Сабақ тақырыбы: «Мен атамның жалғасымын»



Дата03.05.2017
өлшемі27,71 Kb.
#15406
түріСабақ
Атырау облысы Атырау қаласы №18 Н.К.Крупская атындағы орта мектеп

5 «б» сынып жетекшісі Клара Тлеулина



Ашық сабақ тақырыбы: « Мен атамның жалғасымын»

Ашық сабақ мақсаты: Үлкенді құрметтеп,сыйлауға.Ата дәстүрімізді сақтауға.Өз аталарының ісін үлкенге өнеге,кішіге үлгі ете білуге тәрбиелеу.

Ашық сабақ түрі: Ардагерлерлермен кездесу.

Ашық сабақ әдісі:

Сұрақ жауап,пікірлесу,шығармашылық тапсырмалар.

Ашық сабақ барысы:

  • Кіріспе кезеңі:

а) “Мен атамның жалғасымын” тақырыбында оқушылардың ойларын тыңдау.

I жүргізуші- Айгерим. Біздің халқымыз ежелден адамгершілікті, инабаттылықты сыйластық пен сыпайылық қасиеттерді өз бойына сіңіре білген, дуалы, салиқалы санаты от ауызды, орақ тілді дана қарттарымызды әрқашан құрметтей білетін дана халық .Құрметті ата - әжелер қазіргі айтылар әнде, би де тек сіздерге арналады.

Би:ортада Ақеркенің орындауында «маусымжан»

II жүргізуші –Бекарыс. «Үйіңде қартың болса, Жазулы тұрған хатпен тең Үй артында төбе болса Ерттеулі тұрған атпен тең»

I жүргізуші- Айгерим

«Қой асығы демеңдер

Қолыңа жақса сақа қой

Жасы кіші демеңдер

Ақылы асса дана ғой.

II жүргізуші –Бекарыс. «Жаңбыр жаумаса жер жетім Қарттары болмаса ел жетім Ұқпаса айытқан сөз жетім. Білмесе данасы мен кәрі жетім»

I - II жүргізушілер бірге:

Аман бол - асыл қарттарым

Азаймасын айтпағың

Қош келдіңіз ортаға

Сәлем бердік баршаға



ә) Аталар сөзі,ақылдың көзі: Аталы сөздер айту. Сәулелі сөз сөне ме, Орны бөлек батаның. Бізге тәлім өнеге, Ақ тілеуі атаның. Ата бабаң ардақты, Жамандыққа бармапты. Ардай тұтып үлкенді, Ата жолын жалғапты. Өз бетінше жұмыс: Қай бидің сөзі екенін тап. Алтын ұяң Отан қымбат, Құт берекең атаң қымбат. Кіндік кескен жерің қымбат, Ұят пенен ар қымбат.(Қазыбек би)

Баз бала әкесінен өтіп туады, Баз бала әкеісіне жетіп туады. Баз бала кері кетіп туады (Төле би)

Аң халқыңа пайдаң тисін Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін, Батыр болсаң жауыңа найзаң тисін. (Әитеке би)

Шығармашыдық жұмыс: Тақтадағы өлеңді оқып,жатқа жазу.

Иә,туған соң адам боп,

Білімсізден жаман жоқ.

Ата сөзін білмесең,

Жұрт айтады надан деп.

Негізгі бөлім:


а)ардагерлер кеңесінің төрағасымен пікірлесу. ә)«Ардагер атамыздың бір күні» атты сюжет көрсету.

б)Оқушылардың сұрақтар беру арқылы пікірлесуі.

  • Қорытынды кезең:

Үлкенге құрмет, Кішіге міндет” мақалын пайдалана отырып тілектерін,өз ойларын айтуға ата аналарға, қонақтарға,оқушыларға сөз беру.


Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет