Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы
«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» ҚКМК
Шеберлік сабағы
Сабақ тақырыбы: Мамандық-жетістік мерейі
Пән: Өзін-өзі тану
Топ: 38
Мерзімі: 13.03.2018 ж. 10.10-10.50
Оқу кабинеті: 309
Оқытушы: Нурланова А.К.
Семей, 2018
Құрастырған
Пән оқытушысы Нурланова А.К.
«Келісілді»
ПӘК төрағасы Н. Ж. Архыматаева
« » 2018 ж.
«Келісілді»
Директордың ғылыми -әдістемелік істер жөніндегі орынбасары
Боленбаева А. К.
« » 2018 ж.
«Бекітемін» .
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Тоқтарбек М. Ш.
« » 2018 ж.
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Күні:13.03.2018ж.
Пәні:Өзін-өзі тану
Мамандығы: 0111000 «Негізгі орта білім»
Тобы: 38
Оқытушы: Нурланова А.К.
Тақырыбы: Мамандық-жетістік мерейі
Құндылық: қиянат жасамау
Қасиеттер: жауапкершілік, сыйластық, таңдаған мамандығын жақсы көру.
Мақсаты: мамандықты таңдау үшін адам өзін, өз бейімділігін қиянат жасамау құндылығы негізінде тану қажеттігін ұғындыру.
Міндеттері:
Білімділігі: студенттердің өз еркімен қалап келген мамандықтары арқылы болашақта қоғамға өз пайдасын тигізе алатындығы туралы түсінік қалыптастыру;
Дамытушылығы:елге адал қызмет ету арқылы нағыз маман болу үшін бойына барлық жақсылықтарды кіріктіре білу қасиетін дамыту;
Тәрбиелілігі:өз мамандықтарына деген махаббатты, адамдардың алдында қызмет ете білуге,жауапкершілікке тәрбиелеу;
Типі: жаңа білімді меңгеру
Түрі: біріккен сабақ. Шығармашылық студия
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану, әңгімелеу, шығармашылық жұмыс, топпен ән шырқау
Оқыту нәтижесі: Студент өзін-өзі басқара алады..
Бір-бірімен пікір алмасады, топта жұмыс жасайды, сыни ойлай алады, өз ойларын ашып айта білуге дағдыланады. Тақырып төңірегінде зерттеу жұмысын жүргізе алады.
Табыс критерийлері:
Барлық оқушылар:
- Дәйексөздің мағынасын ашып талдай алады.
- «Мамандық» құндылығы ұғымына қатысты берілген глоссарилерді біледі;
Оқушылардың басым көпшілігі:
- Қоғамға қажетті мамандықтарға талдау жасай алады;
- Ситуациялық жағдайдан шыға алады.
Кейбір оқушылар:
Түрлі сезімдерін қағаз бетіне түсіре алады.
Барысы
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
1.Ішкі оңтайлы күйге келтіру
5 мин
|
Амандасу.
Кезекші мәліметімен танысу, журналға белгі соғу. Кезекті сабағымызды бастамас бұрын сіздерге «сиқырлы қобдишаны» ұсынамын. Әрқайсысын оның ішін ашқанда өмірдегі ең жақсы, ең мейірімді, ең жауапты адамды көресіздер. Таныстығымыз аяқталса өздеріңізге қол соғып қойыңыздар, бүгінгі «Мұғалім мәртебесі» студия сабағында сіздермен қайта көріскеніме қуаныштымын.
|
Шеңбер бойымен отырған студенттер музыка әуенінің ырғағы арқылы оқытушының сөзін тыңдайды. Топтағы қатысушылардың әрқайсысы қобдишаны ашып,айнадан өз бейнесін көреді.
|
Көңіл – күй арқылы бір –бірінің ой-пікірін бағалайды
|
Интерактивті тақта, үнтаспа
|
2. Үй тапсырмасын тексеру
3 мин
|
«Мамандықты сүю керек, себебі...» ойды аяқтау
|
Жекелей сұрау әдісі бойынша үй тапсырмасын бір сөйлеммен қорытындылап шығады.
|
|
Интерактивті тақта
Презентация
|
2. Дәйексөз
5 мин
|
«Ісім оңсын десеңіз, сол істің маманы болыңыз. Даңқым шықсын десеңіз, көпшіліктің адамы болыңыз» Әл-Фараби
Бүгінгі сабағымыздың құндылығы қиянат жасамау. Қиянат жасамау деген не?
Жауап: Қиянат жасамау дегеніміз-ешкімге зиян келтірмеу. Соның ішінде ең маңыздысы өз-өзіңе қиянат жасамау! Өзіңе қиянат жасамау дегеніміз-сезім мүшелеріне қиянат жасамау.
Тілге қиянат жасамау-өтірік айтпау;
Құлақтарға қиянат жасамау-жаман әңгіме,өсек тыңдамау;
Көздерге қиянат жасамау-барлық нәрселерден тек жақсылықтар көру;
Мұрынға қиянат жасамау-жағымсыз иісті жұтпау;
Тәнге қиянат жасамау-жаман қылық танытпау;
Келеңсіз ойламау-ғаламға қиянат жасамау;
Ал егер адам өзі сүймейтін мамандық бойынша жұмыс істесе, өз-өзіне қиянат жасаған болып табыла ма? Әрине, себебі ол өзінің жанының қалауын тұншықтырып, өзінің ішкі «менің» жоғалтып алуы әбден мүмкін.
|
Фронтальді сұрау әдісі бойынша талықлау жұмысы
|
|
Видеоролик «Жанұяңа уақыт бөл»
|
3.Жаңа сабақ.
15 мин
|
Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Мамандық таңдау - өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы - адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді. Сіздерге бүгінгі мамандықты таңдауға не себеп болды? Қандай суретшілердің есімін немесе қызықты картиналарды атай аласыздар?
|
Топқа жаңа тақырып түсіндіріліп, кері байланыс әдісі жүргізіледі. Қорытындылыай келе қызықты дерек айдарында Әбілхан Қастеевтің картиналарынан видеобағдарлама көрсетіледі.
|
|
Бейнеролик
Әбілхан Қастеевтің еңбектері
|
Шығармашылық жұмыс
«Педагогикалық сурет
|
Бұл бейнебаян сіздерге қандай да бір әсер берді ме? Немесе шабыт берді ме? Оны біз сіздермен сурет салу арқылы анықтап көрейік. Қиялға ерік бере отырып, сурет салуды бастасаңыздар. Әр студент сабақ барысында алған жаңа білімін және оқып жатқан мамандығы бойынша не меңгергендігін қағаз бетіне сурет арқылы салады.
|
Баяу әуен әсерімен мольбертке сурет салады
|
|
Интерактивті тақта
|
Сабақты бекіту
|
Ұстаз... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын,
ешнәрсені ұмытпайтын... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі..., мейлінше шешен, өнер - білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар - намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ..., жұрттың бәріне... жақсылық пен ізгілік көрсетіп... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.
|
Экранда кірпіштен құралған қабырғаның бейнесі, әр кірпіште құндылықтар жазылған.
|
|
Интерактивті тақта
|
Рефлексия
«Топтық кері байланыс»әдісі
|
Екі сабақтың панорамасын көрсету.
- Осы сабақтарға кері байланысты қалай ұйымдастырар едіңіздер. Топтар ақылдасып осы сабаққа кері байланысты қалай жасайтыны жайлы пікірлеседі. Оны топ алдында қорғайды.
- Топтық кері байланыс қай кезде тиімді екенін айтыңыздар?
Топтық кері байланыс сұрақтары:
1. Жұмыс барысында топтағы қарым - қатынас тапсырманың орындалуына қалай әсер етті?
- жұмыстың тиімділігін одан әрі арттыруға көмектесті ма?
- жұмыстың жақсы жүруіне кедергі болды ма?
- біздің қарым - қатынасымыз тапсырманы нақты орындауға мүмкіндік бермеді, топтағы қарым - қатынасымыз тапсырма орындаған сайын нашарлап кетті,себебі...
|
Топтардың өзара ақылдасу арқылы сабаққа өз көзқарастарын білдіреді
|
|
Баяу әуен
|
Бағалау
|
«Ең алғашқы салған суретім және қазір салған суретім» салыстыру арқылы өз жұмысына баға береді.
|
Сабақтағы көңіл-күйді анықтайды.
|
Формативті бағалау
|
Деңгейлі жұмыстардың нәтижесі
|
Үйге тапсырма
|
«Бүгініме ризамын» ой-толғау жазу
|
Берілген тапсырмаларды ресурстарды қолдана отырып орындайды.
|
Ресурстарды пайдалану
|
Топпен ән айту
|
«Армандастар»
|
Топпен ән орындайды
|
Аудио-караоке
|
Достарыңызбен бөлісу: |