Ортасы
10 минут
|
Қолдану
Кезеңдері
Қазақстанның тас дәуірі мына кезеңдерге (мәдениеттерге) бөлінеді:
Палеолит. Ежелгі тас ғасыры.
а) Олдувай (ертедегі немесе төменгі палеолит) - 2,6 млн. - 700 мың жыл.
ә) Ашель - 700 - 150 -200 мың жыл.
б) Мустье (орта палеолит) - 150-200 - 35-30 мың жыл.
в) Кейінгі немесе жоғарғы палеолит- 40-35 мың жыл - б.з.д. 10-мыңжылдық.
Мезолит
Мезолит (орта тас ғасыры немесе палеолиттен неолитке өту кезеңі) - б.з.д. 10 - 7-мыңжылдықтар.
Неолит
Неолит (жаңа тас ғасыры) - б.з.д. 7-6 - 4-мыңжылдықтар. Осындай археологиялық терминдермен қатар, сол дәуірлердің геологиялық атаулық белгілері бар. Палеолиттің барлық кезеңдері плейстоценге, ал мезолит пен неолит - голоценге жатады.
Ерекшелігі
Тас ғасыры мен қола дәуірі арасында жатқан ерекше дәуір энеолит деп аталады. Бұл кезеңнің шекарасы немесе хронологиялық шектеуі әлі толық анықталмаған, дегенмен де ол шамамен- б.з.д. 4-3 - 2 мыңжылдықтар аралығында орын алады.
Ертедегі тас дәуірі
Ертедегі тас дәуірі - адамның және оның шаруашылығының қалыптасуының бастапқы уақыты. Палеолит дәуірінде адамдардың қоғамдық ұйымдары өте күрделі және ұзақ даму жолынан өтті. Бастапқы кезеңде жабайы үйір пайда болды. Ол ерте ашельге сәйкес келеді. Осы кезеңде бірте-бірте жаңа әлеуметтік организмнің, яғни алғашқы қауымның пайда болуының алғы шарттары қалыптаса бастады. Іс жүзінде алғашқы қауымның жетілген түрлері тек кейінгі палеолитте ғана қалыптасады. Ол, көптеген зерттеушілердің пікірінше, прогрессивтік дамудың алғашқы айқын нышандарының бірі болып, неандертальдықтардың қазіргі адам түріне айналу кезеңімен түспа-тұс келді.
Талдау
«Ыстық орындық» орындық әдісі
(Бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар оны айнала қоршай орналастырылады.
Жаттығудың сипаттамасы:
Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады.
Зерттеу сұрағы: Археологтар Қазақстан жерінен тас дәуіріне жататын қандай олжаларды тапты?
|
Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер
«Ыстық орындық» орындық әдісі, сұрақтар, орындық.
|