Ұйымдастыру
А) Класс бөлмесінің тазалығын
Ә) Оқушылардың сабаққа қатысым, әзірліктерін тексеру
Үй тапсырмасын тексеру
«Карусель қозғалысы» әдісі. (ішкі және сыртқы шеңбер бойынша айналып, тоқта деген белгі айтылған кезде бір-біріне өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар қояды.)
Бағалау(үш шапалақ)
Суреттер бойынша топқа бөлу.(таразылар түрлері - иінді,серіппелі, электронды таразылар)
Ой қозғау.(өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру)
А қаласынан В қаласына бірдей уақытта жүк машинасы мен жеңіл машина жолға шығады. В қаласына қайсысы тез жетеді? Қозғалысы мен жылдамдықтары туралы сіздің пікіріңіз....
Сұрақ: Осы сурет негізінде қандай қорытынды жасауға болады?
1). Денелердің әрекеттесуі оның жылдамдығының өзгеруіне алып келеді.
2). Денелердің алатын жылдамдықтары олардың массаларына байланысты болады.
3). Әсерлесуге байланысты олардың массалары туралы болжам жасауға болады.
«Бағдар шам» арқылы бағалау (жасыл өте жақсы, қызыл жақсы, сары орташа)
Білу, түсіну
Ой толғау: Жаңа сабақ. Масса ұғымын енгіземіз.
«Графикалық органайзер» әдісі.
Оқулықпен жұмыс жасай отырып, берілген кестені әрбір оқушы жеке толтырып, дәптерлеріне түсіреді.
Ұғым
|
термин
|
анықтамасы
|
Басқа ұғымдармен байланысы
|
Өз ойыңды жаз
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Дене массасы – инерттілігін сипаттайтын шама
ХБЖ массасның бірлігі ретінде 1 кг қабылданған. Массаның эталоны Франциядағы Севр қаласында сақтаулы.
Массаның туынды өлшем бірліктері:
1 г = 0,001 кг
1 т = 1000 кг
1 мг = 0,000001 кг
1 ц = 100 кг
1т=10 ц
Физикадан масса m әрпімен белгіленеді
Көрсетілім: Әр түрлі жүктер тиелген арбашалардың өзара әрекеттесуі.
Көрсетілім бойынша қорытынды:
* Денелердің әрекеттесуі оның жылдамдығының өзгеруіне алып келеді.
* Денелердің алатын жылдамдықтары олардың массаларына байланысты болады
* Егер әрекеттесу нәтижесінде денелер жылдамдықтары бірдей шамаға өзгерген болса, ол денелердің массасы бірдей.
*Бірінші дененің массасы екінші дененің массасынан қанша есе көп болса, оның жылдамдығы сонша есе аз болады.
m1/m2 = ʋ2/ʋ1
Қолдану
Массаны қалай өлшейміз?
Тәжірибе: әр топқа тапсырмалар беріледі. Әр түрлі денелер(ағаш білеуше,темір білеуше, кітап, өшіргіш, түйме) мен өлшеуіш құралдар таратылады.
Тапсырма: берілген денелердің массасын анықтаңыздар және массаларын өсу ретімен орналастыр.
1-топ. Иінді таразыны қолдана отырып, ________________________________________________________________________________________
2-топ. Электронды таразымен қандай денелердің массасын анықтау жеңіл болады? ____________________________________________
3-топ. Серіппелі таразыны қолданып, ____________________________________________
Сұрақ: қандай таразымен өлшеу дәлірек болады?
Қорытынды: дененің массасын анықтау үшін оны белгілі массамен салыстыру керектігіне көзіміз жетті
Өлшеу нәтижелерін оқушылар дәптеріне жазады.
Дескриптор
|
Белгі
+ және -
|
-Дене массасын таразыны қолданып өлшей алады
-Массаларды өсу ретімен жаза алады
|
|
Өлшеу бойынша нұсқау ауызша беріледі.
1. Таразыны шкаласын өзіңізге қаратып қойыңыз. Жүгірткіні сол жақ шетіне қарай жылжытыңыз.
2. Таразы табақшаларының тепе теңдігіне көз жеткізіңіз. Қажет болған жағдайда таразының оң жағындағы бұранданы бұрап теңдікке келтіріңіз.
3. Массасы өлшенетін денені абайлап таразының бір табағына, ал гир тастарын екінші табағына салыңыз.
4. Массасы өте аз гир тастарын арнайы қысқыштың көмегімен ұстаңыз.
5. Таразы өлшей алатын шамадан артық жүкті өлшеуге болмайды.
6. Қажет болған жағдайда таразы шкаласындағы жүгірткіні жылжытыңыз.
7. Таразы теңескен кезде дененің массасын қарсы жақтағы гир тастары массасының қосындысына тең болады.
Талдау
Ой қорыту
Деңгейлік тапсырма
Денелердің массасын анықтаңдар
1-деңгей
в) Таразының бір табағында бір кесек қорғасын, екіншісінде қалайы кесегі бар. Қорғасын кесегі қай табақта?
|