Сабақ Тақырыбы: Механизмнің пайдалы әрекет коэффициенті (7-сынып)


ІV. Жаңа тақырыпты меңгерту тапсырмалары



бет2/2
Дата04.05.2017
өлшемі184,06 Kb.
#15593
түріСабақ
1   2

ІV. Жаңа тақырыпты меңгерту тапсырмалары.

« Физикалық эстафета »

1-кезең: «Деңгейлік есептер»

2-кезең: «Капитандар» сайысы

3-кезең: «Сырлы сауалдар»

4-кезең: «Кім жүйрік» ойыны

1-кезең: «Деңгейлік есептер»

А – деңгей

  1. Толық жұмыс 360 кДж, ал пайдалы жұмыс 285 кДж тең. ПӘК-ті есепте?

  2. 9 м/с жылдамдықпен қозғалатын 6 кг дененің кинетикалық энергиясынеге тең?

Б – деңгей

  1. Ұзындығы 4,5 м, биіктігі 1,5 м көлбеу тақтайшамен массасы 30 кг жәшік тартылып алынған. Жәшіктің тақтайшаға үйкелу күші 20 Н. Пайдалы және толық жұмысты, тақтайшаның ПӘК-ін есепте?

  2. Массасы 0,5 кг 12 м/с жылдамдықпен тік жоғары лақтырылған доп 8 м/с жылдамдықпен бастапқы лақтыру нүктесіне қайта оралды. Ауаның кедергі күшінің жұмысын есептеңіз

С – деңгей

  1. ПӘК-і 75% болатын иінтіректің көмегімен массасы 150 кг жүкті 50 см биіктікке көтерді. Егер рычагтың ұзын иініне 500 Н күш әсер ететін болса, онда ол қандай қашықтыққа түсер еді?

2-кезең: «Капитандар» сайысы

1 - топ капитаны шамалардың атын жазып шығады, 2 - топ капитаны формуласын жазады.



Физикалық шамалар

Аты

Формуласы

p

қысым

P = F / S

F

күш

F = p∙S

S

аудан

S = F / p

W

механикалық энергия

W= Ek + Ep

Ek

кинетикалық энергия

Ek=mυ2/2

Ep

потенциалдық энергия

Ep=mgh

N

қуат

N = A / t

A

жұмыс

A=FS


3-кезең: «Сырлы сауалдар» сайысы

1-топ. 1.  Неге өзен суына қарағанда ,теңіз суында жүзген жеңілірек?

Жауабы: теңіз суы тұзды , тұзы неғұрлым көп болған сайын тығызырақ келеді. Архимед күші көбірек болады.

2. Ит суға батып баражатқан адамды оңай тартады, бірақ жағада оны орнынан қозғата алмай ды. Неге?



Жауабы: Өйткені суда кері итеру күш әсер етеді

2-топ. 1. Сүңгуір үйрек суда жақсы сүңгиді. Судың тарапынан әсер ететін ығыстырушы күшті ол қалай азайтады?

Жауабы: Сүңгуір үйрек өзінің көлемін азайтуға тырысады, яғни қанаттарын денесіне қысып алады.

2. Арқаңмен жүзгенде суда өзіңді жеңіл ұстайсың. Неге?



Жауабы: Арқаңмен жүзген жеңіл, өйткені арқаның көп бөлігі суға батады да кері итеруші күшті көбейтеді.

4-кезең: «Кім жүйрік» ойыны

30

40

50

30

40

50

30

40

50

Сұрақтары:



Жоғарғы 30: Атмосфералық қысымның бірлігі ?

Жауап: мм сын. бағ.

Ортадағы 30: Энергияның сақталу заңының өрнегі қандай?

Жауап: W= Ek + Ep = const

Төмендегі 30: Жай механизмдер дегеніміз не?

Жауап: Күшті түрлендіріп, қозғалыс бағытын өзгерту үшін қолданатын құралдар

Жоғарғы 40: Архимед күші қандай физикалық шамаларға тәуелді?

Жауап: дененің көлемі мен сұйықтың тығыздығына

Ортадағы 40: Күш моментінің формуласы қандай?

Жауап: M=F*d

Төмендегі 40: Блок дегеніміз не?

Жауап: өз осінің төңірегінен айнала алатын, шетінде науасы бар доңғалақ тегершік

Жоғарғы 50: Қатаңдығы 104 Н/м серіппе 4 см-ге сығылғанда оның потенциалдық энергиясы қанша болады?

Жауап: 8 Дж

Ортадағы 50: Көтергіш кран 5 т жүкті 16 м биіктікке көтерді. Егер кран двигателінің қуаты 10 кВт және ПӘК-і 80% болса, жүкті көтеру үшін кеткен уақытты табыңыз?

Жауап: 100 с

Төмендегі 50: Жылдамдығы 40 м/с және тарту күші 1,5 кН автомобильдің қуаты неге тең?

Жауап: 45 кВт

V. Бағалау.



Бағалау парағы.




Топтың аты


Үй жұмысын тексеру

« Физикалық эстафета »


Қоры-тынды баға

«Деңгейлік есептер»

«Капитан-дар» сайысы

«Сырлы сауалдар»

«Кім жүйрік» ойыны

1

Жұмыс



















2

Энергия




















VI. Үйге тапсырма. § 60 қайталау

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет