Сабақ тақырыбы: Күкірт және оның қосылыстары Жалпы мақсаты



Дата08.09.2017
өлшемі59,66 Kb.
#30532
түріСабақ

Сабақ тақырыбы:

Күкірт және оның қосылыстары

Жалпы мақсаты:

Атом құрылысына, химиялық құрылысына назар аударып, химиялық  қасиеттерімен танысу.

Күкірттің оттекті қосылыстарына салыстырмалы сипаттама бере отырып, олардан түзілетін қышқылдардың атаулары мен қасиеттерін салыстыра білуде ойлау қабілеттерін дамыту.



Күтілетін нәтижелері:

Атом құрылысына, химиялық құрылысына назар аударып, химиялық  қасиеттерімен танысады

Күкірттің оттекті қосылыстарына салыстырмалы сипаттама бере отырып, олардан түзілетін қышқылдардың атаулары мен қасиеттерін салыстыра білуде ойлау қабілеттерін дамытады.



Сабақтың көрнекіліктері

Power Point бағдарламасындағы презентациялар, бейне роликтер, электронды оқулық, оқушыларға алдын-ала дайындалған тапсырмалар, тест тапсырмалары.

Сабақтың түрі:

Дәстүрлі емес сабақ

Сілтеме:

«Химия» оқулығы 9 сынып, Орта мерзімді жоспар

Сабақтың әдісі:

Баяндау, түсіндіру,сұрақ-жауап, топпен жұмыс, сарамандық жұмыс

Пәнаралық байланыс:

информатика, қазақ тілі, биология, тарих

Оқыту әдістері:

«ЖИГСО» әдісі, «Бағдаршам» әдісі, бағалау парағы, тест тапсырмалары

7 модульдің қолданылуы

«АКТ», “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”, «Диалогтық оқыту», «Дарынды және талантты оқушылармен жұмыс».

Сабақтың барысы




Кезеңдері

Тәсілі

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


1.

Ұйымдастыру кезеңі. Топтастыру.




2 мин

Оқушылармен амандасу.

Бүгінгі сабаққа сәттілік тілей отырып, жаңа сабақты бастау.

Топқа бөлу. Бағалау парағын таратады. Критерийлермен танысады.


Сыныпта жылы психологиялық атмосфера орнайды. Топқа бөлініп отырады

2.

Үй тапсырмасын тексеру

Қайталау сұрақтары

3мин

Өткен тақырып бойынша сұрақтар қоямын

Оқушылар өткен тақырып бойынша тапсырмаларға жауап береді.

3.

Ой қозғау


«Құпия жәшік»

10 мин

1.“Сіріңке неліктен тұтанады?”

- Сіріңкенің басын тез тұтанатын жанғыш заттан жасалған. Яғни, сіріңкенің басында күкірт және  калий хлоратының қосылысы бар. Сіріңке қорабының шетінде қызыл фосфор мен шынының қосылысы бар.

2. Бүлдіргіш ерекшеліктері-қышқыл жаңбырдың пайда болуы.

- Тас көмір мен мұнай жанған кезде      ауаға күкірт булары көтеріледі. Осы булар қышқыл   жаңбырларының құрамында жерге қайта оралады да, ағаштарды, демек, тұтас ормандарды бүлдіреді.



Оқушылар ойларын ортаға салады.

Берілген сұрақтарға жауап береді.



4.

Мәтінмен жұмыс

«Жигсо » әдісі

5 мин

Әр топқа мәтін беріледі.

1-топ: «Күкірттің қасиеттері»

2-топ: «Күкірттің оксидтері»

3-топ: «Күкіртсутек»

Мәтінге талдау кезінде топтағы оқушылар топпен талдайды. «ЖИГСО» әдісі арқылы


Мәтінді топта талдап, топпен оқушылар сыныпқа түсіндіреді. Постер қорғайды.

Оқушылар «Бағдаршам» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды.



6.

«Галереяға саяхат»

Ой шарлау

5 мин

Мұғалім айтылмай қалған мәліметтермен толықтырады.

Оқушылар тыңдайды. Есте сақтайды.

7.

Сергіту сәті

«Сиқырлы кірпі»

2 мин

Тақырыпқа байланысты сергіту сәті орындалады.

Оқушылар бойларын сергітеді.

8

Бекіту тапсырмалары



«Химиялық эстафета»

5 мин

Химиялық айналуларды жүзеге асыруға тапсырмалар беріледі.

Смайликтер арқылы бағалау

9

«Кім жылдам»

5 мин

Тақырыпқа байланысты есептер шығару

Деңгейлік тапсырмалар орындайды.



Оқушылар алған білімдерін қорытындылайды.

10

Бағалау




3 мин

СБ: Өзара бағалау.

«Бағдаршам» әдісі, смайликтер арқылы

ФБ: критериймен бағалау.



Топ басшысы топ мүшелерін бағалайды.

11

Үйге тапсырма




1 мин




Үй тапсырмасын күнделікке жазады.

12

Кері байланыс

«Баспалдақ» әдісі

2 мин

«Баспалдақ» әдісі бойынша бағалау.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет