Сабақ тақырыбы Ма,ме,ба,бе,па,пе шылаулары Сабақ мақсаты



Дата04.10.2020
өлшемі31,95 Kb.
#63994
түріСабақ

Сыныбы

4-сынып

Пәні

Қазақ тілі

Сабақ тақырыбы

Ма,ме,ба,бе,па,пе шылаулары

Сабақ мақсаты

Ма,ме,ба,бе,па,пе шылауларының өздері қатысты сөзге сұраулық мағына үстейтіндігі туралы түсінік беру,жазылу емлесін меңгерту.

Күтілетін нәтиже

Ма,ме,ба,бе,па,пе шылауларының өздері қатысты сөзге сұраулық мағына үстейтіндігі туралы түсінеді,жазылу емлесін меңгереді.

Әдіс-тәсілдер

Топтастыру,ойқозғау,топпен жұмыс,жеке жұмыс,жұптық жұмыс.

Құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер

Интербелсенді тақта,слайдтар,суреттер.

Барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе бөлім

Психологиялық дайындық

-Бүгінгі сабақты ерекше «ия,жоқ» бағасы бойынша сіздердің сабаққа ынталарыңызды байқағым келеді.

-Сіздер ізденгішсіздер ме?

-Сіздер жалқаусыздар ма?

-Сіздер ойшылсыздар ма?

-Сіздер тапқырсыздар ма?

-Сіздер алғырсыздар ма?

-Сіздер әдептісіздер ме?

-Ендеше менің ізденгіш, ойшыл, тапқыр, алғыр, әдепті, ұйымшыл достарым қазақ тілі сабағын бастаймыз.


Оқушылар сұрақтарға «ия» немесе «жоқ» деп жауап берп отырады.

Ойшыл, тапқыр, алғыр,әдепті тобына бөлінеді.



Тұсаукесер

«Шылау» ұғымын топтастыру

сұраққа жауап жеке тұрып сөйлем

бермейді мүшесі болмайды


өз алдына ш сөзден

толық ы бөлек

мағынасы жоқ л жазылады

а

сөз бен сөзді у бірыңғай

байланыстырады сөздермен

қайталанып

өзі тіркескен келсе үтір

сөзге күшейту қойылады

анықтау мағыналарын

үстейді


Негізгі бөлім

Ой қозғау.Жаңа сабаққа дайындық «Жасырынған сөздер» ойынын ойнату.

1.Құс қанатсыз бола ...? (ма)

2.Сен ертең келесің ...? (бе)

3.Жазда Астанаға барасың ...?(ба)

4.Ол өз орнына отырып ...? (па)

-Қалай ойлайсыздар бұл сөздер сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр?



Оқушылар көп нүкте орнына тиісті сөздерді қойып айтады.
-Бұл сөйлемдегі ма, па, ба,бе шылаулар.Олар сұраулық мағынада қолданылып тұр.

Жаңа сабақ

1-тапсырма. Топтық жұмыс. Жұмбақты оқып шешуін тап. Шылауларды тауып,қандай мағынада жұмсалып тұрғанын байқа.

Өңім бе,бұл түсім бе,

Адамы көп ішінде.

Бір ғажайып жәшік тұр,

Барлық сырды шашып тұр.

2-тапсырма.Жеке жұмыс.20-ж Сөйлемдерді көшіріп жазу. Шылауларды тауып,қандай мағынада жұмсалып тұрғанын түсіндіру.

3-тапсырма.1,2-топтар 21-жаттығу. Жаңылтпашты оқып, жатқа айту.Шылауларды табу.

3,4-топтар 23-жаттығу. Бағанның екі жағындағы сөздерді салыстыру. Айырмашылығын түсіндіру.



Оқушылар шешуін тауып, шылаулардың өзіне қатысты сөздерге сұраулық мағына беріп тұрғанын айтады. Ереже тұжырымдайды.

Жаттығуды жазып,шылауларды сызып,қандай мағынада жұмсалғанын түсіндіреді.



Сергіту сәті

«Қимылмен түсіндір» ойынын ойнату.

Ортаға бір оқушы шығып,оған сурет беріледі, суретті өзі көрмей төбесіне ұстап тұрады.Басқа балалар оны қимылмен түсіндіргенде не екенін табу керек.

Рефлексия

4-тапсырма.Ребусты шешу. Шешуіндегі сөзге ішінде шылауы бар әңгіме құрау.

Ребус шешуі достық сөзі екенін тауып,әңгіме құрайды.

Үйге тапсырма

22-жаттығу.




Бағалау

Өзін-өзі,жұптық,топтық бағалаулар

Оқушылар өздерін, жұптарын, топтарын бағалайды.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы

Абай атындағы орта мектебінің бастауыш



сынып мұғалімі Жұмаханова А.А.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет