1-тапсырма
Жұптық сараланған жұмыс. «Сұхбат» әдісі
«Қонаққа шақыру» айдары.Оқушылар жұпта өз үйлеріне бір-бірін қонаққа шақыру үшін мекенжайларын, көшесіндегі ерекше ғимараттарды сипаттап айтып, қай жерде тұратынын түсіндіреді.
Оқушының әңгімесі:
-Мен сені қонаққа шақырамын. Мен Шымкент қаласында тұрамын. Менің үйім Ж.Нұрлыбаев көшесінде. Бұл көшенің басында «Фиркан» сауда орталығы бар. Біздің үйдің жанында шағын дүкен бар.Мен 18 үйдің 5-пәтерінде тұрамын, - деп жауап беруі ықтимал.
Қолдауды қажет ететін оқушылар өз мекенжайын ауызша айтса, қабілетті оқушылар өз мекенжайын ғаламтор желісінен анықтап, оныпараққа сызып көрсетеді.
Бір-біріне қоятын ықтимал сұрақтар:
-Сен тұратын көше қалай аталады?
-Үйдің мекенжайы деген не? Үйдің мекенжайына нелер кіреді?
-Сенің көшеңде қандай ғимараттар бар?
Бағалау критерииі
|
Дескриптор
|
Өз мекенжайын атау және елді мекенінің географиялық орналасқан жерін сипаттау.
|
Бірін-бірі қонаққа шақырады.
|
Өз мекенжайларын, көшесіндегі ерекше ғимараттарды сипаттап айтып, қай жерде тұратынын параққа сызып түсіндіреді, ғаламтор арқылы қаланың картасынан көрсетеді.
|
Бірін-бірі бағалау:Жұптар бірін-бірі, қол қысу арқылы бағалайды.
Сергіту сәті
Музыка «Қыдырып қайтайық»
-Әннің өлең жолында өз қаламыз туралы айтылды ма?
Топтық жұмыс: 2-тапсырма
«РАФТ» әдісі бойынша шағын әңгіме, сахналық қойылым немесе жарнама құрап айтады.
Бірлескен жұмыста әр топқа сурет беріледі.
1-топ: Өзі тұратын елді мекеннің басты көшесі туралы әңгіме құрайды.
2-топ Өзі тұратын елді мекеннің ғимараттары жайлы сахналық қойылым қояды.
3-топ Өзі тұратын елді мекеннің көрнекі жерлерін жарнамалайды.
Бағалау критерийі
|
Дескриптор
|
Өзі тұратын елді мекеннің басты көшесін, ғимараттарын және көрнекі жерлерін әңгімелеу, сахналау, жарнамалау.
|
Өзі тұратын елді мекеннің басты көшесі туралы әңгімелейді.
|
Өзі тұратын елді мекеннің басты ғимараттары туралы сахналайды.
|
Өзі тұратын елді мекеннің көрнекі жерлерін жарнамалайды.
|
Топтар бірін-бірі «басбармақ» бойынша бағалайды:
Достарыңызбен бөлісу: |