Білу және түсіну
1.Карточкамен жұмыс.«Палеолит» тобына а/ Алғашқы адамдар Қазақстанның қай аймақтарында және қашан пайда болды? /жазбаша/ б/ Алғашқы адамдар қалай өмір сүрді? /ауызша/ «Неолит» тобына а/Неолит дәуірінде тас өңдеудің қандай жаңа әдістері болды? / жазбаша/б/Ежелгі тас ғасырынан жаңа тас ғасырының қандай айырмашылығы бар?/ауызша/«Энеолит» тобына а/ Қазақстанда мыстытас ғасырының ескерткіштері қай жерлерден табылды? / жазбаша/ б/Мыстытас деген қай уақыт, ол неге осылай аталған?
2.Кестемен жұмысӘрбір топқа әр түсті конверттер таратылып беріледі. Сол конверттегі карточкалармен тақтадағы кестені толтырып шығады?
1 Алғашқы адамдар тұрақтары қай материктен табылған, олар қанша жыл бұрын өмір сүрген?
2 Қазақстан жерінде алғашқы адамдар қашан пайда болған?
3 Табиғат жағдайлары адам өміріне қолайлы болды ма?
4 Алғашқы адамдар қоныстары Қазақстанның қай жерлерінен табылған. Не табылды?
5 Зерттейтіндер кімдер, қандай ғылым салалары?
6 Алғашқы адамдар қандай кәсіппен айналысқан?
7 Жиі-жиі қоныс аудару алғашқы адамдар тіршілігіне қандай өзгерістер әкелді?
8 Қай жерлерге қоныстанған?
9 Адамдар тіршілігінде қандай қиындықтар кездесті?
10 Қанша жасқа дейін өмір сүре алды?
11 Ежелгі адамдар үздіксіз күрес арқылы қандай жетістіктерге жетті?
Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.
|