Нұсқаулық: «Сіздерге бір өлеңнің 1 – жолын айтамын, ал сіздер келесі жолын айтасыз, ал келесі көрші топ 3-4 – жолын әнмен жалғастырады. Кейін жүргізуші басқа өлең бастағанда 3 – топ өлеңнің 2 – жолын айтады, ал 4 топ 3-4 жолын айтады. Ойын шеңбер бойынша жалғасады. Соңғы әннің соңы 2 жолын барлық топ орындайды».
1. «Әрқашан күн сөнбесін» (4 жол)
2. «Анашым» (4 жол)
3. «День рождения» (4 жол)
4. «Школный вальс» (4 жол)
5. «Жан досым» (4 жол)
Құттықтау хаттары арқылы топтарға бөлу.
«Әнді жалғастыр!»
Тренинг.
Жаңа білім
10 минут
Білу және түсіну
Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.
Қазақстан территориясында металлургияның пайда болуы
«Жариялау» әдісі
(Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 мину) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.)
Зерттеу сұрағы: Қазақстан жерінде металды өндіру ежелгі адамдардың өмірін қалай өзгертті?
Оқулық,
мәтіндер.
Ортасы
10 минут
Қолдану
Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау.
Қазақстан территориясында металлургияның пайда болуы
Әр топқа деңгейлік тапсырмаларды тест түрінде беріледі.
Топ жетекшілеріне топ мүшелерін бағалау үшін критерийлер беріледі.Оқушылар тест шешіп, критерий арқылы топ жетекшісі топ мүшелерін бағалайды, топ жетекшісін топ мүшелерінің бірі бағалайды.
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не білдім?
Тексердім:
Сабақтың тақырыбы:
Қазақстан территориясында металлургияның пайда болуы
Мұғалімнің аты-жөні: Шопанова Г.Ғ
Мектеп: №39 орта мектебі
СЫНЫП: 5 «А», «Ж»
Күні:
Сабақ негізделген оқу мақсаттары
5.4.2.2 – металл өндірісі жетілуінің шаруашылық салаларына тигізген ықпалын түсіндіру
Сабақ нәтижесі:
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:
Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
Бағалау критерийі
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Тілдік құзіреттілік
Қазақстан территориясында металлургияның пайда болуы
Ресурстар
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Нұсқаулық: «Сіздерге бір өлеңнің 1 – жолын айтамын, ал сіздер келесі жолын айтасыз, ал келесі көрші топ 3-4 – жолын әнмен жалғастырады. Кейін жүргізуші басқа өлең бастағанда 3 – топ өлеңнің 2 – жолын айтады, ал 4 топ 3-4 жолын айтады. Ойын шеңбер бойынша жалғасады. Соңғы әннің соңы 2 жолын барлық топ орындайды».
1. «Әрқашан күн сөнбесін» (4 жол)
2. «Анашым» (4 жол)
3. «День рождения» (4 жол)
4. «Школный вальс» (4 жол)
5. «Жан досым» (4 жол)
Құттықтау хаттары арқылы топтарға бөлу.
«Әнді жалғастыр!»
Тренинг.
Жаңа білім
10 минут
Білу және түсіну
Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.
Металлургия (грек. metallurgeo – руда өндіремін, металл өңдеймін, metallon - рудник, металл және ergon - жұмыс) — ғылымның, техниканың, өнеркәсіптің кеннен немесе басқа да материалдардан металл алу процестерін, сондай-ақ металл қорытпаларғаолардың химиялық құрамы мен құрылымын өзгерту арқылы қажетті қасиеттер беру процестерін қамтитын саласы.
«Жариялау» әдісі
(Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 мину) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.)
Зерттеу сұрағы: Қазақстан жерінде металды өндіру ежелгі адамдардың өмірін қалай өзгертті?
Оқулық,
мәтіндер.
Ортасы
10 минут
Қолдану
Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау.
Мыс металлургиясын әрі қарай дамытуға кен байыту процестерінің кемелдендірілуі, гидрометаллургиялық тәсілдің, бактериялар арқылы кен байыту әдісінің ашылуы әсерін тигізді.
Темір - алғашқы кезде өте қарапайым әдіспен от шоғында балқыту, ал бертін келе үрлеу көрігі арқылы өндірілетін болған. Бұл әдістер бойынша алынған темірдің құрамында көміртек мардымсыз аз болатындықтан, одан жасалған бұйымдар жұмсақ болды. Көміртекті темір алу әдістері ашылған соң темір маталлургиясы жаңа даму алды. Б.э.б. 1000 жылдары адамзат пайдаланған материалдардың ішінде темірдің маңызы зор болды. Көріктің аумағын үлкейту және құрылысын кемелдендіру негізінде 14 ғасырда кішігірім домна пеші (домница) пайда болды. Орта ғасырларда шағын домна пештерімен темір, шойын және болат өндіру игерілді. 1740 жылы Англияда темірді тигель әдісі өндіріске енгізлді. Бұл әдіс бұған дейін шығыс халықтарына белгілі-тін. Тигельдік қорыту әдісі негізінде құйма болат алу игерілді.
Шойын металлургиясының жоғары сатыға көтерілуіне дымқыл ауа үрлу әдісінің ашылуы. қыздыруға коксты пайдалану (1735), ауа үрлеуге бу машинасын пайдалану (1782) т.б. жайттар себепкер болады.
Болат металлургиясының қарқынды дамуына бессемер процесінің ашылуы (1856), мартен (1864) және томас (1878) процестерінің өндіріске енгізілуі зор ықпал жасайды. 20 ғасырда болат өндірісі агрегат қауатын арттыру, таза оттек үрлеу, конвертерді пайдалану, болатты үздіксіз құю т.б. технологиялық жаңа тәсілдердің пайдаланылуына сәйкес жаңа сатыға көтеріледі.
Алтын табиғатта таза күйінде кездесетіндіктен ол ерте кезден-ақ құмды шаю арқылы өндірілетін. Алтынды күмістің қоспасынан тазарту үшін ауамен тотықтандыру және күмісті қыздыру арқылы сульфидке түрлендіріп барып тазарту әдістері пайдаланылады. 13-14 ғасырларда алтыннан күмісті ажырату үшін азот қышқылын пайдалану әдісі ашылды. Орыс ғалымы П.Р.Багратион 1843 жылы алтын рудаларын циандау тәсілін ұсынды. Алтын металлургиясы флотациялық және гравитациялық кен байыту тәсілдері ашылған соң жедел қарқынмен дами бастады.
Қорғасын алғашқы кезде күміс галонитінен ажыратылып алынатынды. Бұл процесс руданы күйдіруден көрікпен не ликвациялық балқытулардан тұрды. Қазіргі кезде қорғасын полиметалл рудаларын флотациялық байыту, агломерациялық күйдіру, шахталық пеште тотықсыздандыру және тазалу тәсілдері бойынша өндіріледі.
Қалайы - адамзаттың көне заманда игерген алғашқы металдарының бірі. Ол қарапайым шахталық пештерде қорытылып, бөгде қоспалардан ликвациялық және тотықтандыру тәсілдері бойынша арылтылатын. Қалайының рудадағы мөлшері қорғасынға қарағанда өте аз әрі онда неше түрлі бөгде қоспалар (күкірт, мышьяк, сурьма, висмут, күміс, т.б.) болады. Сондықтан да қалайы күрделі технологиялық процестер (руданы байыту, күйдіру, концентраттағы үстеме қоспаларды қышқылдандыру, магниттік сеперациялау, электр не шахталық пештерде тотықсыздандыру негізінде тазартылмаған (қара) қалайы алу және мұны тазарту) арқылы өндіріледі.
Сынап - алғашқы кезде руданы күйдіру (сынап салқын заттарға конденсацияланады) арқылы алынатын. Бертін келе сынап күйдіру тәсілімен керамикалық (16 ғасыр) және темір астауларда (17 ғасыр) бөлініп алынатын болды. 1812 жылдан бастап сынап бөліп алу үшін шарпыма пеш, ал соңғы кезде шахталық және айналмалы түтікті пештер пайдаланылуда. Сынапты қайнамалы қабатты пештерде өндіру ең алғаш рет біздің елде іске асырылды.
Таза мырыш өндіру тәсілі 6 ғасырда Қытайда, 12 ғасырда Персияда белгілі болды. Ол әдіс Еуропаға 16 ғасырдың соңында келген. Қазіргі кезде мырыш полиметалдық сульфид рудаларын (құрамында қорғасын, мыс, асыл металдар бар) байыту арқылы және қорғасын концентраттарын күйдіру әрі гидрометаллургиялық тәсіл бойынша қайта өңдеу (қышқылсыздандыру және электролиз) арқылы өндіріледі. Таза мырыш өндіруде электролиз тәсілінің маңызы еркеше.
Әр топқа деңгейлік тапсырмаларды тест түрінде беріледі.
Топ жетекшілеріне топ мүшелерін бағалау үшін критерийлер беріледі.Оқушылар тест шешіп, критерий арқылы топ жетекшісі топ мүшелерін бағалайды, топ жетекшісін топ мүшелерінің бірі бағалайды.