Сабақ тақырыбы Кіріспе сабақ : Ежелгі Қазақстанға саяхат


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау?



бет28/134
Дата22.11.2019
өлшемі7,85 Mb.
#52279
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   134
Байланысты:
5 сынып ҚМЖ сатып алынған-2 (3)


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлау?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ мақсаттарын қойғанда , үй тапсырмасын сұрағанда, сабақтың басы, ортасы мен аяғында саралау жұмыстары жүргізілді.

- «Менің бір күнім»

- «Сәйкестендір»

- Рөлдік ойын «Археологтар»




Сабақтың әр кезеңінде оқушылардың материалды меңгеруі қандай деңгейде екенін анықтау үшін бағалау критерийіне сәйкес топтар өзара бір-бірін бағалайды, мұғалім оқушыларды өзі бағалайды, оқушылар өзін-өзі бағалайды.


Психологиялық ахуал, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Сергіту сәттері




Қысқа мерзімді сабақ жоспары







Мектеп: №39 орта мектебі


Күні:


Мұғалімнің аты-жөні: Шопанова Г.Ғ

Сынып: 5 «Ә», «Ж»





Сабақ тақырыбы

Адамдардың шаруашылық өміріндегі өзгерістер және еңбек құралдарының жетілдірілуі

Сабақтың түрі

Жаңа білімді игеру сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.2.3.1 –ежелгі адамдардың кәсібін сипаттау

5.4.2.1-еңбек құралдары мен қару түрлерін сипаттау




Сабақ мақсаттары


Барлығы: Қазақстандық археолог ғалымдармен танысу және тас дәуіріндегі Қазақстандағы археологиялық жаңалықтар туралы біле алады.

Көпшілігі: Мезолит пен неолит дәуіріндегі алғашқы адамдардың өмірінен ақпараттар біледі

Кейбірі: Қазақстан жеріндегі тас дәуірінде табылған археологиялық олжаларды салыстыра алады.

Ойлау дағдылары

Білу, түсіну, қолдану, талдау

Тарихи концепт

Дәлел (белгілі бір тарихи кезеңнің өнері бізге құндылықтар, наным-сенімдер мен технологиялар туралы қандай мәлімет бере алады);

Бағалау критерийлері


Қазақстандық археолог ғалымдардың еңбектерін анықтайды және тас дәуіріндегі археологиялық жаңалықтар туралы біледі.

Археологтардың қалай жұмыс істейтіндігі туралы сипаттайды және археологиялық әдістер туралы түсіндіреді.

Қазақстан жеріндегі тас дәуірінде табылған археологиялық олжаларды салыстырады.


Тілдік мақсаттар

Қазақстанның тас дәуірін зерттеген археологтар туралы, алғашқы адамдардың тұрақтары мен еңбек құралдары туралы ақпараттарды тыңдайды, оқиды, әңгімелейді, жазады (оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым дағдылары)

Пәнге қатысты лексика мен терминология

археология



Құндылықтарды дарыту

Адамзат тарихы мен археологиялық ескерткіштерге құрметпен қарау

Пәнаралық байланыстар

география

АКТ қолдану дағдылары

Ноутбуг арқылы презентация мен жаңа сабақ материалын игеруде пайдаланылады

Бастапқы білім

Ежелгі адамдардың эволюциясы, олардың өмірі, тұрмыс-тіршілігі, кәсібі туралы біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы
2 мин

5 мин
Қызығушылықты ояту кезеңі

5 мин

Ұйымдастыру сәті. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Сергіту сәті. Шаттық шеңберін жасай отырып, бір-біріне тілек айтып, жылы лебіз білдіреді. Оқушылар түстер арқылы 3 топқа бөлінеді.



Үй тапсырмасы: «Менің бір күнім» күнделігі Мазмұны: Оқушылар алғашқы адамдардың тас құралдары, тұтынатын тағамдары, археологтардың бұл олжаларды қалай тапқаны туралы өз жазғандарын оқып, айтады. Үйге берген тақырыпты пысықтау.

ҚБ «алақан немесе жұдырық» әдісі
Ой шақыру. Миға шабуыл.

1 -тапсырма: Сұрақ-жауап әдісі

Слайдтарды көрсету арқылы археологтардың қазба жұмыстары мен тас құралдары бейнеленген суреттерді көрсетіп, оқушыларға мынадай сұрақтар қойылады:

1. Суреттерде не бейнеленген?

(Тас құралдар)

2. Бұл тас құралдарды кімдер және қалай жасады? (Алғашқы адамдар; тастарды бір-біріне соғу, жару, тегістеу, бұрғылау, аралау тәсілдері арқылы жасады)

3. Бұл тас құралдар не үшін қолданылған?

(Жерді қазу үшін, ағаш кесу үшін, аңды аулау үшін, аң терісін сыпыру үшін, аңның етін бөлшектеу үшін)

4. Бұл олжаларды археологтар қалай тапты деп ойлайсыздар? (Археологтар қазба жұмыстарын жүргізу арқылы тапты)

5. Көне ескерткіштерді зерттеудің маңыздылығы неде?

(Алғашқы адамдар, олардың өмірі мен кәсібі туралы мағлұмат алынады)



Оқушылардың болжам жауаптары арқылы сабақ тақырыбы анықталады.

ҚБ бармақ көрсету әдісі арқылы




Қазақстан тарихы (көне

заманнан бүгінге дейін). Бес

томдық. 1-том. – Алматы, 2010 ж.










Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет