал - мәтелдер айту.
|
ҮІ.Бағалау
|
Бүгінгі тақырып бойынша не ұқтық?
«Бір айналым сөйлем» әдісі бойынша жаңа сабақты қорытындылау.
|
Тақырып төңірегінде әр оқушы бір сөйлемнен айтып шығады.
|
Қорытынды баға
|
Критерий бойынша әр оқушы гүл бейнесіндегі өзін - өзі бағалау бетіне баға қойып, орташа бағаларын айту керек.
|
Күнделіктеріне бағасын қойдырады
|
Рефлексия
|
Сабақтан алған әсері
|
Сабақтан алған әсерін айтады. Көңіл күй топшамаларын орналастырады
|
Үй тапсырмасын беру.
|
9,40 сандары туралы мәлімет жинау
|