Сабақтың мақсаты:а) білімділік: Оқушыларға сегшізінші ғасырда өмір сүрген түркі халықтарының атақты ақыны, күйші Қорқыт туралы білім беру.
Сабақтың мақсаты:а) білімділік: Оқушыларға сегшізінші ғасырда өмір сүрген түркі халықтарының атақты ақыны, күйші Қорқыт туралы білім беру.
ә)дамытушылық: Оқушылардың тілдеріні дамыту, Қорқыт баба туралы аңыздарды, дерктерді өз бетінше оқып, танысу арқылы зерттеушілік, шығармашылық дағдыларын арттыру.
б)тәрбиелік: Өз елінің тарихына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақ әдісі: ой қозғау, сұрақ-жауап, интербелсенді әдістер т.б.
Сабақ түрі: таным сабағы
Сабақтың көрнекілігі : Қорқыт ата портреті, Қорқыт атаның кесенесі жайлы бейнефильм, интерактивті тақта, буклет, кітаптар,сөзжұмбақ т.б.
Ежелгі дәуір әдебиетінің басты-басты әдеби мұраларын есімізге түсіріп өтейік.
Орхон-Енисей ескерткіштері (VIIғ)”Күлтегін “жыры (Моңғолиядағы Орхон және Енисей өзендерінің бойынан табылған.
Күлтегiнге арналған ескерткiш пирамида тәрiздi. Биiктiгi 3,15 метр, енi 1,24 метр, қалыңдығы 0,41 метр. Ескерткiштiң жоғарғы жағы бес бұрышты, қырларында айдаһардың суреттерi мен қаған таңбалары бейнеленген. Екiншi жағында ескерткiштiң орнатылған күнi – бiрiншi тамыз, 732 жыл деп жазылған.
Ескерткіштің негізгі бетінде 40 жол жазу бар, ол ескерткіштің сол жақ бетіндегі 13 жол жазудың жалғасы. Түркологиялық әдебиеттерде ескерткіштегі 40 жол «Үлкен жазу» /КТБ/, ал 13 жол жазу кіші жазу /КТМ/ деп аталады.
Енисей ескерткіштері Мәлімет қорында Хакасия, Тува, Таулы Алтай, Красноярск, Лена өңірі, Енисей, Абакан, Кемчік, Кем, Оя, Элегест және т.б. өзен бойында, қорғандарда табылған 106 жазба ескерткіштер бар.
Орхон ескерткіші Моңғолияның Бұлғын, Арханғай, Өвөрханғай, Төв аталатын жерлерде табылған ескерткіштерде жазылған мәтіндер, ескерткіштердің суреттері, жаңғыртпалары бар. Барлығы 54 ескерткіш.
Ежелгі дәуір әдебиеті 3 кезеңнен тұрады:
1. ҮІ-ІХ ғ. көне түркі әдебиеті ескерткіштері. Бұған орхон жазба ескерткіштері яғни «Күлтегін», «Білге қаған», «Тоныкөк» туралы құлыптастарға қашап жазылған жырлар, сондай-ақ, «Оғыз-наме» дастаны мен «Қорқыт ата кітабы», Әбу-Насыр Әл-Фарабидің әдебиет саласындағы еңбектері енеді.
2. Х-ХІІ ғ. әдебиет. Бұл қараханид түріктерінің тілінде жазылған әдеби ескерткіштер. Ж.Баласағұнның «Құтты білік», М.Қашғаридің «Түркі тілінің сөздігі», А.Яссауидің «Даналық кітабы», А.Иүгінекидің «Ақиқат сыйы», С.Бақырғанидың «Хакім ата», «Жұбан ана», «Әулие Мария» туындылары Х-ХІІ ғ. өмірге келген әдебиет нұсқалары.
3. ХІІІ-ХІҮ ғ. әдебиеті. Бұл кезең Алтын Орда не Хорезм дәуірі деп аталады. Бұл дәуірдегі туындылар түркі әдеби тілінің шағатай, қыпшақ диалектісі негізінде жазылған. Олар: «Кодекс куманикус», Хорезмидің «Мұхаббат наме», Н.Рабғузидің «Қисса сул Әнбия», Дүрбектің «Жүсіп-Зылиха», С.Сарайдың «Гүлстан бит түрк», Құтыбтың «Хұсрау-Шырын дастандары . Сонымен қатар Х.Дулатидің «Тарихи Рашиди», Қ.Жалайыридың «Жамиғ ат тауарих», З.Бабырдың «Бабыр наме» шығармалары осы кезеңнің үлгілері.
Қобызым
Қарағайдың түбінен қайырып алған қобызым. Үйеңкінің түбінен үйіріп алған, қобызым.
Ақ қайыңның безінен қағып алған, қобызым. Өзегінен кара емен ойып алған, қобызым.
Ақ түйенің сүтімен — сылап алған, қобызым Сырыңды ашып, үніңді сынап алған қобызым.
Қорқыт- ақын, күйші, мәңгілік өмірді іздеуші.
Қорқыт Ата кітабы
«Қорқыт ата кітабының» 2 қолжазба нұсқасы бүгінгі күнге дейін сақталған екен. Оның біріншісі - Дрезден (Германия) қалалық кітапханасының сирек қолжазбалар қорында . Екінші нұсқа - Италиядағы Ватиканның Аристолика кітапханасында. Алғашқы нұсқа
“Өмір барда өлім бар, өзгеру бар, өлмес өмір жоқ, сынбас темір жоқ, бәрі де өледі, өзгереді, ұмыт болады, тек мәңгі-бақи өлмейтін, ұмтылмайтын нәрсе адамның өмірінде істеген игілікті ісінің нәтижесі” дегенді аңғартады.