Жаттығу-тренинг
«Қарагөз» трагедиясының кейіпкерлерін жіктеу немесе кластер бағанын жасау. (Кластер (ағылш. cluster) — белгілі өз сипаттары бар, дербес бірлік деп саналатын, бірнеше біртектес даналарды бір топқа бірлетіруі).
Мұғалім парта үстіне драма кейіпкерлерінің есімдерін араластыра шашып қояды. Оқушылар кейіпкерлер есімін ала отырып, кластер бағанын жасайды, орналастырады.
Үлгі:
«Қарагөз»
Оқушыларды оқу мақсаттарымен хабардар ету.
Мағынаны тану бөлімі
1-тапсырма
Сынып оқушылары жұптық жұмыс жасайды. Сынып оқушыларына тапсырмалар жазылған парақша таратылады. Әр жұп жетістік критерийін жасап алады. Мұғалім зейін қоя қарау керек, бағыт беруге болады.
Қарагөз бейнесі турасында
• Автор Қарагөздің бейнесін сомдауда қандай көркемдік тәсілдерді пайдаланғандығын талқылаңыз.
Мөржан әже бейнесі турасында
• Пьесада Мөржан әжені қандай тәсілдер арқылы суреттей алған және оның бейнесінің әсері қандай?
3. Нарша бейнесі турасында
• Нарша бейнесінің сонылығы, жаңа сипаты жайында талқылаңыз.
4. Сырым бейнесі турасында
• Драмадағы Сырымның бейнесі кесірлі кер заманның қайғы-қасірет қазасынан туған ызалы, шабытты ақын екендігін драма тілі арқылы дәлелдеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |