Пәні:Дүниетану
Сабақ тақырыбы: Малшаруашылығы.
Сабақтың мақсаты:
1. Үй жануарларын бағу ж/е өсіру ерекшеліктерімен танысу, өлкеміздегі мал шаруашылығы
дамуы туралы білім беру.
2Малшарушлығының адам өміріндегі маңыздылғын ұғындыру,малшаруашылығы мамандарының еңбегін бағалай білуге үйрету,білімдерін жинақтауға, талдай білуге дағдыландыру.
3Малды жақсы көруге,малшаруашылығы өнімдеріне ұқыпты қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Малдардың суреттері, бүктемелер, «Сиқырлы қорапша», асықтар, қима әріптер, үй жануарларының тәждері.
Сабақта қолданылған әдістер: Топтастыру, бес жолды өлең.
Пән аралық байланыс: қазақ тілі. әдебиет, бейнелеу.
Сабақ барысы: 1 Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық.
Психологиялық дайындық.
Табиғат - біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Табиғатты қорғайтын,
Біз әдепті баламыз.
Жер байлығы көп екен,
Меңгеруді қалайды.
Осының бәрін меңгертер,
Дүниетану сабағы.
І бөлім
1.«Суреттерді құрастыр» суреттердің қиындылары арқылы топқа бөліну.
Үй жұмысын топқа бөліп сурет арқылы сұраймын.
Жануарлар,өсімдіктер екі топқа бөлемін.Өсімдіктер тобына шөпқоректілер туралы айтуға,ал жануарлар тобына талғаусыз қоректілер туралы айтуға тапсырма беріледі. Екі топқа бірдей тапсырма беріледі. Жыртқыштар түсінігін айту.
2. Тақырыпқа кіріспе: Атауларын жазыңдар.
Құс өсіру - құс шаруашылығы.
Ара өсіру - омарташылық.
Балық өсіру - балық шаруашылығы.
Мал өсіру - мал шаруашылығы.
3. Жаңа сабақ
"Артығын тап " дидактикалық ойыны. Оқушыларға 4 қалта таратып беремін.
Қоян,сиыр , түлкі,қасқыр (Сиыр)
Қарлығаш, қарға,қой, бұлбұл. (Қой)
Қызғалдақ, түйе, раушан. (Түйе)
Алма, өрік, алмұрт, жылқы (Жылқы)
-Неге бұл сөздерді артық деп ойлайсыңдар?
-Бұларды бір сөзбен қалай атауға болады? (Мал)
-Ондай болса бүгін біз малшаруашылығы туралы оқып білеміз.
"Топ болып " стратегиясы.
Мәтінді жұптаса отырып оқу және өзара талқылау.
Керек жерлерін түртіп алу.
Сұрақтарға жауап беру.
Суретпен жұмыс.
4. «Адасқан әріптерден сөз шығару» ойыны.
Төлдер: ------------------- Құлыншақ -------------- Ботақан ------------- Бұзауқан ------------- Қошақан
Пірі: ------------------------Қамбар ата ----------- Ойсыл қара --------- Зеңгі баба ---------- Шопан ата
Қалай шақырады: ------Құру - құру ------------- Көс - көс --------- Әукім - әукім -------- Пұшайт - пұшайт
5. Ғажайып қапшық» тапсырмаларды орындау арқылы оқулықтағы жаңа мәтінмен жұмыс.
1 асық - төрт түлік мал туралы қандай өлең немесе ән білесіңдер?
2 асық - мақал - мәтел айту.
3 асық - малдың пайдасын айту.
4 асық - жалңылпаштар айту.
1. Сұрақ қою: Жылқының қандай түрлері бар? Жылқы шаруашылығы: Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Ақмола, СҚО - да дамыған
2.Сиыр - Ірі қара мал. Қазақстанның барлық жерінде дамыға
3.Түйе батыс аудандарында жақсы дамыған. Қазақстанның Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау, Алматы облыстарында өсіріледі.
6. Топтық жұмыс: «Мен жарнамашымын» Мал өнімдерін жарнамалау.
1. «Жануарлар» – тобы. Жылқы – өнімін жарнамалау.
Қазы, қарта, жал, жая,
Сүрет, шұжық балдай, ә?!
Қақтыратын таңдайды
Бал қымызы қандайды!
Түйе – өнімін жарнамалау.
Маң - маң басқан, маң басқан,
Шудаларын шаң басқан,
Шөл даланың кемесі
Төрт түліктің төресі
Дертке дауа болатын
Шұбаты бар киелі.
2. «Өсімдіктер» – тобы. Қой – өнімдерін жарнамалау.
Мал өсірсең – қой өсір
Өнімі оның көл көсір,
Кисең киім, ішсең ас,
Іздесең мұндай табылмас.
Ірі қара өнімдерін жарнамалау.
Ыстық - ыстық сүт ішсең,
Дәмі кетпес таңдайдан
Бой жадырап кенеттен
Буы шығар маңдайдан
Малды бақсаң, сиыр бақ
Сүт кетпейді шарадан.
7.Пікірталас (оқушылар)
1. малды не үшін өсіреді?
2. Өнеркәсіп пен малшаруашылығы арасында қандай байланыс бар?
3. Малшаруашылығындағы мал саны азайып кетсе, онда еліміздің эканомикасы қандай өзгерістерге ұшырайды?
"Еркін жазу "стратегиясы. Оқушылар малшаруашылығы туралы қысқаша әңгіме құрастырады.
Топпен талқылау.
1. Мал бізге не береді?
2. Онда кімдер жұмыс істейді?
3. Малды қалай күтіп - бағады?
8. Қорытынды.
Бүгін біз топ болып жұмыс жүргіздік
Мұндай жұмыс түрі бізге қалай көмектеседі?
Малшаруашылығы деген не?
Қазақстанда қандай мал өсіріледі?
Өз жеріңде қандай мал өсіріледі?
Бағалау.
9. Үйге тапсырма: Оқулықтағы мәтінді оқу.
Пойма бастауыш мектебі
Ашық сабақ
(Дүниетану)
Тақырыбы: «Малшаруашылығы.»
Өткізген: Кодасова А.Ш.
2Асынып
2016-2017 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |