Сабақ Тақырыбы: Құлагер Ақан трагедиясы Сыныбы: 10 Өткізген: Қызылорда қаласы №101 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі



Дата10.04.2017
өлшемі51,79 Kb.
#13682
түріСабақ
Ашық сабақ

Тақырыбы: Құлагер – Ақан трагедиясы

Сыныбы: 10

Өткізген: Қызылорда қаласы

101 орта мектебінің қазақ тілі



мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Қасымова Ғазиза

Сабақ тақырыбы: Құлагер – Ақан трагедиясы

Сабақ мақсаты: 1.Ақан өмірімен Құлагерді байланыстыру.Ақан өміріндегі

ауыртпалық кезеңдерді сипаттау арқылы ой қорытынды

жасату.

2.Адамгершілік қасиеттерді бойға сіңіру . Халық арасындағы



ерекше тұлғаларды қастерлей білуге тәрбиелеу.

3.Пікір айта білуге, ізденімпаздыққа дағдыландыру.

Сабақ әдісі: топтау, салыстыру, дәйектеме, мәнерлеп оқу, ой қозғау

Көрнекілігі: интерактивті тақта

Сабақ түрі: аралас

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру



  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

  • Түгелдеу

ІІ. Кіріспе сөз

Біз өткен сабақта сал – серілік дәстүрді барша сән – салтанатымен ұстанған Ақан сері шығармашылығына тоқталған едік.

Бүгінгі сабағымызды да Ақан серіге, мың жылда бір туатын дала символы – Құлагерге арнамақпыз. Олай болса, дәптерімізді ашып, күн ретін, тақырыпты жазалық.

ІІІ. Үйге зерттеу жұмыстары берілген болатын.Сол бойынша сабағымызды басталық.

І – топ. Ақан өмірі мен шығармашылығы.

ІІ – топ. Ақанның әндері. («Балқадиша» әнінің кейіпкері туралы айтылды.)

ІІІ – топ. «Құлагер – Ақан трагедиясы» зерттеу жүргізу.

Қосымша: Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасының мазмұнымен танысу.



Әр топтан үй тапсырмасы сұралады.
Қазақ тарихында Ақан сері мен оның сәйгүлігі Құлагер ерекше орын алады. Құлагер тағдыры бүкіл қазақтың тағдыры десе де болады.

Жылқы десе ішкен асын жерге қоятын, делебесі қозатын қазақпыз.Кейде тұлпарға қиянат жасап, жеке басты күйттейтін де кезіміз бар. Бірақ тұлпарды қазақтай құрметтейтін әлемде ешкім жоқ десем артық болмас...

Олай болса, аты аңызға айналған Құлагер неліктен Ақанның трагедиясына айналды?


  • Ақанның Құлагерді жоқтауы оқылады.



  • Ақан трагедиясының сыры неде?

Ой қозғау жүргізу.
ІV. І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы бойынша Ақан образына талдау жасау.


Дәйектеме


Қорытынды

1.Қайырып қыстай баптап Құлагерді,

Осы астың дақпыртына Ақан келді.

бапкер

2.Ақ отау топырлады Ақан түскен,

Қалың жұрт кетті кіріп сырттан, іштен.

Шығады Ақан даусы әнге толып,

Безелген ғашық жармен, қыран құспен.

Әнші, ақын

3. Десеңдер қайда Ақандай қыран құсты,

Ол тастап аста тұрған жиылысты,

Болғанын бір сұмдықтың іші сезіп,

Қылаң ат қылт еткенде-ақ бермен ұшты.

сезімтал

4.Шынымен кеткенің бе, Құлагерім!

Қасымда қасынысып тұрар едің.

Баспа-бас қызға бермес жануарым,

Басылар өлгенімше қайтіп шерің.

Өмірі мұң

5.Кетіпті елдің аузы әуезе қып:

Жын құшып, жалғыз жүрген Ақан - пері”



Елден безген – Ақан.

6.Көңіліне Құлагердің құйылып мұз,

Күйініп отыр таста Ақан байғыз.

Жан тынышын елде емес, жерден тапқан,

Сондай бір адам бопты жаны жалғыз.

Ақан - пері

V. Топтау жасау



VІ. Ақан рухымен сырласу.

Оқушылар Ақан өмірі мен қиыншылықтары туралы сыр бөліседі.

VІІ. Салыстыру

Ақан сері мен Ілияс арасындағы ұқсастық.



Ақан сері

Ілияс

1.Сал – серіліктің Құлагері

2.


1. Көзі тірісінде ақындықтың Құлагері атанып, 1938 жылы жазықсыз жазаға ұшырады.

Тоталитарлық жүйенің құрбаны болып, мұрттай ұшты.

2.

Оқушылар әрі қарай жалғастырады.


Қорытындылау.

Дала символы, аңызға айналған, талай бәйгеде дес бермеген қазақтың Құлагеріне арнап мүсін де тұрғызылды.

1989 жылы Ерейментау қаласы мен Павловка ауылының ортасындағы дөңеске Құлагерге арналған ескерткіш қойылды. Алайда, 1996 жылы ұрылар осы ескерткішті ұрлап кетті.

Екінші Құлагеріміз 2009 жылы желтоқсанда өз тұғырына қайта қонды. «Астана - Көкшетау» тас жолының бойында бой көтерді. Мүсіннің ұзындығы –

8 метр, биіктігі – 5 метр, салмағы – 5 жарым тонна, таза мыстан құйылған.

Құлагер ескерткішін қоюдағы мақсат: ізгілікті баян ету, жер бетіндегі әділдіктің бар екенін дәлелдеу, азаматтың серігі, досы қазақ жылқысының жүйріктігін, төзімділігін көрсету, тіпті, Құлагер бейнесі арқылы дүниежүзіндегі озық мемлекеттердің бірі Қазақстанды бейнелеу болып табылады.

Екінші Құлагеріміз де Батыраш, Қотыраштардың қолына тағы да ілікпес деген сенімдеміз.

Бүгін Ақан, Құлагер туралы қаншама мәлімет алдық.Бүгінгі сабағымды Ілиястың мына сөзімен аяқтасам деймін:

Тұсында пері болсын, сері болсын,

Ұнайды өмірімен Ақан маған...


Оқушылар, осы пікірге бәріміз қосыламыз ғой...
Бағалау.

Үйге тапсырма: «Құлагер – Ақан трагедиясы» - ойтолғау жазу

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет